Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сапаржан оның себебін айтты. Бір-екі ай бұрын Баукең «Социалистік Қазақстанға» материал апарып, редактормен сөйлесіп отырады. Олардың үстіне кабинетке редактордың орынбасары Хайдаров барып кіреді. Сәлемдескеннен кейін Баукең редакторға қарай бұрылып, Ұлы Отан соғысына байланысты бір цифрды кейінгі мәліметтерге сәйкестендіріп, жаңартайын ба деп сұрайды. Ойында ештеңе жоқ Сапаржан «Әрине!» деп қалады. Сонда Бауыржан оған ала көзімен қарайды да:

— Мынауың кім? — дейді редакторға.

Редактор оны өзінің орынбасары екенін, бұл материал сол кісінің қолынан өтетінін айтады. Бірақ Бауыржан оны көзге де ілместен теріс қарап кетеді.

— Сонда жерге кіріп кете жаздадым, — деп күлді Сапаржан. — Содан кейін Баукеңді көрсем алты шақырым аулақ жүруге тырысамын.

Мен де күлдім.

— Басында бәріміз де сөйткенбіз, — дедім мен күлкім тыйылғаннан кейін. — Бірақ Бауыржанға базына жүрмейді.

— Қойдым ендеше, — деді ақ көңіл Сапаржан елбелектей орнынан тұрып. — Міне, қазір барып құттықтаймын.

— Менен сәлем айтып, менің де атымнан қоса құттықтаңыз, Сәке.

— Құп.

ТӨРІНШІ ДИАЛОГ

І

Мен ауруханада сексен күн жатып, марттың аяқ жағында үйге қайттым. Бауыржан жүз жиырма күн жатып, менен кейін шықты. Менің жүрегім, Баукеңнің аяғы ауырды. Көп уақытқа дейін біз жүздесіп, тілдесе алмай, бір-бірімізге қасымыздағы сырқат серіктерімізден сәлем айтысумен болдық. Сөйтіп біздің диалогтарымыз жолдастар арқылы жалғасып жатты. Әсіресе Баукеңнің әйелі Кәмәш екі этажда серейіп жатқан екеуміздің арамызда үлкен хабаршылық қызмет атқарды.

Екі айдан кейін Бауыржан екеуміз де бас көтердік. Ілбіп палатада жүретін, ептеп дәлізге шығатын болдық. Бізді сестра үшінші этаждан тәй-тәйлап түсіріп, төмендегі спорт залына апарып, гимнастика ойнатып жүрді. Сол күндердің бірінде төменгі этаждың дәлізінде темекі тартып отырған Бауыржанға кездестім.

Автор. Сәлеметсіз бе, Бауке?

Бауыржан. Сәлеметтендің бе, қарағым?

Автор. Халіңіз қалай?

Бауыржан. Ептеп тәуір боп келемін. Алғашқы жиырма күнде қайда жатқанымды білмедім. Қазір сәл басым айналады, ептеп жүруге жарадым. Бізді қойшы, біз ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқтымыз ғой, қарағым. Қазынасыз керуен қарақшыдан қорықпайды. Өзің қалайсың?

Автop. Дәрігерлер екі ай сірестіріп шалқамнан жатқызып тастап еді. Енді бас көтеріп, ептеп ілби бастадым. Арыстан боп қимылсыз жатқаннан, тышқан боп жорғалап жүрген артық екен.

Бауыржан. Хабарыңды естіп, жіберген журналдарыңды алып жаттым. Менің аяғым ғана емес, қолым да шабан екенін білесің ғой. Ауызша сәлем айтқаным болмаса, арнап записка жаза алмадым.

Баукеңнің бұлай деген себебі мен жоғарыда жатып ол кісіге өзі туралы материалдарым басылған «Балдырған» (№ 12, 1970), «Жұлдыз» (№ 2, 1971) журналдарының «Жетісу» және басқа облыстық газеттердің номерлерін жібергенмін.

Автор. Рақмет, Бауке. Сіздің әр сәлеміңізді дәрігерлердің дәрісімен қоса қабылдап жаттым. Осында біраз үлкен қызметкерлер де бар екен.

Бауыржан. Ауру болсаң әкімдіктен не пайда?

Автор. Оныңыз рас. Сол кісілер өздерінің қызмет бабына қарамастан маған хал-жайыңызды хабарлап тұрды.

Бауыржан. Адамды үш түрлі жағдай жақындастырады, қарағым. Ол жағдай: соғыс, түрме, аурухана. Бұл үшеуі лауазым таңдамайды. Адам қанша көкке көтерілгенімен топ етіп төменнен бір-ақ шығады. Олар соны да ескеретін болар. Жара жаралыны қинайды. Шыдай шыдай шыдам таусылғанда, ашу қырып, артық сөйлеп қалатын сәттерің де болады екен. Артынан райыңнан қайтасың. Ол заңды да ғой. Өйткені әркім жеткен жеріне дейін барады, жығылған жерінде қалады. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Осы кезде сырттан келген сестра мені қолтығымнан алып, жоғары қарай жетектеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий