Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

ә) Ақылсыз қаталдың. Мұның мәнісі өзінің қызмет бабын және солдаттың берген анты мен қызмет міндетіне байланысты командирдің еркіне көнуге тиісті екенін пайдаланып қиянат жасау деген сөз. Мұндайлар біздің армиямызда өте сирек кездеседі. Партия өзінің ұзақ жылдық тәрбие жұмысының арқасында негізінен жоғары мәдениетті, өзінің қызмет міндетін жақсы түсінетін жан-жақты білімді офицерлер, жауынгерлеріміздің идеялық жағынан ұстамды тәрбиешілерін даярлап шығару ісіне жетісті. Атап айтқанда офицерлер кадрларын даярлау жөніндегі бұл құрметті міндетті сіздің училище де орындап келеді.

Солдат болу да оңай жұмыс емес, командирдің әскерді тәртіптендіруі де қиын іс. Ал соғысу одан да ауыр. Командир бағыныштыларға ғана емес, ең алдымен өзіне қатаң, өзіне талап қойғыш болуға тиіс. Әскер тәртібін қатаң сақтау, оны бағыныштылардың санасына сіңіру, әскери ант пен борышты орындау, жауынгерлерді жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, оларды соғыс ісіне үйрету — командирдің қасиетті борышы.

Командирдің қаталдығы барынша әділ болып, қызмет бабындағы қажеттік пен нақты, жағдайдың жалпы мүддесіне иемделуі тиіс. Командир ешқашанда солдат-жауынгердің адамдық қасиеттерін қорламауы керек. Өйткені біздің солдат саналы түрде қызмет атқарушы, әскери қызметке байланысты өзіне кейбір шек қоюшылықтар болатынын түсінетін совет адамы. Ол шек қоюшылық армиядағы жалпы жөн-жосық пен тәртіпті нығайтуға қажет екендігін, оның негізгі мақсаты ұрыс даласында Отанды қорғап қалуға бағытталғандығын совет жауынгері жақсы түсінеді. Біздің совет адамы — өр адам. Ол жағымпаздануды, жалбақтауды, жәмпеңдеуді, екі жүзділікті білмейді. Оның мырзасы жоқ. Ол құл емес, азат адам. Офицер оған ең алдымен — аға жолдас, сондықтан ол совет адамы деген атына сай бағынышты болуы үшін солдаттарды лайықты басқарып, тәрбиелей білуі керек. Совет офицерінің міндеті осындай өр, саналы солдаттарды тәрбиелеу. Командирлердің бұйрығы — бағыныштыға заң. Бұйрықты ол жан-тәнімен орындауға тиіс. Әрбір бұйрықты командир жан-жақты ойланып, нақты есепке негіздеп беруі қажет. Ешбір бұйрық қорлау түрінде берілмеуі керек. Бағыныштылардың ары мен намысын қорлаған адам тәрбиеші де, бастық та бола алмайды.

Сіздің және тәрбиеленушілеріңіздің барша табысқа жетуіне шын жүректен тілектеспін. Жолдастық сәлеммен гвардия полковнигі 1951 жылдың 26 марты. Калинин қаласы».

Бауыржан Момышұлы

ІХ

Баукең шақырады дегенге вестибюльге шықсам, ол кісі ординаторский жақтағы есіктің алдында сұр дермантинмен тысталған арқалығы жоқ үш кісілік жұмсақ ұзын орындықтың бір жақ шетінде шалбарының сол жақ балағын тізесіне дейін түріп тастап, балтырын уқалап отыр екен.

— Не болды, Бауке? — дедім мен ол кісі аяғын мертіктіріп алған екен деп.

— Ойбай, мынау аяғы құрғыр жаңа баспалдақпен көтеріліп келе жатқанымда кілт ете түсіп еді, осы араға сүйретіліп әрең жеттім. Отырып қарасам жаны кетіп қалыпты, соны уқалап жатырмын.

— Онда әуре боп несіне көтерілдіңіз, Бауке. Ептеп төменге өзім баратын едім ғой.

— Жоқ, сенікі жүрек қой, жүрекпен ойнауға болмайды, қарағым. Ал менікі аяқ, аяқ ит сүйретіліп те болса жүруге жаратылған. — Кәмәш қабырғадағы автомат телефонның алдындағы креслода, бізден сәл қиыстау жерде отыр еді. Баукең бұрылып, оған қарады. — Мына қатынға сүйеніп, шығып кетермін деп едім, оның септігі болмады.

— Енді сені арқалап шығарайын ба? — деп күлді әйелі, — Арқаласам аяғың баспалдақтың тасына соғылып, тағы бір пәлеге ұшырайтын едің.

Бауыржан күлді де, шалбарының балағын төмен түсірді. Біз әңгімелесе бастағанда вестибюльге біреу кіріп, біреу шығып, есік қайта-қайта ашық қала берді. Мен оны үнемі жауып келіп отырдым.

— Өзің болмасаң, мен суықтан қорықпаймын, — деді бірде Баукең.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий