Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыстан пәленбай мың шақырым жердегі алыста, туған үйінде отырып жазған жазушы тұрғай, майданнан 250 километр алыста болған тыл офицері алдыңғы шепте жүрген дивизия командирінің, ал майданнан он километр аулақ тұратын штаб хатшысы алғы шепте жүрген жауынгердің психологиясын білмейді. Сондықтан олар өзі бастан кешпеген ерлік пен батылдықты, үрей мен қорқынышты соғысқа қатынасқан адам сенетіндей етіп суреттей алмайды. Ондайлар тек қана өздерінің оқығандарынан, естігендерінен, өз ойы ғана жеткен мөлшерден қоспа жасайды. Қоспа дегеннің не екенін білесің бе? Қазақта осындай бір дәм бар. Оны ірімшіктің, құрттың, тарының, бидайдың талқанынан жасайды. Бәрін араластырып жіберіп, сары майға жаншады. Сонда одан аузына салғанда ірімшіктің де, сықпа құрттың да, тарының да, талқанның да дәмі білініп тұрады. Бірақ ол тары да емес, ірімшік те емес, небәрі қоспа ғана. Соғыс жайындағы әр кітаптың әсерінен құралған шығарма да сондай болады. Сен зеңбірек командирі болдың, артиллерияның кіші командирісің. Өзін ойлашы: жабық позициядан жау жаққа дүңкілдетіп снаряд жолдап жатқан сен дәл сол сәтте, төбесінен сенің жіберген снарядтарын ысқырып өтіп, окобының жиегін жау пулеметінің оғы инедей шабақтап жатқан кездегі өзі бас болып жігіттерін атакаға көтеруге міндетті жаяу әскер кіші командирінің психологиясын білесің бе? (Мен басымды шайқадым). Білмейсің. Білмеген соң оны жеткізіп айту киын. Ал соғыстың философиясын, солдаттың психологиясын жеткізіп көрсете алмаған туынды әскери шығарма емес, әшейін шатпырақ қана болады, қарағым. Сен де әскери тақырыпқа жазып жүргендердің бірісің. Көңіліңе келсе де менің сендердің шығармаларын жайында айтар шындығым осы, шырағым.

— Сонымен таңертең рабфактың есігін қатты жауып кетсем де, жастықтың қызбалығымен бәрі бір басқа күн көріс табармын десем де, түс ауа-ақ тығырыққа тіреле бастадым. Енді Сырғабековке де, Тәштитовке де баруымның реті жоқ деп білдім. Сөйтіп, салбырап көшеде келе жатқанымда артымнан біреудің менің атымды атаған даусы естілді. Жалт қарасам бұрын Жуалы аудандық атқару комитетінде өзіммен бірге қызмет істеген Тимофей Терентьевич Дубовик деген кісі келе жатыр.

— Айналайын-ау, өзің жеткізетін емессің ғой, — дейді қолын ұсынып.

Екеуіміз шұрқырасып табыстық. Ол маған бірден:

— Жүр, екеуіміз алдымен бір жерден барып тамақ ішейік. Менің күні бойы ас ішуге мұршам болған жоқ, — деп ұсыныс жасады.

Дубовик жол-жөнекей менің хал-жайымды сұрады. Асханада отырғанда өзінін қазір Шымкентте өнеркәсіп банкының басқарушысы болып қызмет істейтінін айтты. Менің жай-жапсарыма әбден қанғаннан кейін ол мені Шымкентке қызметке шақырды. Мен басқаратын банкке экономист боласың, — деді.

— Болайын, — дедім мен. Ол жұмыс менің қолымнан келе ме, келмей ме, онда шаруам жоқ тіпті.

— Ендеше, сен осы сәттен бастап Шымкент өнеркәсіп банкының қызметкерісің, — деді Дубовик қолын қалтасына салып жатып. — Мә, екі жүз сом ақша. Бұл сенін әзірге алған авансың болып есептеледі. Мә, мынау Шымкенттегі менің үйімнің әдірісі. Қазір поезға мініп жүріп кет те, тура біздікіне барып тұр. Екі күннен соң артыңнан мен де жетемін.

Бұл өзі 1931 жылдың бас кезі болатын. Менің маңғазданып, бұлданарлық жайым жоқ еді. Асханадан шығысымен вокзалға бардым да, билет алып, бірден Шымкентке тарттым.

Автор. Сіз «Біздің семья» кітабыңызды қашан жаздыңыз. Оны қазақша шығартпайсыз ба?

Бауыржан. Бұл кітапты мен 1947 жылы Бас штабта оқып жүрген кезімде жаздым. 15 күнде бітірдім. Оны қазақ, тілінде шығармаймын. Өйткені ол тек қана орыс оқырмандарына арналып жазылған дүние.

Автор. Бұл кітабыңыздың жалғасы жоқ па?

Бауыржан. Бар, жазулы дайын тұр. Орыс тілінде. Баспаға ұсынғам жоқ. Өзің өлгеннен кейін де бір нәрселеріңнің жариялануы керек шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий