Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Содан кейін Совет Одағының Маршалы, СССР Қорғаныс министрі Андрей Антонович Гречконың «Карпаттан асқанда» дейтін кітабы есіме түсті. Сол кітапта 1944 жылы июльде партизан қозғалысы Украин штабының Чехословакия мен Венгрияға қырықтан аса жауынгер партизан отрядтары түсіргенін, бұлардың совет әскерлері Карпатқа шабуыл жасаған кезде Гитлер әскерлерінің тылында белсенді қимыл жасағаны айтылады. Мұндағы партизан құрамаларының бірін А. В. Тканко басқарады. Партизандар жау гарнизондарына батыл шабуыл жасап, жергілікті халыққа Қызыл Армияның жеңістерін баян етіп отырады. Украин селоларына: «Карпат сыртының халқы, көтеріліңдер! Фашистердің тұмсығын бұзыңдар!» деген листовкалар таратады.

Осыдан кейін Маршал былай деп жазады: «А. Тканконың партизандары «Ақ Таня» тұтқын лагеріне батыл шабуыл жасады. Гитлершілдер 700-дей украин, словак және венгер коммунистерін тұтқындап, Ровнаяның оңтүстік-батысындағы таудың адам аяғы баспас қиын қуысындағы лагерьге әкеп қамаған екен. Фашистер лагерьге ұрымтал тұстарды тегіс миналап, егер шегінерлік жағдай болса, оны талқандап кетуге әзірлеп қояды.

Партизан құрамасының штабы лагерьдегі жау гарнизонын жойып, тұтқындарды босатып алу жөніндегі жауынгерлік операцияның нақты жоспарын жасады.

Сағат 19-да Қ. Қайсенов бастаған партизандар отряды осы жауынгерлік тапсырманы орындауға аттанды. Лагерьге жеткендер кейін партизандар тұтқындармен байланыс жасады. Жағдайдың бәрін байыптап болғаннан кейін Қайсенов жауынгерлік тапсырманы баяндаудың уақытын өзгертуге ұйғарды, операцияны жоспарда көрсетілген 23 сағатта емес, 21 сағатта бастауды жөн деп тапты. Бұл уақытқа дейін партизандардың бір бөлігі үстеріне тұтқын киімдерін, басқалары венгер солдаттарының формасын киіп үлгірді. Сөйтіп топ лагерьдің іргесіне тақады. Лагерь сақшылары бұл топты тұтқындардың жаңа тобы екен деп ұқты. Осы кезде партизандар күзетшілерге кенеттен тап берді. Күзетшілердің кейбіреулері ғана қаруға қол созып үлгерді. Партизандар жаудың 34 солдаты мен офицерін тұтқынға алды. Қапасқа қамалған коммунистер тегіс азат етілді. Олардың көпшілігі партизандар отрядтарына қосылды.

Партизандарға жаңа адамдар үсті-үстіне келіп қосыла бастады. Енді олар құр қол емес, қару да ұстап келетін болды. Құрама штабы жаңа партизан отрядтарын жасақтады. Партизандар да жігерлі қимылдады. Олардың көбі ордендармен, медальдармен наградталды, ал құрама командирі А. В. Тканкоға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Маршал Гречконың кітабында осылай делінген. Ол кітапта ерлігі елге мақтан ете аталған жалғыз қазақ жаңа ғана төменде халықтың өзі сияқты өзгеше ер ұлы Бауыржан Момышұлын өзінің солдаттық, азаматтық жүрегінің сүйіспеншілігін білдіріп, көңілін сұрап кеткен Қасым Қайсенов еді. Қасекең бір әңгімесінде маған жеңістің жиырма бес жылдығымен құттықтап, өзіне сонау Москвадан Совет Одағының Маршалы Андрей Антонович Гречконың телефон соққанын да айтқан болатын.

— Қасеке, шыныңызды айтыңызшы, састыңыз ба сол кезде? — дедім мен әзілдеп.

— Ойбай, несін айтасың, үй ішімізбен «қырылып» қала жаздық, — деп Қасым қарқылдап кеп күлген еді онда. — Москвадан Алматыға, сенің үйіңе Қорғаныс министрінің өзі телефон соғып тұрса, саспағанда ше? Содан кейін үй-ішіміз болып таң атқанша ұйықтағанымыз жоқ. Ол кісі түнде телефон соққан.

— Не деді?

— Жеңіс мерекесімен құттықтады.

— Одан соң?

— Өзіме денсаулық, табыс, семьяма бақыт тіледі. Маған едің артық не керек, — деп Қасым тағыда қарқылдай күліп, екі алақанын жайған.

Осыларды ойыма түсіріп, Баукеңе мойын бұрдым.

Автор. Қасымның аты Қорғаныс министрінің кітабына кіргенін білесіз бе, Бауке?

Бауыржан. Білемін.

Автор. Оның үйіне Қорғаныс министрі Гречконың телефон соққанын білесіз бе?

Бауыржан. Білемін.

Автор. Сіздің фамилияңыз бұрынғы министрдің, маршал Жуковтың кітабында жоқ қой деймін, Бауке.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий