Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мені Пушкин мен Абайдың арасына қысып, қинап, біраз әлсіретіп алғаннан кейін, Бауыржан Ленинград жайындағы әңгімесін қайтадан жалғастырды.

IV

Міне, мен Декабристер аланында тұрмын. Пушкин поэмасының мына жолдарын мен түңғыш рет осы алаңда тұрып естідім.

И прямо в темной вышине

Над огражденною скалою

Кумир с простертою рукою

Сидел на бронзовом коне.

Ужасен он в окрестной мгле!

Какая дума на челе!

Какая сила в нем сокрыта!

А в сем коне какой огонь!

Куда ты скачешь, гордый конь,

И где опустишь ты копыта?

Бауыржан тағы да оқыс сұрап қала ма деп, бұл жолдардың баламасын ойша іздеп жан таласып, өз-өзімнен іштей күбірлеп мен отырмын:

Қарауытқан жоғарыда,

Қолын созып алғы жаққа,

Қоршаулы құз қабағында

Жебеуші тұр мыс салт атта.

Бірақ Бауыржан енді менен аударма сұрамады. Сөзін ары қарай жалғастыра берді. Мен бұған іштей қуанып, өзімнің бірыңғай тыңдаушылық қызметіме қайта көштім.

— Бұл жолдарды мен биік құздың жиегіне жетіп, атын аспанға шапшыта күрт токтатқан атақты Мыс салт аттының түбінде тұрып естідім. Ескерткіш қасына жиналған қалың жұртқа экскурсовод әйел Пушкин поэмасының осы жолдарын айтып, содан соң оның қалай орнатылған тарихын баяндай жөнелді...

Ескерткішті айналып мен көп жүрдім. Кетіп бара жатып, талай рет қайрылып қарадым. Неге екенін білмеймін, осы ескерткіш шуу дегеннен-ақ менің көзіме жылы көрініп, жүрегіме жұмсақ тиді. Мен оның астындағы атын атақты Тайбурылға ұқсаттым, үстіндегі кісіні халық қорғаны Қобыландымен теңестірдім.

Бұған дейін мен Пушкиннің поэмаларын оқымаған едім. Кітапханадан алған қалың томды қазынадай құшақтап, үйге келдім де, алдымен «Мыс салт аттыдан» бастадым. Поэма жолдарын түнімен судай сіміріп, таң атқанша тұтасымен жаттап алдым.

Мыс салт аттының қасына мен бұдан кейін де сан рет бардым. Келе-келе ол маған Қобыланды емес өзіміздің үйдің қара айғырына тоқым салып жайдақ мініп, мені сағынып, мені іздеп келе жатқан өз әкем Момыш сияқтанып көрінетін болды.

Міне, мен Гоголь көшесімен келе жатырмын. Бұл көшеде сәнді сарай, салтанатты шіркеуден ештеңе жоқ. Кәдуескі көше, кәдуілгі үйлер. Бірақ осы қоңырқай үйлердің бүкіл совет халқының жүрегіне жылы тиетін тарихы бар. Мен әр үйдің пұшпағына қызыға көз саламын, мрамор тақтаға жазылған әр жазуды құныға оқып шығамын.

23/8 үй. Осы үйде отырып Достоевский «Ақ түн», «Неточка Незванова» және басқа шығармаларын жазған. Петрашевшілер үйірмесінің жұмысына байланысты ол осы үйде тұтқынға алынып, сонау Сібірге, Омбы түрмесіне айдалған. Содан кейін ол Семейде тұрған. Қазақ ғалымы, ол кездегі жас офицер Шоқан Уалихановпен Достоевский сол жақта достасқан. «Шоқанның досы — менің де досым!» деймін мен ол үйдің жанына өтіп бара қатып, өз-өзімнен күбірлеп.

17 үй. Бұл үйде осы көшенің «иесі» — Гогольдің өзі тұрған. Хлестаков, Тарас Бульба бейнелері осы үйде дүниеге келіп, осы табалдырықтан аттап, бүкіл дүние жүзіне мәңгілік сапар шеккен.

15 үй. Бұл үйде бұрын Дюманың рестораны болған, Пушкин осы табалдырықтан талай рет аттаған. Осы ресторанда ол даналықтың жендеті Дантеспен танысқан.

14 үй. Бұл үйде 1905 жылы 26 ноябрьде Петербург жүмысшы депутаттары Советі атқару комитетінің мәжілісі болған. Ол мәжіліске В. И. Ленин қатысқан.

13 үй. Мұнда, бұрынғы «Вена» ресторанында В. И. Ленин партия қызметкерлерімен кездескен. Осы үйде бірсыпыра уақыт Тургенев тұрған. Чайковский осы үйді мекен еткен, оның Сүйегі осы үйден шыққан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий