Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыс туралы, жауынгерлік ерліктер жайында талай кітаптар жазылды, әлі де жазылуға тиіс. Ал Сіздің кітабыңыз тек көркем шығарма ғана емес. Біз үшін бұл кітап нұсқау, басшылық, біз күнделікті жұмысымызда осы кітаптан үйренеміз. Егер біз бір іске кірісетін болсақ, онда ең алдымен, «Біздің орнымызда Бауыржан болса ол қайтер еді?» деп ойлаймыз. Сіздің кітабыңыз бізді қатал, бірақ әділ командир болуға үйретеді. Сондай болсақ қана біз жас Болгар Халық Республикасы өзіміздің алдымызға қойған міндеттерді ойдағыдай орындай аламыз».

Бұл хат 1947 жылы 10 майда жазылған. Оған сексен бір адам қол қойған.

Мінеки, Баукеңнің белгісіз лейтенантқа жазған жауап хаты. Белгісіз дейтінім хаттың текстінде лейтенанттың аты-жөні көрсетілмепті. Мүмкін, бұл кітап орыс тіліне аударылып шықса ол лейтенанттың кім екені де табылар. Бұл хатта «Волоколам тасжолы» кітабына байланысты жұртқа мәлімсіз бірсыпыра деректер айтылады, Баукеңнің бойындағы қаталдықтың негізгі себептері көрсетіледі. Сондықтан мұны оқырмандарға толық күйінде ұсынуды жөн көрдік. Бұл хат мынадай:

«Құрметті жолдас лейтенант!

Хатыңызға рақмет. Сіздің сұрақтарыңызға жауабым мынадай:

1. «Волоколам тасжолы» кітабын талқылау стенограммаларының, оған берілген рецензиялардың, кітапқа байланысты келген хаттардың көшірмелерін Сізге жіберуге мүмкіндігім жоқ, оған шамам жетпейді. Өйткені оқырмандардың лебіздері мен хаттары, сыншылардың пікірлері орасан көп. Мәселен, «Волоколам тасжолын» жариялаған «Знамя» журналының редакциясына соғыс кезінде тек менің атыма ғана жүздеген хаттар келді. Повесть 1942-1943 жылдарда Москва қаласындағы әдебиетшілер үйінде екі рет талқыланды. Ол талқылауларға екі жүз-үш жүздей адам қатысты. Онда мен повестің біткен бөлімдерінің мазмұны және оның жалғасына байланысты біздің істейтін жұмысымыздың программасы туралы екі рет баяндама жасадым. Әр баяндамам бір жарым сағатқа созылды. Ол талқылауларға қатысқан адамдар мыналар: өзіңізге мәлім «Елу жыл сапта» кітабының авторы генерал А. А. Игнатьев, жазушы В. Шкловский, жазушы Б. Лавренев, жазушы Николай Тихонов, СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор А. М. Панкратова, профессор — әдебиет зерттеуші Е. Н. Михайлов, байырғы революционер Елена Дмитриевна Стасова және басқалар.

Сөйлеушілердің сөздерінің барлығы да стенография арқылы жазылып алынды. Бірақ стенограмма менің қолымда жоқ. Мен Сізге сөйлеушілердің көпшілігінің повесть жайында жақсы пікірде болғанын ғана айта аламын.

Бұдан басқа мен дүркін-дүркін кітаптың: ағылшын, француз, итальян, неміс, қытай, болгар, чех, венгер, серб, румын, грек және басқа тілдерге аударылған даналарын да алып тұрдым. Барлық басылымдарда да жақсы алғы сөздер берілді. Олардың кейбіреулері Панфиловтың және менің суреттерімізді басты. Осы кітаптарды оқыған көптеген шетел оқырмандарынан да хаттар келді.

2. Сіз менен генерал Панфилов туралы өз естеліктерімді жазып жіберуді сұрайсыз — бұл тілегіңізді орындау да оңай емес. Марқұм генерал туралы менің естеліктерімнің бір бөлігі повестің жариялаған екі бөлімінде айтылды, қалғаны осы кітаптың жалғасы боп табылатын кейінгі екі бөлімінде және айттады. Ал бүкіл бір кітапта жазылған нәрсені екі-үш ауыз сөзбен айтып, бір хатқа сыйғызу қисынға келмейді. 1942 жылдан бастап генерал Панфилов туралы мен газеттерде әр кезде оннан астам мақала жарияладым. Оларды екі-үш ауыз сөзге сыйғызу тағы да мүмкін емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий