Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шырағым, — деді ректор, — жеті жылдық біліммен институтқа түсе алмайсың. Осы институттың екі жылдық кешкі рабфагі бар, соған түс. Халың қалай, ақшаң бар ма?

— Жоқ.

— Онда сен маған көмекші хатшы болып, бір жағынан айлық ал.

Сөйтіп, бір жағынан кешкі рабфакта оқып, бір жағынан Ораз ағаға көмекші хатшы болып үш-төрт айдай жүрдім. Жандосов өте шешен, ақылды кісі еді. Кабинетінде көп болмайтын: анда-мұнда шақырып, отырғызбайтын. Сондықтан мен сабағымды алаңсыз оқып, отыра беретінмін.

Бір күні кешке рабфактың оқу ісін меңгерушісі бірер сұрағыма жауап бере алмағаным үшін маған жатып кеп ұрысты. «Жандосов сияқты білімді адамның қасында отырып, сабақ білмеуге ұялсаңшы. Және өзі жалақы алып оқиды. Жалақы алған студент оңушы ма еді?» деп жерден алып, жерден салды.

Осыдан кейін мен Ораз ағаға көрінуге ұялдым. «Өлімнен ұят күшті» деген емес пе, ол кісіге айтпастан, рабфакты да, көмекшілікті де тастап, кеттім де қалдым бір күні. Әрине, соның бәрі жас кездегі балалық, намыскерлік қой, қарағым.

Автор. Қазақ әдебиетінің әскери тақырыпқа жазылған туындылары туралы пікіріңіз қандай?

Бауыржан. Ол туралы айтсам бәрін де өкпелеп қаласыңдар. Әскери тақырыпты біздің көпшілік жазушыларымыз әлі түсінбейді. Түсінбейтіні тәжірибе, білімі жетпейді. Ал әскери өмір күрделі, оның үстіне көктемдей құбылмалы өмір. Сондықтан оның терең сырын білу оңай емес. Адамның үйдегі психологиясы бір басқа да, соғыстағы психологиясы мүлде өзгеше болады. Бұл екі жағдайдағы психологияның арасы жер мен көктей. Әрине, соғыста болмай-ақ, суық окопта жатпай-ақ, төбеден төнген бомбаның жаныңды суырып алардай боп шыңғырған даусын білмей-ақ, жаралы жер мен жаралы адамның ыңырсығанын естімей-ақ, дәрі мен қанның исін иіскемей-ақ, үйде отырып-ақ әскери шығарма жазуға болады. Ондай жазушыны, жалпы білімі болғанымен, соғыстан сауаты жоқ жазушы дейміз. Ал өзі сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады. Ондай кейіпкерлер, мысал үшін, Ұлы Отан соғысында қарсы келген жауды найзаға шаншып алып, лақтыра береді, лақтыра береді. Ал оның адамды лақтырған жеріне сенің тас лақтырсаң құлашың жетпейді. Бұл біздің асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің тәсілі. Егер «Қобланды батыр» жырын өзіміздің ең алғашқы әскери дастанымыз деп есептесек, соны бірінші жырлап шығарған ақынның соғысқа қатыспаған жан екені бесенеден белгілі болып тұрады. Ондағы соғыстардың бәрі де соғыс өмірінің шындығынан аулақ алшақ жатады. Ал адам туралы ғылым кең өрістеген қазіргі заманда әскер психологиясын ауыз әдебиетінің әдісімен бейнелеп, суреттеуге болмайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий