Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл ненің еті? — дедім көкем алдыма қойған бүйрек пен кішкентай құлақ, сираққа көзім түсіп.

— Қара қозыңның еті, Бауыржан. Өзің жеп көрші: сондай тәтті, сондай жұмсақ...

— Қара қозымның етін жемеймін!—деп мен тағы да ойбайлап жылап, шалқамнан түстім.

Сол күннен бастап мен ет жемейтін болып кеттім. Ес біліп, ер жеткен күнімнің өзінде де етке зауқым соқпады. Кейініректе, әскери кухнялар мен асханаларда, әсіресе ашыққан сәттерімде тарелкама түскен қуырылған еттен ептеп жейтін болдым. Бірақ күні бүгінге дейін уысымды салып, ұртымды толтырып ет асап көрген емеспін.

Сол сияқты менің сары май жемейтінім де бар. Ол да бала күнімнен бері келе жатқан әдетім. Енді соның себебін айтайын.

Мен жасымда айтқанымды орындамай, орындатпай қоймайтын тентек болсам керек. (Ол күлді). Жоғарыда айтылған қара қозыны тірілттіре алмағаным болмаса. Тағы да бір ойыннан қайтып, үйге келсем, әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып, табаққа салып жатыр екен.

— Әже, май бер, — дедім қарным ашып келген мен.

— Тұра тұр, қалқам, — деді әжем. — Алдымен майды қылшықтап, тұздайын. Содан соң оны жейсің бе, алақаныңа салып жалайсың ба, өз еркің.

— Жоқ, маған қазір бер, — деп қиғылықты салдым.

— Мә, ендеше, — деді әжем қатуланып, май салған ағаш табақты маған қарай итере салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті.

Тұздалмаған, қылшығы алынбаған майды шеңгелдеп тұрып ал кеп жейін. Содан не керек, кешке қарай ыстығым көтеріліп, лақ-лақ құсып, ауырмасым бар ма. Сонымен, жаңағы майдың кесірінен бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Қолды-аяқты балаға бір апта үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам да балдырғандардың өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді май көрсем жүрегім айнитын болды. Әже тілін алмаған бала осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып кетеді екен. Ал, сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар әрқашанда әжелерінің тілін алып жүрсін, менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын.

Автор. Ал, тәттіден нені жақсы көрдіңіз?

Бауыржан. Ешқандай тәттіге құмар болғаным жоқ. Күні бүгінге дейін жылына аузыма бір жүзім салсам салатын шығармын. Ал жылына бір алма жеймін бе, жемеймін бе, білмеймін.

Автор. Сонда сіздің негізгі керегіңіз не?

Бауыржан. Ет пен сары майдан басқанын бәрін талғамастан іше беремін.

Автор. Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай тілек айтар едіңіз?

(Мен бұл сұраққа Бауыржан: Олардың бәрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс патриот болсын деп, бір-ақ ауызбен жауап беретін болар деп ойлағанмын).

Бауыржан. Маған білеміз деген бір жігіттер Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екен деп хабарлады. Мен әзілдеп оларға: менің атым орыстың Иваны сияқты болып бара жатыр екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал, мен ол цифрдың анық-қанығын білмеймін. Білетінім: мен қазіргі Бауыржандардың ішінде бірінші номерлі Бауыржанмын. Мен міне алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған атa-аналарға, олардың туған-туысқандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал Бауыржандарға айтарым: Азамат болып өсіңдер, қарақтарым! Қатарыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін!

ІІ

— Сонымен, екі айдан кейін жазылдыңыз ғой, Бауке?

— Иә, жазылып, ауруханадан шықтым. Аралбаев деген жолдасым бар еді. Соның үйінде пәтерде жататынмын. Аралбаев мен ауырып жатқанда ауданда болған барлық жаңалықты айтып берді. Ең үлкен жаңалық аудандық партия комитетіне екінші секретарьдың штаты беріліпті де, сол орынға Бағов деген адам сайланыпты. Енді кадр мәселесімен екінші секретарь шұғылданатын болса керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий