Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ол батыр тірі қалды. Өйткені Жошы баламды өлді деп естірткен адамның аузына қорғасын құямын деген ғой. Ал батыр оған өз аузымен ұлың өлді деп айтқан жоқ. Оны домбыраның үнімен, қазақтың өзіне тән жазу алфавитінің өрнегімен ұқтырды. Сондықтан хан күлкілдеп еріп тұрған бір бақыр қорғасынды сол домбыраның шанағына құйғызды. Бірақ ол жас батыр шапқыншылармен кезекті бір ұрыста қаза тапты.

— Жиаль, жиаль, — деді әйел басын шайқап.

— Алайда ол мәңгі тірі қалды. «Ақсақ құлан» күйі күні бүгінге дейін тартылады. Ол қазақтың ұлт аспаптары оркестрінің орындауында бүкіл дүние жүзін аралап шықты.

Қонақ әйелді төргі бөлмеге ертіп барып, бөлменің бір қабырғасын жауып тұрған өзімнің туған апам тоқыған алаша-кілемді көрсеттім.

— Бұл фабрика тоқып шығарған дүние деп ойламаңыз, мадам. Менің өз апайым мұны өз қолымен тоқыған.

Әйел алашаның неше алуан оюларына қарап, мүйіз-мүйіз өрнектердің сызығын саусағымен қуалай сипалап, басын шайқап, біраз отырды.

— Айтқандарыңыздың бәріне де сендім, — деді содан кейін әйел орнынан қозғалып. — Енді менің Сізге басқа қоятын сұрақтарым жоқ. Тек бір ғана өтінішім бар: Сіз, маған өзіңіздің атақты кітабыңыз «За нами Москваның» бір данасын бермес ес екенсіз. Бұл мен үшін, менің семьям үшін баға жетпес үлкен сыйлық болар еді.

— Әбден болады, мадам.

Мен қол қойып, кітабымды бердім. Француз әйелі көп-көп рақмет айтып, ризалықпен кетті.

Бірақ мен кешіргісіз бір қате жасаппын. Оны өзім ертеңіне аңғардым. Ол қатем әйелдің ағасына, маған арнап хат жолдаған француз подполковнигіне бір нәрсе беріп жібермеппін. Бұл қатемді кейін сезіп, телефонмен ол әйелді іздестіргенімде, кеше кешкі самолетпен Москваға аттанып кеткенін бір-ақ білдім.

Бұл әңгімені айтып болғаннан кейін Бауыржан орнынан тұрды. Қолтығындағы қағаз папкасын алды да, маған ұсынды.

Бауыржан. Сен маған шетелдерден келген хаттардың көшірмелерін көрсет деп едің ғой. Кеше балаларға айтып жіберсем Болгариядан келген бір-екі хатты ғана тауып әкепті. Ішінде менің өзіміздің бір әскери училищенің лейтенантына жолдаған жауап хатым да жүр. Бұларды палатаңа апарып оқырсың.

Автор. Рақмет, Бауке.

Ертеңінде таңертең ертерек тұрып, кеше кешке Бауыржан берген папканың бетін аштым. Хаттардың көшірмелерінің бәрі де машинкаға басылған екен. Бірінші хатта былай деп жазылыпты:

«Қымбатты жолдас Момышұлы!

Осы жаңа ғана Александр Бектің «Волоколам тас жолы» кітабын оқып шықтым. Кітапта Отан соғысындағы Сіздің алғашқы ұрыстарыңыздың тарихы суреттеліпті. Егер мен дұрыс ұқсам, Сіз өз басыңыздан кешкен оқиғаларды әрі шынайы түрде, әрі көркем етіп жазушыға баяндап бергенсіз.

Міне, кітаптың соңғы бетін жаптым, бірақ Сіз менің көз алдымда қалдыңыз. Сіздің батылдығыңыз, байсалдылығыңыз, ойшылдығыңыз бәр-бәрі көкірегімде сайрап тұр...

Менің Сізге деген сүйіспеншілігімді айтып, Сізді шын жүректен құттықтауыма рұқсат етіңіз.

Сіздің іс-әрекетіңіз, ой-қиялыңыз, қамқорлығыңыз, ұйқысыз өткерген түндеріңіз жайында оқығанда мен нағыз командирдің қандай болуы керектігін білдім...

Менің барлық жолдастарымның — болгар армиясы командирлерінің Сізге деген алғысын қабыл алуыңызды өтінемін.

Біздің қуанышымыз және қуатты Совет Одағының даңқы үшін Сіздің деніңіздің сау, көңіліңіздің сергек болуын тілейміз.

Болгар әуе күштері, Ұшқыш поручик

26 июль 1947 ж. Банкя қаласы». ЛИЛО ИВАНОВ НЕНОВ

Екінші хатты София қаласындағы Христо Ботев атындағы саяси ротаның курсанттары «Волоколам тасжолы» кітабының авторына жолдаған. Онда былай делінген:

«Қымбатты біздің жазушымыз Александр Бек!

...Генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлы сияқты ұмытылмас образдар жасағаныңыз үшін біз Сізге шын жүректен алғыс айтамыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий