Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Баяғы бауыр. Бұл менің екеуіңнің көңіліңді сұрағаным, — деді Ахметов әңгімені өзге тақырыпқа аударып. — Ал енді екеуіңді де құттықтаймын.

— Не үшін, тағы да ауырып жатқанымыз үшін бе?

— Жоқ, — деді Ахметов алдымен Бауыржанның қолын алды. — «Жұлдыз» журналындағы «Ақиқат пен аңыз» үшін, алмас қылышты ешқашанда тот баспайтыны үшін, Бауке.

— Онда мынаны құттықта, — деді Бауыржан мені иегімен нұсқап.

Ахметов енді менің қолымды алды.

— Қызықтығы, бастасаң бас алдырмайтыны сондай, бір атым насыбайдай бір-ақ қақтым. Рахмет саған.

— Ауруханада жатқан менің көңілімді көтеру үшін де мақтап жатқан боларсыз, Әбеке. Оныңызға рахмет.

— Жоқ, шыным, — деді Ахметов саусағын шошайтып.

Автор. «Москва үшін шайқас» фильмінде Бауыржан ролінде өзіңіз неге шықпадыңыз? Фильм сіздің кітап бойынша жасалғаннан кейін, онда Бауыржан болып өзіңіз көрінгеніңіз жөн сияқты еді. Келешек ұрпақ кітаптарыңызды оқып, атыңызды білгеннің үстіне өзіңізді кинодан көрсе тіпті ғанибет болатын еді ғой.

Бауыржан. Оған шыдамым жетпеді. Алдымен Ілияс Омаров фильмнің сценарийін көріп бер деп өтінді. Көріп берген емес, мен оны қайта жазып шықтым. Бірақ киношылар менің жазғанымның жартысын ғана қабылдады: өйтуге болмайды, бүйтуге келмейді, оны көрсетуге жарамайды деп есімді шығарды. Ілияс марқұм Бауыржан боп өзің ойнасаң қайтеді, дегенді де айтып еді. Енді мені артист етейін деп пе едіңдер, аулақ деп, қолымды бір-ақ сермедім.

Осы кезде кешкі тамаққа шақырып сестралар келді. Біз бет-бетімізге тарап, әрқайсымыз өз бөлім, палаталарымызға қарай кеттік.

VI

Тағы бір күні кешке Кәмәш палатаға бас сұғып, Баукеңнің вестибюльге көтеріліп, мені күтіп отырғанын айтты.

Үйреншікті орынға келсем Баукең қолтығына бір қағаз папка қысып, креслода темекі тартып отыр екен. Оның қасындағы бос орынға келіп мен жайғастым. Біздің бұл кештегі әңгімеміз алдымен әзіл қалжың түрінде басталды.

— Біздің бір жақынымыз, атақты артистің әкесі, сері, айтысқыш ақын, әрі алғашқы совет болыстарының бірі болыпты, — деді Бауыржан әңгіме бастап. — Олардың руы Алакүшік аталушы еді. Ол кісіні өзім жас кезімде талай рет көрдім, әңгімесін де естідім. Қыздармен айтысқанда екі рет жеңілдім деп отырушы еді.

Бір жолы өзіммен айтысқан қызды дөңгелентіп жеңуге аз-ақ қалып едім, — дейтін жарықтық — Қасымдағы хатшым пұшық мұрын қара жігіт еді. Жеңілемін-ау деп сасқалақтап отырған қыздың соған көзі түсіп кетіп, бір кезде былай деп қоя бергені ғой:

Болысы біздің елдің Алакүшік,

Хатшысы қасындағы қара пұшық.

Ауылдық әйелдері, сақтаныңдар,

Кетпесін Ала күшік сүтіңді ішіп.

Осыдан кейін ауыз аша алмай тотидым да қалдым, — дейтін.

— Екінші рет жеңілгенім, — деуші еді ол кісі, — сақал мен мұрттың әлегінен болды. Ол кезде жас адамдар да сақал мен мұрт қояды. Бір тойда тағы да бір қызбен айтысып қоя бердім. Мен де соғып жатырмын, қыз да жағаласып жатыр. Бір кезде қыз былай деді:

Қауғадай сақал-мұртың, кәрімісің? Кәрі болсаң қыздарға дәрімісің? Мынау түр-сықпытыңа қарағанда, Адам ата жасынан әрімісің?

Оған менің былай деп жауап бермесім бар ма:

Ала қашып сөйлейсің жылқыдай ұрт,

Тебеген биедей боп бересің сырт.

Несіне сақалымды қазбаладың,

Қай жерге шықпайды бұл боқ жеген мұрт?

Осыған қыз шап ете түсіп, «мұртыңыз боқ жесе, аузыңыз не жейді?» деп өлеңдетіп қоя бергені ғой. «Боқ жеген» деген екі-ақ сөзбен ұсталдым. Оның орнына «қай жерге шықпайды бұл оңбаған мұрт» десем жетіп жатыр. Қыз тырп ете алмайтын еді. Міне, бұл екінші жеңілгенім, — деп отырушы еді ол кісі.

Жас кезде естігенің жадыңда жақсы сақталады. Сонау бозбала күнімде сол кісінің аузынан қағып алған осы өлеңдер күні бүгінге дейін ойда келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий