Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сәлемет пе, шырағым, — деді де Баукең өз кабинетіне қарай кетті. Қызбен бетпе-бет дәлізде жалғыз мен қалдым. Бас-аяғына қарасам, кісі жаманшылыққа қиятын бала емес. Мен оны бөлмеге алып кірдім.

— Отыр, қалқам. Кімсің?

— Жақсыгүлмін.

— Саған кім керек еді?

— Бауыржан керек еді, апай.

— Бауыржанды көріп пе едің өзің, білесің бе?

— Білемін, көргенім.

«Ә, қулар, бұлар бірін-бірі біледі екен ғой. Бұрын көріскен, кездескен екен ғой. Түк білмейтін, сезбейтін сияқтанып, мүләйімсіп кіріп кеткенін қарашы» деп ойлап тағы да өне бойым безгектей қалтырап кетті. Неше түрлі ой келді басыма. Дегенмен өзімді өзім ұстап:

— Қайдан келіп едің? Қайда оқисың? — дедім.

— Ешқайда оқымаймын, апай. Былтыр ауылдан оқуға келіп, институтқа түсе алмадым да, қазір сатушы боп жұмыс істеп жүрмін.

— Ал, Бауыржан керек болса, бар, жаңағы шал Бауыржаның. Бұрын кездессеңдер, танып тұрған шығарсың, — дедім даусым дірілдеп.

Қыздың көзі бақырайып кетті.

— Ол... емес, апай, — деді дыбысы әрең шығып.

— Алғашында аңғармай қалған шығарсын. Қараңғыда кездесіп пе едіңдер? — дедім сонда да сенбей.

Жоқ, сонша қараңғы емес болатын... Ол жасырақ болатын... Екеуіміз танысқаннан кейін, менің ауылдан келгенімді білід де, өзін Бауыржан Момышұлымын деп айтты. Менің бұрын Бауыржан туралы естігенім болатын. Сол кісі осы екен ғой деп ойладым... Ол менімен ажырасарда: әдірісім телефон справочнигінде бар, «М» әрпінен қарасаң табасың деді. Үйде аға-жеңгем бар. Өзім болмасам, телефонды сол екеуінің біреуі алады деді де кетіп қалды.

— Қай жерде кездесіп едіңдер?

— Максим Горький паркінде...

— Бойы қандай еді?

— Ол кісі сұңғақ бойлы, арықша келген қара сұр жігіт болатын.

— Басқа қандай белгілерін білесің?

— Ешқандай белгісін білмеймін, апай. Екі көзі жылтырап тұратын сияқты еді. «Қалқам, айналайын» деп кісінің асты үстіне түсіп өліп кете жаздайды екен. Парктің аузында таныса сала:

— Жүр, қалқам, ресторанға кіріп сусын ішіп шығайық, айналайын, — деді... «Айналайын» деген сөзді ылғи созып айтады. Мен содан бері осы үйге күнде телефон соғып жүрмін.

Қыз қызарып, бұл сөздерді жыларман болып айтты. Қыздың алданғанын біліп, енді оған жаным аши бастады.

— Қарағым-ау, өзің ойламайсың ба: соғыстағы жас Бауыржан осы күнге дейін жас қалыбында жүр дейсің бе? Бауыржан бұл күнде сенің әкең құралпы кісі болған. Жаңағы өзіңе есік ашқан нағыз Бауыржанның өзі. Көремін десең жүр, ертіп апарайын, — дедім.

— Жоқ, апай. Менің енді ол кісіні көрер бетім жоқ. Менің кетуіме рұқсат етіңіз, — деп қыз орнынан тұрды.

Мен есікті ашып, қызды қоя бердім.

— Әй, қатын, ол кім екен? — деді Баукен дауыстап.

— Жақсыгүл.

— Жақсыгүл ме! Жаңа барамын деп әдірісті сұрап алып еді, не шаруасы бар екен?

Мен Жақсыгүлдің жайын айттым. Мынау шала бүлінді де қалды. Неге қазақтың жас жігіттері ауылдан келген қыздарды алдайды? Ұят, ар, намыс қайда? — деп маған зірік-зірік етеді.

— Оны жігіттерден сұра, маған несіне күжілдейсің? — дедім.

— Жігіттің аты-жөнін біле ме екен өзі?

— Бауыржан деп тұр ғой.

Бұл маған ала көзімен қарады да, ештеңе демеді.

— Түрі-түсін біле ме екен өзі?

— Ұзын бойлы дейді, — дедім де ар жағын айтпай қоя қойдым. Қыздың айтқан белгілерімен Баукең бет алды біреулерге тиісіп, ұят болып жүрер деп ойладым. — Байтақ қалада бетіне қарап кімді танушы едің?

Бұл сөзге Баукең бөгеліп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий