Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қазақтың жазу құралы міне мынадай болған, — деп мен креслоның қасында тұрған домбырамды алып, шертіп-шертіп жібердім. — Қазақтың асқақ ақындары мен әйгілі композиторлары өз өлеңдері мен музыкаларын халықтың жанына, жүрегіне осы аспаппен жазған. Тілін түсінбейтін басқыншы армияның алдынан шығып біздің ежелгі дипломаттарымыз бен парламентерлеріміз осы домбыра үнімен жауап берген, оларға өз. ультиматумын домбыра күйімен ұқтырған. Күй қазақтың жер қайысқан қалың қолы бар екенін, олар жер бетінде бір жауынгер қалғанынша өзінің туған жерін қорғайтынын, оларға туған жердің асқар-асқар таулары мен күркіреген өзендері көмектесетінін айтқан. Қазақтың кең даласы келген дұшпанның басына кебін боп кептелетінін білдірген. Есің барда елің тап, кейін қайт деген. Міне бұл домбырамен осындай ноталар жазылған. Буған дәлел қазақта «Ақсақ құлан» деген күй бар. Ол күйдің қысқаша тарихы мынадай. Бір кезде қазақ жерлерін монғолдар басып алғаны белгілі. Сол тұста Алтын орданың бір бөлігін Жошы хан билеп тұрған. Ол өзіңіз білетін Шыңғысханның үлкен ұлы, белгілі Батый ханның әкесі. Сол Жошы ханның бір баласы аң аулап жүргенде оны дала тағысы, хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан шайнап өлтіреді. Хан аңға кеткен ұлының кешіккенінен күдіктеніп, оны іздеуге жер жайын білетін бір топ қазақтарды аттандырады.

— Егер ұлымды таппай қайтсаңдар, бәріңді де өлтіремін. Ал ол өлді деген хабар әкелсеңдер, сол хабарды айтқан кісінің көмейіне ерітіп бір бақыр қорғасын құямын! — дейді хан.

Хан жарлығы екі болмайды. Қазақтар іздеп келіп құланнан ажал тапқан қатыгез хан баласының сүйегіне кездеседі. Олар сүйекті атқа теңдеп хан ордасының сыртына алып келеді. Бірақ оны ханға кім айтуы керек. Ешкімнің де көмейінен ыстық қорғасып жұтқысы келмейді. Сонда бір жас қазақ батыры алға шығып:

— Өлсем көп үшін құрбан болармын. Бұл хабарды ханға мен жеткізейін, — дейді.

Жас батыр бойындағы барлық қаруын шешіп тастап, (өйткені хан үстіне қарумен кіруге болмайды), ордаға қарай жаяу аяңдайды. Батырдың қолында шоқпар орнына осындай ғана, — мен домбыраны қолыма алып көрсеттім, — қара домбыра кете барады.

Сыртқы жендеттерден өтіп, орданың ішіне кірген жас батыр ханның алдына барып бас иеді.

— Баламды таптыңдар ма? — деп сұрайды хан.

— Таптық алдияр, — деп жас батыр тағы да бас иеді.

— Тірі ме, өлі ме?

Осы кезде жас батыр ләм деп аузын ашпастан, тізерлеп отыра қалады да, қара домбыраны безілдете кеп жөнеледі. Жас батыр тартқан жаңа күйден хан баласының желкілдеп аңға шыққаны, содан соң дүсірлетіп құлан қуғаны, садақпен атып айғыр құланды аяғынан жаралағаны, ақсақ құланның шоқақ-шоқақ желіп, қарайлай қашып бара жатқаны ақаусыз танылып тұрады.Хан баласының ақсақ құланды құртпай қоймаймын деп екілене шауып, қасындағы нөкерлерінен қара үзіп кеткені аңғарылады. Домбырада үш аяқпен шоқақ қаққан құланның, оның соңына жеке түскен төрт тұяқтың дыбысы ғана қалады. Кенет шоқақтаған құланның дүсірі күшейіп, оның жалт бұрылып соңына түскен қуғыншыға тап бергені білінеді. Сарт-сұрт тұяқ соғысып, құланның қылыштай тістерінің шақыр-шұқыр еткені айқын аңғарылады. Сол кезде домбыра ішектерінен: «өлдім, өлдім!» деген екі сөз адамның үнімен айқын естіледі.

Осы жерге жеткенде қара терге түскен батыр күйді кілт үзеді де, домбырасын алдына көлденең қойып, ханға қайтадан бас иеді. Мінеки, мадам, бұл бертінде, он екінші ғасырдың аяғы мен он үшінші ғасырдың бас жағында болған оқиға. Жаңағы мен айтқан Жошы ханның бір мың екі жүз жиырма жетінші жылы өлгені тарихтан аян. Ал қазақтың универсалды аспабы домбыра арабтар басқыншылығынан әлде қайда бұрын болған. Домбыраның жазу құралы болғанына сендіңіз бе енді?

— Сендім, — деді әйел. — Бірақ жаңағы қазақ батырының тағдыры не болды, соны айта кетіңізші, тілеуіңізді берсін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий