Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Житомирден жеті километр жердегі бір кішкентай ғана қалашыққа бардық. Мен, Жамал, кішкентай Шолпан үшеуімізге кішкентай пәтер берілді. Іске кірістім.

Полковник Круглов шынында да сауатты кісі екен. Үш айдай менің ісімді сырттай бақылап жүрді де, әбден ұнатып алды. Содан кейін маған барлық жұмыс жайын жалықпастан өзі үйрететін болды. Барлық бұйрық іс қағаздары менің мойнымда. Шурдук сауаты аз болғанымен, адамгершілігі мол кісі еді.

Ол бәлсініп жатпайды, мен даярлап әкелген қағаздарға қол қоя береді.

Штаб ісін меңгерткеннен кейін полковник Круглов маған әскери оқуларды талдау жайын көп үйретіп, ұқтырды. Оқу, жорық кезінде мені қасынан тастамайтын. Өзі машинаның алдына жайғасады, мен артына отырамын. Полковник ылғи бір нәрсені ойлап келе жатады. Оның ойын бұзбайын деп шоферы машинаны жайлап жүргізеді. Круглов бас салып шоферіне ұрсады:

— Сен, немене, сүт әкеле жатырсың ба? Айда жылдам, — дейді.

Круглов менің ең жақсы әскери ұстаздарымның бірі болды. Ол кісі біреумен сөйлескенде ылғи өз орнын бос қойып, басқа жерде отырып сөйлесуші еді. Солдаттардың қамын өз балаларының қамыңдай ойлайтын. Қарамағындағы бағыныштыларына әділ болатын. Әр командирдің кемшілігін біліп, сол кемшіліктерін үнемі есепке алып отыратын. Бірақ ешкімге сен анадайсың, сен мынадайсың демейтін. Кругловтың маған берген үлгісі осындай еді. — Бұл жолы да Бауыржан екеуіміз ең алғаш әңгімелесетін бөлмеде болдық. Баукең, сондағысындай, төсек үстінде отырды. Әңгімесін аяқтап, ол маған мойын бұрды, — Саған мен айтқан әңгімелерімнің бәрін документпен растап отыруым керек пе?

Мен басымды изедім. Баукең басын есік жаққа бұрып, дауыстап әйелін шақырды. Кухня жақтан Кәмәш келіп кірді.

— Анау документ салған папканы алып келші, — деп Бауыржан әйеліне менің сырт жағымдағы кабинеттің есігін нұсқады.

Кәмәш әкеп қолына ұстатқан папкадан Баукең бір қағазды алып менің қолыма берді. Онда мынадай сөздер жазылған екен:

КУӘЛIК

Бұл куәлік аға лейтенант Бауыржан Момышұлына берілді. Куәлік иесі Жұмысшы — Шаруа Қызыл Армиясының 406 атқыштар полкында штаб бастығының көмекшісі боп қызмет етеді.

Куәлік иесінің қолы («Б. Момышұлы» деп латын әріптерімен қол қойылған).

Мерзімі 1940 жылдың 1-декабріне дейін.

406 атқыштар полкы штабының бастығы капитан Шурдук.

10. 5. 1940 ж.»

— Шурдуктың осы куәлігімен қырықыншы жылдың аяғында мен семьямды алып, біржола Алматыға қайттым, — деп Баукең сөзін жалғады. — Қырық бірінші жылдың январынан бастап, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатында аға нұсқаушы болдым. Соғыс басталғаннан кейін осында жасақталған 316-атқыштар дивизиясына батальон командирі болып алындым. Қырық бірінші жылдың жиырма алтыншы ноябріне дейін осы қызметті атқардым. Ол оқиғалардың бәрі де «Волоколам тасжолы» мен «Москва үшін шайқас» кітаптарында айтылған.

ІІ

Бауыржан. Бұл арада мен саған ол екі кітаптың мазмұнын екі-ақ ауыз сөзбен айтып берейін.

1941 жылдың октябрінде фашистер өзінің барлық адам күшінің — 42, танктерінің — 75, артиллериясының — 45, самолеттерінің — 31 процентін Москваны алуға жұмсады. Москваға келер жолды бекітіп біздің үш майданымыз: Батыс майданы (командашысы генерал-полковник И. С. Конев), Резерв майданы (командашысы Совет Одағының Маршалы С. М. Буденный) және Брянск майданы (командашысы генерал-лейтенант А. И. Еременко) тұрды. Батыс майданына қарайтын Волоколамск бағытына 16-шы армия (командашысы генерал-лейтенант К. К. Рокоссовский, соғыс советінің мүшесі А. А. Лобачев, штаб бастығы М. С. Малинин) жіберілді. Кейіннен 8-ші гвардиялық дивизия атағын алған біздің 316-шы атқыштар дивизиясы осы армияның құрамына кіріп, Волоколамск қаласы мен Москваға кіретін күре тамыр — Волоколамск тасжолын қорғады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий