Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

3. Сіз тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіздің ересек адамдар екені, олардың кітапта жазылған оқиғалар мен суреттелген қаһармандарға сын көзімен қарайтыны өте жақсы. Ал жазушылардың қағидасы — оқушымен ұрыспау, оның әрбір айтқаны орынды болса — құлақ асу, сөйтіп өз қатесін (егер жіберген болса) келесі басылымдарда түзету. Өйткені жазушы оқушының қызметшісі, ол өз шығармасын оқушы үшін, халық үшін жазады, соларға қызмет етеді. Ендеше оның оқырмандар бұқарасымен есептеспеуге қақысы жоқ. Әр шығарманың мақсаты — лұғат айту. Біз де алдымызға осы мақсатты қойдық. Өз ұрпағымызға қатал соғыс шындығын асырмай, боямай, сол болған қалпында айтып беруге тырыстық. Бұл үшін өзімізді де аямадық, ұрыс майданында өз басымыздан өткен осалдықтарды да жасырмай айттық. Біз өз алдымызға оқушыларға «кедір-бұдырсыз», күнәдан пәк тап-таза қаһарман ұсыну мақсатын қойғанымыз жоқ, оларды өмірдегідей қарапайым, ординарлық қалпында көрсетуге тырыстық.

Біз оқырмандарға болған оқиғаны айтып, өзіміздің басымыздан өткен жауынгерлік өмірдің нағыз шындығын баяндап отырмыз. Біз қаһармандарымыздың басынан кешкен қателері оқырмандарға сабақ аларлық үлгі, жақсылық қасиеттері өнеге болсын деп ойладық. Кітап әлі аяқталған жоқ, сондықтан оның кемшіліктері мен жетістіктері туралы сөз қозғау ертерек. Өзіңіз білесіз кітаптың бірінші тарауында мен өзімнің қорыққанымды, ұрыс кезінде сол қорқынышты жеңу үшін көп күш жұмсағанымды айтқанмын. Өзімнің бірсыпыра қателер жібергенімді мен қазір де мойындаудан жасқанбаймын, ол қателерді өзгелер қайталамасын деген мақсатпен қағазға түсіріп те жүрмін. Мен өзімнің әскери жазбаларымды жазып жатырмын, оны сырттан бақылаушы болып емес, ұрыстарға қатысқан куәгер, соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, барлық ауыртпалықты арқалап өткен солдат ретінде толғаймын. Мен титтей детальді де одан шығармаймын. Оның ешқандай қажеті де жоқ.

4. Сіз менің неліктен қатал болуымның себептерін сұрайсыз. Қаталдығым кітаптағыдай екені рас, онда титтей әсірелеу жоқ. Мен сізге өзімнің қаталдық дегенді қалай түсінетінімді ғана айтайын. Суворовтың: «Әскер ойынында азапты көп көрсең — ұрыста қиналмайсың» деген сөзін есіңізге түсіріңіз. Немесе В. И. Лениннің: «Жауды жеңу үшін қаһармандық күрес керек, темірдей әскери тәртіп керек» дегенін ойлап көріңіз. Ленин тағы бір сөзінде армияда әскери тәртіпті қолдамайтындарды опасыз және сатқын деп атайды.

Солдатқа деген ең жоғары қамқорлық — оны әскери ойында аямау, оны жорық пен жауынгерлік өмірдің барлық ауыртпалықтары мен қиыншылықтарына төзімді етіп үйрету. Сонда ғана солдат ұрыстың әдістері мен техникасын толық меңгеріп, шайқас даласында өзін суда жүзген балықтай сезінеді.

Біз, әскери адамдар, көлденең көзге әдемі көрінетін парадқа емес, Отан үшін өліспей беріспейтін қатал күреске әзірленеміз. Әскери оқу орындарында біз бишілер әзірлеп, оларға әртүрлі балдарда билейтін би сабағын бермейміз, жігерлі, өзіне де, өзгеге де талап қойған командирлер әзірлейміз, оларды ұрыс даласында әрбір жауынгерге кездесетін қиындықтарға төзе білуге тәрбиелейміз. Ал, бірақ, қаталдық мынадай екі түрлі болады:

а) Ақылды қаталдық. Мұның мәнісі командирдің өзінен де, өзгеден де уставта көрсетілген әскери дәстүр мен тәртіпті мүлтіксіз орындауын талап етуі. Оларды өз борыштары мен қызмет міндеттерін дұрыс орындауға, Совет елінің офицері мен жауынгері деген ардақты атты, дүние жүзіндегі ең озат армия — Совет Армиясының офицері мен жауынгері деген жоғары атақты құрметтей білуге баулу.

Біздің армиямыздағы тәрбиенің негізгі әдісі — сендіре білу. Бұл бағыныштыны саналы тәртіпке баулып, оны әз міндетін ойланып, байыппен орындауға үйрету деген сөз. Ал оны түсінбейтін кейбір кертартпалар болса, онда бұл тәртіпке оларды зорлап көндіруден де бас тартпаймыз. Біздің әскери заңдарымыз (уставтарымыз) офицерлерден ең алдымен сендіре білу әдісін қолдануды талап етеді, сонымен бірге егер қажет болса оларға еріксіз көндіруге де право береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий