Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір сөзбен айтқанда, жұрттың бәрі көңілді, мәз-шат болатын, ал екі жауынгер бірін-бірі аямай жұдырықтап жатқан, бірақ сол арада керней үні құлаққа шалынды, оның созылыңқы да жылаңқы шыққаны сонша, бәрі де дыбыс шыққан жаққа еріксіз бастарын бұрып тұрып қалды, алайда әлгі үнді құлағы шалған Дон Кихот басқалардан гөрі көбірек әбігерленіп кетті; бақташының астына өз ықтиярымен түспеген ол, әжептәуір дәрежеде таяқ жеп те үлгергеніне қарамастан, анаған былай деп тіл қатты:

— Шайтан бауырым, тыңда, — күшің мен батылдығың менен асып түсуі себепті сенің, әрине, шайтан екенің кәміл, — саған айтар өтінішім: қанеки, екеуіміз бір сағатқа болса да бітімге келейік, өйткені, кернейдің құлағымызға келіп жеткен үздіккен үні, шамасы, мені жаңа шытырман оқиғаларға шақырып тұрған секілді.

Өзінің біреулерді ұрып-соғуы және өзін де біреулердің ұрып-соққаны әбден жалықтырған бақташы Дон Кихотты қолма-қол босатты, анау орнынан атып тұрып жұрттың бәрі бастарын бұрған жаққа басын бұрып тұра қалды да, кенет, зікіршілерді еске салатын ақ киім киген көп адамның қырдан төмен түсіп келе жатқанын көрді.

Ескерте кететін жәйт, сол жылы жерге нәр сіңіруге бұлттар сараңдық жасаған еді, осы жағдайға орай айнала-маңайдағы барлық елді мекенде құдіреті күшті құдай қайырымдылық қақпасын айқара ашып, жерге жаңбыр жіберуі үшін шерулер ұйымдастырылып, дұға оқу, күнәларына кешірім өтіну рәсімдері жасалып жатқан болатын; осы мақсатпен таяу маңдағы селоның тұрғындары жота басында орналасқан, өздері айрықша қадірлейтін бір зияратханаға қарай бағыт алған-ды. Олардың елден ерек киімдеріне зейіні ауып кеткендіктен, зікір салушыларды бұрын да талай көргені Дон Кихоттың тарс есінен шықты, — керісінше, оған бұл арада әлденендей бір шытырман оқиға болатындай, кезбе рыцарь ретінде осы оқиғаның бел ортасында жүруі керектей көрініп кетті; әлгі адамдар әкеле жатқан, азалы жамылғымен бүркелген мүсінді ұждансыздар мен жауыз қарақшылар алып қашқан әлдебір атақты сеньора екен деп ойлап қалуы да осы сенімін нығайта түсті; осындай байламға келген ол таяқ тастам жерде жайылып жүрген Росинанттың жанына жүгіре басып жетті де, ердің қасынан жүгені мен қалқанын босатып алып, қас пен көздің арасында атының ауыздығын салып, Санчодан семсерін алып беруін сұрады, сосын Росинантқа қарғып мініп, сол арада тұрғандарға қарап, қатты дауыстап былай деді:

— Ал, жарандар, жер бетінде кезбе рыцарь орденіне жататын кавальероның болғаны қандай ғанибет екеніне қазір-ақ көздеріңіз жететін болады. Қайталап айтам, тұтқынға әкетіліп бара жатқан ана қадірменді сеньораның осы қазір қалай азат етілгенінің куәсі болғаннан кейін, кезбе рыцарьлар құрметке лайық па, жоқ па, оны өздеріңіз-ақ түсінесіздер.

Осыны айтқан ол, Росинанттың бүйірінен шпоры болмағандықтан, өкшесімен тебініп қалды да, атының бар шабысымен, — бірақ желісімен емес, өйткені, осынау бір өтірігі жоқ хикаяның ұзына бойында Росинант желіп еді деп бір де бір мәрте айтылмайды, — зікіршілерге қарай құйғыта жөнелді, священник, каноник пен шаштараздың оны ұстап қалуға тырысып баққандарынан, әрине, ештеңе өнген жоқ, — оған тіпті Санчоның жалынып-жалбарынған айқайы да әсер етпеді:

— Қайда тарттыңыз, сеньор Дон Кихот? Сізді иектеп алған және католиктік сенімімізге қарсы шығуға түртпектеп тұрған қай шайтан? Өтірік болса атым өшсін, мұның зікіршілер шеруі екенін, ал орынтақта алып келе жатқан сеньора — балиғаты бұзылмаған пәк бикенің қасиетті бейнесі екенін қалай ғана түсінбейсіз? Не істегелі тұрғаныңызды ойласаңызшы, сеньор, — бұ жолы тіпті не істемегіңізді өзіңіз де білмейтініңіз кәміл.

Санчо босқа әуре болды, — мырзасының ақ шапандыларға тезірек жетіп, қара жамылған сеньораны құтқарып алу жөніндегі ойға басы бүтін берілгені сонша, оның бір сөзін де естімеді, ал тіпті естіген күнде де бәрібір, өзіне король жарлық берсе де кері бұрылмас еді. Ақыры ол шеруге жақындап, Росинанттың тізгінін тартты, — бұл бейшара соған демалады екем деп үміттеніп қалды, — сосын қатты толқудан тарғылданып шыққан даусымен:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий