Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өте жақсы, — дедім мен. — Ең арыдан келе жатқан өрелі, өрісті әдебиеттің бірі. Мен кейбір әдебиет зерттеушілерінің қазақ әдебиетін беріден бастап дамыды дегеніне қосылмаймын. Олай дейтінім қазақтың батырлар жырын алыңыз. Олардың әрқайсысы дүние жүзіндегі ең озық мұралармен таласа алады. Мәселен, қазақтың «Қобыланды батыр» жырының жалғыз өзі ғана немістің «Нибелунгтар туралы», француздың «Роланд туралы» жырларынан немесе карелдер мен финдердің «Калевале» эпосынан бір де кем емес. Ал қазақтарда мұндай жырлардың жалпы саны елуге тарта. Олардың көркемдік, күштілік, шешендік жақтарын бірер аптаның ішінде ауызбен айтып жеткізу киын. Оларды біздің профессорларымыз университеттер мен институттарда бүкіл жыл бойына талдап түсіндіреді. Ал осы ғажайып қаһармандық дастандардың жеке-жеке авторлары болған. Бірақ бұл дастандар сонау көне заманнан келе жатқандықтан олардың авторлары ұмытылып, жыр текстері ғасырдан ғасырға ауызша ауысып отырған. Міне осындай улы шығармалар жазған ежелгі қазақ ақындарының өз кабинеті болған. Олар осындай асыл жырларды, тамаша мақал-мәтел, шешендік сөздерді, жұмбақ, жаңылтпаш, әралуан айтыс өлеңдерін сол ғажайып кабинетте отырып жазған.

Француз әйелі маған қадала қарап бақырайып қалыпты.

— Сенбей отырсыз ба, мадам? — дедім мен оған.

Әйел басын изеді.

— Сіздің ата-бабаларыңыз көшпелі халық болған ғой. Көшпелі халықтың ақынына кабинет қайдан келеді деп ойлап отырғаным рас.

— Жоқ менің халқымның арғы аталары бір кезде отырықшы ел болған. Отырар, Тараз тәрізді ірі-ірі қалалары бар мәдениетті, білімді ол ел бүкіл шығыс жұртының сауда орталығы боп тұрған. Кейін шетелдік басқыншылар ол қалаларды ойрандап, елдің егіншілік мәдениетін құрытып, халқын қайтадан көшпенді қауымға айналдырып жіберген. Әңгіме ол туралы емес, әңгіме біздің ежелгі ақындарымыздың тамаша шығармалар қалдыруына мүмкіншілік берген ғажайып кабинеті болғаны жайында. Өзіңіз ойлаңызшы, мадам, кабинетсіз шығарма жазуға болмайды ғой.

Әйел басын изеді.

— Қазақ ақындарының кабинеті шексіз-шетсіз кең дала, тамаша табиғат аясы болған. Сол кабинетте отырып олар мөлдір көл, зеңгір тау, жұртқа жайлы жерұйық мекен, ел қорғаны болған қаһарман батырлар жайлы мәңгілік шығармалар тудырған. Сол кабинетте отырып олар күндіз самал желмен сырласқан, түнде жымыңдаған жұлдыздармен тілдескен. Міне, нағыз ақын үшін осыдан артық кабинет бола ма?

Француз әйелі мен біздің жазушы екеуі қосыла күліп жіберді.

— Мен қазіргі, іші дүние жүзі классиктерінің асыл мұраларына толы кабинеттерді кемітіп отырғаным жоқ, мадам. Осы заманғы өнерлі елдер данышпандары қалдырған өлмес мұралармен пара-пар түсетін туындыларды дүниеге келтірген көшпелі ел ақындарының кабинетін айтып отырмын.

Енді әйел күлместен, ықыластана бас изеді. Содан соң ол жаңа сұрақ қойды.

— Қазақтың жазуы қашаннан басталды?

— Өте ертеден.

— Тарихшылардың айтуына қарағанда қазақ жазуы арабтар жаулап алғаннан кейін пайда болған сияқты ғой, — деді француз әйелі.

— Жоқ, одан да арыдан. Ежелгі атам заманнан-ақ қазақтардың жазуы және мынаған ұқсас жазу аспаптары болған. — Мен саусағыммен үстел үстіндегі екі жағында екі автомат қалам шаншулы тұрған приборды нұсқадым. Қазақтар сол аспаппен ноталар да жазған. Кәдімгі музыка нотасын және дипломатиялық ноталарды айтамын, мадам.

Қонақтарым тағы да маған таңдана қарады.

— Иланбай отырсыз ба, мадам?

— Иә,— деді әйел.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий