Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол тұста селомыздағы жоқ-жұқана бір диқанның баласы Висенте де ла Рока дейтін біреу пайда бола кетті, — ол Италия мен басқа да елдерге жасалған жорықтан оралған еді. Он екі жасар бала кезінде селомыздың үстімен полкын алып өткен бір әскер басы оны өзімен бірге әкеткен болатын, сөйтіп ол жиырма төрт жастағы, түрлі түсті әскери киім киген, әр-алуан шыны әшекей мен жіңішке болат шынжыр таққан жігіт боп қайтып оралды. Бүгін бір сылдырмақ тағынса, ертеңіне басқасын тағып шығады, бәрі де сондай нәзік, ала-құла, салмағы да аз және көлемі де кішкентай. Селолықтар онсыз да оспақшыл халық, ал қолдары бос кезде нағыз сайқымазаққа айналып кетеді, — міне, солар мұның киімінің саны қанша екенін, қанша әшекейі барын есептеп шығарыпты, сөйтсе оның бар болғаны әрқилы түстегі үш түрлі киімі, таспалары мен шұлықтары ғана бар екен, бірақ бұл дүниелерін керемет шеберлікпен ауыстырып киетіні соншалық, егер әлгіндей арнайы санақ жүргізбегенде, кем дегенде он түрлі киімі, қалпаққа тағатын жиырмаға жуық қауырсыны бар деп бәстесуге болатын-ды. Сіздерден жалғыз өтінішім: оның киім-кешегі жайында осынша егжей-тегжейлі айтып жатқанымды мезі қылар мылжыңдық деп ойламаңыздаршы, — басымнан өткен жағдайда мұның өзгеше орны бар.

Әдетте ол деревня алаңындағы бәйтеректің түбіндегі сәкіге кеп жайғасып, ерлік істері жайында жыр ғып айтып отыратын, біз болсақ аузымызды ашып, көзімізді жұмып, бір сөзін қалт жібермеуге тырысып тыңдап отыратынбыз. Жер-дүниеде ол бармаған ел жоқ көрінеді, ол қатыспаған шайқас та болмапты. Күллі Марокко мен Тунисті мекен ететін маврлардан да көп маврды жайратыпты, ал жекпе-жек сайыстарының саны Ганте, Луна, Дьего Гарсия де Паредес пен өзі атап өткен мыңдаған басқа сарбаздың жекпе-жегінен де көп көрінеді және барлық айқаста да бір тамшы қан төкпестен жеңіске жетіпті. Айтпақшы, ол жарақатының тыртық боп біткен орындарын көрсеткен, одан тыртық секілді бірдеңені ажырату қиын болса да, ол мұны шайқастар мен қақтығыстар кезінде аркебуз оғы тиген жерлер деп сендіріп бағатын. Ол өзін өте өктем ұстап, есерлік пен дөрекіліктің не түрін көрсетті, туған анам — қолым, ата-тегім — істеген істерім, солдат мундирін киіп алған кезімде корольге де сәлем бермеймін, деп бөсетін. Азын-аулақ музыканттығы да осынау өзімшіл өпіремдігіне септігін тигізіп жүрді, гитараны біршама тәуір тыңқылдататыны рас-ты, кейбіреулер гитара оның қолына тиген бойда-ақ сөйлеп қоя береді деп бой бермейтін. Бірақ, бұл да аз: оның өлең шығаратын да дарыны бар еді, селомыздағы ұсақ-түйек оқиғалар турасында ұзындығы бір жарым миль романстар құрастыратын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий