Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздің ауруханадағы алғашқы әңгімеміз осылай басталды.

II

Бір күні палатада жатыр едім, есік қағып, Бауыржанның әйелі Кәмәш бас сұқты.

— Жай жатырсыз ба?

— Жай.

— Онда Баукең сізбен әңгімелесемін деп жоғарыға келіп отыр еді.

— Қазір барайын, — дедім мен.

Шықсам, біздің үшінші этаждағы алаңда газет-журнал қоятын кішкентай үстелдің қасында Бауыржан, үстелден әрірек Кәмәш отыр екен. Бір орындық бос тұр. Екеуінің үстінде де аурухананың көкала халаты. Баукеңмен амандасып, бос орынға барып отырдым.

Бауыржан. Мынау Кәмәшқа сүйеніп әрең көтерілдім. Өзің бір таудың төбесінде жатыр екенсің ғой.

Автор. Бірнеше күн төсекте шалқамнан жатып, одан кейін дәрігерлер басымды көтеріп төсекке отырғызғанда мен биік таудың төбесіне шыққандай болғанмын. Алғаш рет тәй-тәй басып барып палатаның терезесінен қарағанда, басым айналып, құлап қала жаздағанмын. Көп жатқан адам осындай күйге ұшырайды екен — оған аласаның өзі асқар тау боп көрінеді екен.

Бауыржан. Маған «Жұлдыздың» екінші номерін оқыдық деп әркімдер айтып жатыр. Әлішер Бейсенов, Шахмат Хұсайынов тағы басқалар айтты. — Мен олар не деді деп сұрамадым. Баукең солардың сөзіне разылықпен «таудың төбесіне шығып» отырғанын түсіндім. — Кеше Әбділда Тәжібаев келіп, ұзақ әңгімелесіп қайтты. Ол да оқығанын айтып жатыр. Журналдың редакторы Сырбай Мәуленов келіп еді. Оқушылардан көп хат келді. Бекер тұтас баспаған екенбіз деп өкініп қалдық деді...

Осы кезде іштен халатын жүре қаусырынып, шүңірек көз бір шал шықты. Отырған үшеумізге кезек-кезек сүзе қарап алды да:

— Бауыржан, аманбысың? — деп Момышұлына қолын ұсынды.

Бауыржан оның қолын алды да, үнсіз отыра берді.

— Маркстік философияның заңы бойынша, — деді шүңірек көз шал Бауыржанға үңіліп, — адамдардың ара қатынасы бір-біріне кездесуден жасалады. Міне бүгін атақты Бауыржанды көріп, қолын алып тұрмын.

— Ақсақал, біз әңгімелесіп отырмыз, — деді Бауыржан түсін суыққа салып.

— Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын, — деді шүңірек көз шал бұрылып, баспалдақпен төмен түсе бастап, — Сөйлесу — ол ара қатынастың бір түрі.

Шал төмен түсіп кетті.

— Мынау кім? — деді Баукең маған.

— Бұл кісіні осындағылардың бәрі Дерпен деп атайды.

— Ол немене, аты ма?

— Аты-жөнінің кім екенін біліңкіремеймін. Өзі дербес пенсионер көрінеді. Соны жұрт қысқартып Дерпен деп кеткен. Екі сөзінің бірі тарих пен философиядан басталады. Үйінен алдырып үзбей оқитыны «Үгітші блокноты»,«Вечерняя Алма-Ата» газеті және кейбір саяси кітаптар. Жанасып кеткен адамға саясаттан сабақ айтып, мазасын алады. Одан басқа жазығы жоқ.

— Құдай сені көршіге жарытқан екен, — деп күлді Бауыржан.

Автор. Бауке, тойға әзірлік қалай болып жатыр? Құттықтаушы жұрт көп шығар.

Бауыржан. Жұрттың қалай құттықтап жатқанын жеңгең айтсын.

— Құттықтаудың күші Баукеңді осы жерден әкеп бірақ шығарды ғой, — деді Кәмәш күліп. — Басы өзінің туған күні жиырма төртінші декабрьден басталды. Қаладағы жұрт бірден үйге келіп, тек облыс, аудандардан ғана телефон соғылып жатты. Алғашқы күндері Сәбит аға, Ғабит аға, Дмитрий Снегин келіп құттықтады. Ол кісілердің келуінің өзі бір мейрам ғой. Мейрамға қосылып, мерейіміз көтеріліп қалды. Сәбит пен Ғабит аға екеуі де:

— Әй, Бауыржан, біз сені шаршатып алармыз, — деп үнемі ескертіп отырды. — Бұл күндері саған кісі көп келеді. Сен оларды режиміңді бұзбай қабылда.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий