Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шыбыш оның сөзін ұққандай болды, — қожайыны жерге тізе бүккен кезде жанына жата кетті де, зейін қоя тыңдамақ ниеті барын білдіргісі келгендей бетіне телміре қарап қалды, ал анау әңгімесін былай деп бастап кетті:

LІ тарау

Бұл тарауда бақташының Дон Кихот серіктеріне айтқан әңгімесі келтіріледі

— Осы алқаптан үш мильдей жырақта бір село бар, шағын болғанымен, аймақтағы ең бай елді мекеннің бірі. Сонда аса қадірменді бір шаруа тұрған-ды, өзі шын мәнінде де құрмет тұтуға лайық адам еді, өйткені, әдетте жұртқа байлығы үшін қошемет көрсетілетін болса, бұл кісі тек дәулеті үшін ғана емес, сонымен қоса адамгершілік абзал қасиеттері үшін де құрметтелетін. Алайда, өзі айтып жүретініндей, ең үлкен бақыты — асқан сұлу, айрықша ақылды, аса сүйкімді және ізгі мінез-құлық иесі боп табылатын қызы еді: оны жаңа көргендер мен бұрыннан білетіндердің қай-қайсысы да жаратқан мен жаратылыс ерекше жомарттықпен бере салған осы қасиеттеріне таңырқанбай қалмайтын. Сәби кезінің өзінде-ақ ол өте әдемі болатын, өсе келе сүйкімі одан да артып, он алтыға толғанда айдай сұлу аруға айналды. Оның сұлулығы жайындағы дабыра-дақпырт айнала-маңдағы селоның бәріне жайылды, — қайдағы айнала-маңды айтып отырмын! — алыс қиырдағы қалаларға жетті, король палаталарына кірді, сондай-ақ түрлі дәреже-атағы бар адамдардың құлағына шалынды, сөйтіп олар құдды елден ерек бірдеңені немесе ғажайып қасиеті бар иконды тамашалауға ынтық болғандай оны көруге жан-жақтан ағылып келіп жатты. Әкесі оны қорғаштап бақты, өзі де үнемі сақтанып жүрді, өйткені қызды қандай да бір құлып та, күзетші де, ысырма да өзі ұстанатын қатаң қағидалардай қорғап қала алмайтыны мәлім.

Әкесінің байлығы мен қызының сұлулығы оны айттыруға көп адамды ынтық қылды, оның ішінде селоластар да, келімсектер де бар еді, бірақ осынау асыл қазынаның иесі боп табылатын әкесі қызын сансыз көп күйеу жігіттің ішінен қайсысына берген жөн болатынын білмей дал боп жүрді. Осындай тәтті арманның жетегіне іліккендер арасында мен де бар едім және тілегім орындалар деп сенерліктей негізім де жеткілікті еді, себебі әкесі мені білетін: өзінің селоласы екенімді, текті әулеттен шыққанымды, күш-қайраты тасыған жігіт екенімді, ырыс-береке арылмаған үйім, өзіме жететін ақылым барын жақсы білетін. Бірақ, қызды дәл осындай қасиеттер иесі боп табылатын тағы бір селоласымыз айттыра бастады, міне осы кезде әкесі не істерді білмей дағдарып қалды, өйткені қызы оған екеуімізбен де бақытты бола алатындай көрінген-ді. Сөйтіп, бұл екеуі бір-бірімен тең екен, қайсысын қалайтынын сүйікті қызымның ықтияры білсін деп ойлап, басын босқа қатырмауды көздеген әкесі мұның бәрін Леандраға, — өзімді осындай мүсәпір халге жеткізген бай қызды солай атайды, — айтып беруге ұйғарды, — өстіп, балаларының тағдыр-талайына қамқорлық жасауға ниет еткен ата-ана атаулы өнеге алуына болатын қадам жасады, — бұлай дегенде ата-анасы балаларына жарамсыз бен жағымсыздың арасынан таңдауға ерік берсін дегенді айтып отырған жоқпын, керісінше, оларға жақсылар арасынан таңдау жасатсын дегенді меңзеп отырмын, сонда олар осылардың арасынан өз ықтиярымен ең тәуірін таңдамақ. Леандраның қандай тілек білдіргенін кім білсін, бірақ, әйтеуір, өзіммен және бақталасыммен әңгімесі кезінде әкесі қызының жас екенін сылтауратты, одан соң жалпылама мағынасы бар бірнеше сөз айтты: бұл сөзінен оның өзіне ешқандай міндет артпайтынын ұғындық, бірақ өзіміз не анда, не мұнда жоқ, екі дай халде қала бардық. Бақталасымның аты — Ансельмо, өз атым — Эухеньо, — сөйтіп енді сіздер бұл трагедияның басты кейіпкерлерінің есімін білдіңіздер, ал оның аяғы қандай болары әлі беймәлім, бірақ, шамасы, қайғылы болатын шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий