Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Сол жақ қанатта, Волоколамскіні батыс пен оңтүстік-батыстан Руза өзеніне дейін қорғап, майдан резервінен келген 316-шы атқыштар дивизиясы тұрды. Оның командирі генерал И. В. Панфилов та, комиссары С. А. Егоров болатын. Саны жағынан да, жабдықталуы жағынан да мұндай төрт құбыласы түгел сай дивизияны біз көптен көрмеген едік. Командирлері шетінен сақадай сай екен, ал саяси қызметкерлері Қазақ ССР-нің партия, совет активінен іріктеліп алыныпты. Дивизияны жасақтау ісіне Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті аса зор көмек көрсетіпті...

Волоколамск үшін болған ұрыстарда Панфилов дивизиясы өзін мәңгілік өшпес даңққа бөледі, Армияда да оны Панфилов дивизиясы деп атаушы еді. 316-шы дивизия солдаттары да: «Біз — панфиловшылармыз!» дейтін. Қалың жауынгерлердің осындай сүйіспеншілігі мен сеніміне ие болған генерал ең бақытты генерал!»

Осы арада маршал Жуковтың Волоколамск бағытында болған әскерлерге берген әйгілі бағасы және есіме түсті. «Жаудың 5-ші армиялық корпусы, одан соң тағы екі моторлы корпусы шабуыл жасаған Волоколам бағытында УР бөлімшелері табанды қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Бұл жерде жаңадан құрылған 16-шы армияның бөлімдері дұшпанға қиян-кескі қарсылық көрсетті. Генерал-майор И. В. Панфилов басқарған, кейіннен 8-ші гвардиялық атағы берілген атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті» деген еді ол.

— Москваға екінші шабуылы кезінде, — деп Бауыржан темекісін тұтатып алып, әңгімесін жалғады, — фашистер, Г. К. Жуковтың сөзімен айтқанда: «Истра бағытына екі танк дивизиясы мен екі жаяу әскер дивизиясын айдап салды. Дұшпан біздің 150 женіл танкімізге қарсы 400 орташа танкін жіберді. Қиянкескі ұрыстар болды. Әсіресе біздің атқыштық дивизияларымыз, атап айтқанда генерал И. В. Панфиловтың 316-шы, полковник А. П. Белобородовтың 78-ші және генерал П. Н. Чернышевтың 18-ші дивизиялары, 23, 27, 28 дербес танк бригадалары және генерал-майор Л. М. Доватордың атты әскер тобы ерекше табандылықпен күресті».

Бұл И. В. Сталиннің Г. К. Жуковка телефон соғып: «Сіз Москваны қорғап қалатындығымызға сенесіз бе? Мен мұны қатты қинала сұрап тұрмын. Сіз, коммунист ретінде, адалын айтыңыз» деп сұрайтын кезі-ау деп ойладым ішімнен.

— 27-28 ноябрьде біздің әскерлер Ленинград тасжолының бойынан немістерге қарсы ірі-ірі қарсы шабуылдар бастады, — деді Баукең де әлденені есіне түсіргендей, ойлана отырып. — Сөйтіп, 4-5 декабрьде Москва түбінде қорғаныс ұрыстары тоқтап, енді біздің әскерлердің шабуыл ұрыстары басталды. Москваға жиырма бес километр қалған жау, жүз — екі жүз елу километр жерге кейін шегіндіріліп тасталды. Сонымен Москва түбінде немістердің он бір танк дивизиясы, төрт моторлы және жиырма үш жаяу әскер дивизиясы талқандалды. Немістер Москва түбінде үш жүз мың адамынан айрылды.

18 ноябрьде біздің дивизиямыздың командирі генерал Панфилов опат болды. Оның орнына келген командирлердің бірі бұйрықты орындай алмадың деп 1073-ші полктың командирі майор Елинді орнынан алып тастады да, мені командир етіп тағайындады. Бірнеше күннен кейін ол Елинді қайтадан орнына қойып, мені Мәліктердің 1075-ші полкына командирдің орынбасары етіп жіберді...

Осы арада біздің әңгімеміз үзіліп қалды. Өйткені сыртқы есік шылдырап, ішке бір топ адам кіріп келді. Олар Жамбыл облысының азаматтары екен. Баукеңнің Жамбылда өткізілетін алпыс жасқа толу тойына байланысты келіпті. Мен қағазымды жинап, кетуге ыңғайландым.

— Қарағым, қалғанын кейін әңгімелесерміз, — деді Бауыржан маған. — Мен Жамбылға барып, осы тойды өткізіп келейін. Содан соң екеуіміз тағы да жолығысамыз ғой.

Бауыржандыкінен шығып, үйге қайтып келе жатып мен Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннен естіген әңгімелерімді есіме түсірдім. Менің өтінішім бойынша Мәкең Момышұлын ең алғаш қалай көргенін, артынан онымен қалай істес болғанын ұзақ жыр етіп баяндап берген еді. Терренкурде жүріп Мәкең айтқан әңгімелер мынадай болатын.

ІІІ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий