Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Айтпақшы сенің «Ақиқатының» «Жұлдыздан» қалған жалғасын «Жалын» жариялайтын болыпты ғой. Естідің бе?

Автор. Естідім, Бауке, рақмет. Оларға «Жас Бауыржан» деген атпен басыңдар дедім,

БЕСІНШІ ДИАЛОГ

І

Автор. Бауке, ауруханадан шықтыңыз. Абайдың туғанын 125 жыл толған тойына да барып қайттыңыз. Бәрі құтты болсын. Енді баяғы әңгімемізді ары қарай жалғастырсақ қайтеді?

Бауыржан. Жалғастырайық.

Автор. «Ақиқат пен аңыз», «Жас Бауыржан» жайында болған көптеген хаттар түсіп жатыр.

Бауыржан. Оған байланысты маған да хаттар келді.

Автор. Көптеген оқушылар маған бұл екі шығармадан Бауыржанның балалық, жастық шағының бірсыпыра кезеңдерін білдік. Енді сен бізге осы әдіспен Баукеңнің барлық өмірінен мәлімет бер. Оның соғыс кезіндегі ерліктерін айтпасаң да болады, ол Бек пен Момышұлының кітаптарында айтылды. Біз бұл шығарманың жалғасын күтеміз деп жазады.

Бауыржан. Ол сенің шаруаң.

Автор. Ендеше мен Сізге тағы да бірнеше сұрақтар қойсам.

Бауыржан. Қойғын

Автор. Сіз Қиыр Шығысқа отыз алтыншы жылы бардыңыз ғой. Ал одан қашан қайттыңыз?

Бауыржан. Қырқыншы жылдың басында. Бір күні маған Москвадан бұйрық келді. Ол бұйрықты менің әскери атағым өсіп, аға лейтенант болғаным және полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып жоғарылағаным айтылған. Орысша ПНШ-1 дейді. Әрине, ол үлкен қызмет. Ол қызметті алумен менің Киев әскери округының қарамағына баруым керек екен. «Құп?» деп қолымды шекеме көтердім де, жүгіріп үйге келдім.

— Ал, Жамал, жинал, көшеміз, — дедім.

Автор. Жамал кім еді?

Бауыржан. Әйелім.

Автор. Қашан үйленіп едіңіз?

Бауыржан. Отыз сегізінші жылы елге демалысқа келгенде үйленіп, екеуіміз қол ұстасып Қиыр Шығысқа барған.

Автор. Қалай үйленгеніңізді толығырақ айтыңызшы, Бауыржан.

Бауыржан. Айтпаймын. Сен мен туралы роман жазбайсың. Ендеше сенен менің неше рет үйленгенімді, кіммен жүргенімді ешкім де сұрамайды. Понятно тебе?

Автор. Ал, Киевке келдіңіз.

Бауыржан. Шолпан деген кішкентай қызымызды ортамызға алып, Жамал екеуіміз плацкарт вагонға отырдық та, Киевке келдік. Округ командашысы Г. К. Жуков, оперативтік бөлімнің бастығы полковник И. X. Баграмян деген кісілер екен. Мені Жуков қабылдамады. Полковник Баграмян қатал кісі екен. Жолдама қағазыма қарады да:

— Жолдас аға лейтенант, сіз Житомир қаласындағы 406 полк штабы бастығының бірінші көмекшісі боп тағайындаласыз, — деді.

— Ол қандай полк? — дедім мен.

— Жаяу әскер полкы, — деді Баграмян.

— Мен артиллеристпін ғой.

— Сөзді көбейтпеңіз. Біз қайда жіберсек, сонда барасыз, — деді Баграмян.

Бұл — Иван Христофорович Баграмянді ең алғаш рет көруім еді.

Жолдаманы алдым. Балам мен әйелім вокзалда күтіп отырған. Алғашында біз осы Киевтің өзінде тұрамыз деп ойлап келгенбіз. Вокзалдан қолма-қол билет алып, Житомирге тарттық.

Келсек қонақ үйде орын жоқ. Әскери комендант уақытша менің семьямды өзінің кабинетіне орналастырды. Содан кейін мен өзім қызмет істейтін дивизияға келдім. Дивизия командирі генерал-майор Сущий дейтін кісі екен. Штаб бастығы полковник Рогачевский деген адам.

— Отырыңыз, — деді генерал мен жай-жапсарымды айтып болғаннан кейін.

Отырдым. Генерал документімді байыппен қарап жатыр.

— Артиллериссіз бе?

— Иә.

— Онда Сізді артполкке жібермей, неге жаяу әскер полкына жіберген?

— Білмеймін.

— Сіздің 406 полктың командирі полковник Круглов, штаб бастығы капитан Шурдук деген кісілер, — деді генерал. — Сіз солардың қарамағына барасыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий