Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сырғабековтың алдынан әрі қызарып, әрі қанаттанып шықтым. Сол бетіммен ұшып отырып Тәштитовке бардым. Ол бір ер көңіл, жайдары кісі екен.

— Үлкенді сыйлай алмағаның үшін Нықаң сенің бетіңді қызарттым деді. Енді мен қинамай-ақ қояйын. Бар да, билетіңді алып кел, — деп Жуалы аудандық комсомол комитетіне қағаз жағып берді. — Тез орал, оқуға жолдаманы қайтып келген соң беремін.

Бұлай дейтіні ол кезде жоғары оқу орнына түсетін жастарға жолдаманы Өлкелік комсомол комитеті береді екен. Одан кейін, Нығмет ағайдың ақылы бойынша, Өлкелік кәсіподақ советінің бастығына бардым. Ол менің қалай кәсіподақ мүшесінен шығып қалғаным жайлы әңгімені шек-сілесі қата күліп отырып тыңдады. Менің кәсіподақ билетімді қайтарып беруді талап етіп, ауданға ол да қағаз жазып берді.

Сонымен, не керек, құстай самғап, қайтадан ауданға келдім. Тіпті қолы қойылған қағазды қолына ұстатқанымда комсомол комитеті секретарының көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ғафу өтініп, дереу билетімді қайтартып бермеді. Кәсіподақ билетім және қалтама түсті. Екі ұйымнан да шығып, тура ауылға тарттым.

— Жәке, — дедім әкемнің алдына барып. — Міне комсомол билетім, міне кәсіподақ билетім.

Әкемнің қуанғанынан қолы қалтырап кетті. Үй ішіне өзімнің қалай Сырғабековке барғанымды, одан соң Тәштитовке кіргенімді бәрін тегіс жырдай ғып баяндай бердім.

— Е, қызыңды... оларды осылай ету керек қой! — деп мұны естігенде Момынқұл көкем біржола өркештеніп кетті. Кейіннен ол ел ішінде қылдай қиянат көрсе: «Бұл қызғалақтарды біздің Бауыржанша үйрету керек» деп кез келген жерде күпілдеп шыға келетін болыпты.

Автор. Сіз қандай адамдарды қадірлейсіз? Қандай адамдарды жек көресіз?

Бауыржан. Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. «Бауке, мына сөзіңіз құдайский, сіз данышпансыз» деп көзге мақтап көлгірситін ініні жек көремін. Шын дос сыртыңнан мақтайды. Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды. Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді. Түсінікті ме саған?

IV

Екі-үш күн үйде болып, Жәкемнің көңілі жайланғаннан кейін тағы да Алматыға тартым. Онда осы күнгі Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты болатын. Ректоры Санжар Аспандияров деген кісі еді. Өзі Халық Комиссары. Әліме қарамай дәрігер боламын деп сол кісіге бардым. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын бергізді. Алғашқы сабаққа бардым. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол институттан қашып құтылдым. Мәселе былай болды.

Алғашқы сабақта бәріміздің үстімізге халат кигізіп, подвалдағы үйге алып барды. Үйге кірісімен жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықтым. Оларды көрісімен денем дір ете қалды. Ертіп кірген дәрігер:

— Бұның атын мәйітхана деп атайды. Мұнда... — дей бергенде-ақ мен зыта жөнелдім. Есік алдына шығып, халатын өткіздім де, институтты тастап қаштым. Артымнан жаңағы басы жоқ, аяғы жоқ тыр-жалаңаш өліктер тырақайлап қуып келе жатқандай көрінді. «Жоқ, оқусыз қалсам да бұл институттың қарасын көрімеймін» дедім қашып бара жатып. Қанша қашсам да, содан он жыл кейін өліктердің ортасын кешіп жүретінімді білмеппін ғой мен.

Автор. Сіз шығармаларыңызды қай тілде жазасыз?

Бауыржан. Екі тілде: орысша, қазақша. Екі тілде де менің шығармаларымның оқиғасы, өрмегі, кейіпкері ортақ адамдар. Оны орысша жазғанда менің көз алдымда тек қана Иван, қазақша жазғанымда тек қана Ілияс отырады. Мен олармен өз тілдерінде сөйлесемін.

Содан Гоголь көшесін қуалап келе жатсам бір үйдің алдында: «Ауылшаруашылық институты» деген жазу тұр. Қуанып кеттім. Осыған түсейін, агроном болайын деп ойладым. Ректоры Ораз Жандосов екен. Осылай да осылай деп жайымды айттым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий