Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Горьбаныңа көнетін адамыңды тапқан екенсің дедім де қолжазбамды Москваға, Всеволод Вишневскийге жібердім. Вишневскийден тез арада мақтаған рецензия келді. Бұл дайын дүние, жеке кітап етіп жариялау керек депті ол.

Осы кезде Калинин баспасының бұрынғы директоры ауысып, оның орнына әдебиет институтын бітірген майдангер Парфенов деген кісі келді. Соның алдына апарып «Бір түннің оқиғасының» қолжазбасы мен оған жазылған үш рецензияны жайып салдым. Бірнеше күннен кейін маған Парфеновтың өзі телефон соқты. Шығармаңыз маған қатты ұнады, шығарамыз деді. Елу екінші жылы ол Калинин баспасынан жеке кітап болып шықты. Сол кітап елу жетінші жылы Алматыда орыс тілінде екінші рет басылым. Бауыржанның да алғашқы кітаптары әлекпен шыққан, қарағым. Кімнің тұңғыш кітабы тұсамыс көрмеген?

Одан кейінгі орыс тілінде шыққан екінші кітабым «Біздің семья». Оны Бас штаб академиясында оқып жүргенде он бес күнде жазғанымды жоғарыда айтып едім ғой. Соның бір қызық деталін айттым ба, айтпадым ба осы?

Автор. Айтқан жоқсыз, Бауке.

Бауыржан. Ендеше тыңда. «Біздің семьяны» бітіргеннен кейін бір жолы Алматыға келгенде мен оны ескі досыма көрсеттім. Осыны оқып шықшы дедім. Ол оқып шығып, жатып кеп мақтады.

— Мынау дап-дайын көркем шығарма. Осы күйінде қалам тигізбестен жариялауға жарайды, — деді.

Meн оған қанаттанып қалдым. Келесі күндердің бірінде досым үйіне қонаққа шақырды. Табағын тосып, тамағын беріп сыйлап отырып, маған қолқа салды.

— Сен әскери адамсың. Атағың жер жүзіне жайылды. Саған сол даңқың да жетеді. Жазушы болып қайтесің? Жазушылық деген де азабы көп жұмыс. Соғыста жаныңды бір жедің. Енді жазушы болып жаныңды және қинамақпысың? Төрт жыл соғыста қиналғанын да жеткілікті емес пе? Жазушы болсаң төрт жыл емес, өзіңді өзің өмір бойы қинайсың. Сен жазушы боламын дегеніңді қой да, мына кітабыңды маған қи. Мен өз атымнан жариялайын, — деді.

Мен қатты шамданып қалдым.

— Онда сен жазушылық менің қолымнан келмейді деп отырмысың? — дедім, түйіліп.

— Келеді. Бірақ енді бұл ауыр кәсіпке ауысып жаныңды жеп қайтесің дегенім ғой.

— Маған жаның ашымай-ақ қойсын, жараса бастыр, жарамаса өзіме бер, — дедім.

— Жарайды, менде қалсын, мен баспаға ұсынайын, — деді досым қабағын шытып.

Мен Москваға кете бардым. Кітабымнан ешқандай хабар келмеді. Басуға жарамаған шығар, онда архивке өткізейін дедім де, Москва әскери архивынан Алматыға кетіп бара жатқан майорға пәленшеден менің қолжазбамды ала кел деп иелендіру қағаз бердім. Майор келіп менің досымнан қолжазбаны алып, өзіме әкеп берді. Кейіннен досым «Бауыржан мендегі қолжазбасын милиция жіберіп алғызды» деп көпке дейін өкпелеп жүрді. Сол кітап елу алтыншы жылы алпыс мың данамен Калинин қаласында басылып шықты. Бұрынғы бір әңгімелерде бұл кітапты қазақшаға аудартпаймын деген болармын. Енді ол сөзге түзету жасауыңа болады, кітабымды қазақ тілінде шығаруға келістім, қарағым.

Әйелдер суыртпақтан тырнағымен шымшып бір-бірлеп жіп суырады. Кей жіп тұтас суырлып, кей жіптің жартысы суыртпақта үзіліп қалады. Бүтінін бір жағына, жартысын екінші жағына жинай отырып, артынан олардың екі-үшеуден басын қосып, жіп ширатады. Содан соң оны инеге сабақтап іске кіріседі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий