Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мына бір нәрсені қаперіңде ұста, Санчо, — деп сөйлей жөнелді Дон Кихот. — Ізгілік ірге бекітсе болды-ақ, оны құлатуға құштарлар да табыла кетеді. Бағзыда өткен айтулы ерлердің қай-қайсысы да немесе бәрі дерлік жаладан жалтара алмаған. Юлий Цезарьға, еш нәрседен жүрегі қайтпайтын, еш нәрсені көзден қалт жібермейтін және көзсіз батыр боп табылатын қолбасшыға, даңғой, киім киісінде де, мінез-құлқында да адам сүйер қылық жоқ деген кінә тағылды. Ерен ерлігімен “ұлы” деген атаққа ие болған Александрды “ішімдікке әуес” қып шығарып жүр. Іргелі істерімен ауызға ілінген Геркулесті нәуетек және нәпсіқұмар болған, деседі. Амадис Галльскийдің ағасы дон Галаор шамадан тыс қазымыр, ал інісі — жылауық болған дегенді айтады. Міне, сондықтан да, Санчо, айтулы адамдар турасындағы осыншама көп өсек-аяң нөпірінде өзіме қатысты өсек-аяңның, егер әлденені жасырып қалып жүрмесең, мүлдем елеусіз қалары хақ.

— Міне, кілтипан да сол әкетайымның пейіш төрінен орын таппайтынында болып тұр ғой! — деп дауыстап жіберді Санчо.

— Яғни, тағы да айтпағың бар ма? — деп сұрады Дон Кихот.

— Әриайдайым алда, — деп жауап қатты Санчо, — әлгім тек әләуләйім ғана. Егер сіз, тақсыр, өзіңіз жайында айтылып жүрген өсек-аяңға әбден қаныққыңыз келсе, қазір тез барып бір адамды шақырып келейін, ол сізге бәрін түгел баяндап береді, еш нәрсені ұмыт қалдырмайды: олай дейтінім, кеше кешкісін Бартоломе Каррасконың, әлгі Саламанкада оқыған, бакалавр атағын алған баласы келді ғой, содан оны келуімен құттықтағалы барған едім ғой, сол жерде ол маған сіздің, тақсыр, бастан кешкен хикаяларыңыз Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот деген атпен жарық көргенін айтты, оған қоса, әлгі кітапта менің де Санчо Панса деген өз атыммен, сеньора Дульсинея Тобосскаяның да өз атымен бейнеленгенін және онда екеуіміздің арамызда болған жайлардың бәрі тәптіштеп жазылғанын хабарлады, соны естігенде үрейімнің ұшқаны сонша, қолма-қол шоқына бастадым, — оны жазған адам мұның бәрін қайдан ғана біліп алған деп дегбірім қалмады.

— Олла-біллә, Санчо, — деді Дон Кихот, — жылнамашымыздың әлдебір данагөй сиқыршы екенінде күмән жоқ: егер бірдеңе жайында жазбақ болса, ондайлардан ештеңе жасырын қала алмайды.

— Қайдағы данагөйді, ол аздай сиқыршыны айтып отырсыз! — деп саңқ етті Санчо. — Бакалавр Самсон Каррасконың (әлгі айтқан адамымның аты-жөні осындай) айтуынша, ол кітаптың авторы Сид Ахмет Бен-ыңқыли ныспылы біреу ғой!

— Бұл мавр есімі, — деді Дон Кихот.

— Солай екенінде шүбә жоқ, — деп іліп әкетті Санчо, — маврлардың барып тұрған бетсіз екендігі жайында көп адамнан құлағдар болғам.

— Меніңше, Санчо, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — сен әлгі Сид дегеннің ныспысын шамалы бұрмалап жібергендейсің; оған қоса, айта кеткен артық етпес, бұл арабша “мырза” дегенді білдіреді.

— Әбден мүмкін, — деді Санчо. — Сөйтіп, енді, тақсыр, бакалаврды осында алып келгенімді хош көрсеңіз, жылдам барып ертіп келе қояйын оны.

— Бұл үшін саған алғыстан басқа айтарым жоқ, достым, — деді Дон Кихот. — Сен маған бір құпияның басын қылтиттың, — енді соны бүге-шігесіне дейін анықтағанша ештеңе ішпеймін де, жемеймін де.

— Ендеше, оны ертіп келейін, — деді Санчо қайталап.

Соны айтып, мырзасының үйінен шыққан ол бакалаврға бет алды, арада аз уақыт өткенде оны ертіп қайтып оралды да, сол жерде үшеуінің арасында аса бір қызықты әңгіме-сұқбат басталды.

ІІІ тарау

Дон Кихоттың, Санчо Пансаның және бакалавр Самсон Каррасконың арасында болған қызғылықты әңгіме жайында

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий