Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньор мавр ақыры бар шындықты қағазға түсірген болса, — деп құлаққағыс етті Санчо, — онда қожайыным жеген соққылардың арасында өз үлесіме тигендері де бары анық, олай дейтінім, мырзамның қабырғасы қақсаған шақтарда менің де тұла бойымның көкала қойдай боп шыға келетін дағдысы бар-ды. Әйткенмен, бұған таңғалатын не бар: бастың ауруы дененің басқа мүшелеріне де зардабын тигізеді деп мырзамның өзі мәлім етті емес пе.

— Әй, сіз де өзіңіз барып тұрған алаяқсыз-ау, Санчо, — деп салды Дон Кихот. — Басқасы басқа ғой, бірақ өз пайдаңызға келгенде қаперіңіз ғаламат.

— Қайтем енді, сыбаға берген сойылдарды есімнен шығарып тастағым-ақ келгенімен, көгерткен жерлері бәрібір ұмыттырар емес: бүйірлерім әлі күнге шейін қол тигізбейді, — деп қарсы уәж айтты Санчо.

— Жапшы аузыңды, Санчо, — деді Дон Кихот, — сеньор бакалаврдың сөзін бөлмей тұра тұршы, ал мен өз тарапымнан одан әңгімесін әрмен жалғастыруды, аталмыш хикаяда өзім жайында не айтылғанының бәрін баяндап беруді сұраймын.

— Мен де ұмыт қалмайын, — деп сөз қыстырды Санчо, — өйткені, жұрттың айтуынша, оның басты пресонаждарының біреуі мен көрінем.

— Пресонаж емес, персонаж, достым Санчо, — деп түзетті оны Самсон.

— Міне, тағы бір ыссы мұғалім табылды маған! — деді Санчо. — Егер әр сөзді аңди беретін болсақ, онда бұл әңгімені өмір-бақи аяқтай алмайтын шығармыз.

— Егер сен, Санчо, осы хикаятта екінші тұлға болмай шықсаң — бұл дүниенің қызығын көрмей-ақ өтейін, — деп мәлім етті бакалавр. — Ол өз алдына, мұқым осы хикаяттағы ең басты тұлға боп табылатын адамнан гөрі сенің аузыңнан шыққан сөзге көбірек бейіл беретін оқырмандар да бар. Сөйте тұрғанымен, біреулер осы арада отырған сеньор Дон Кихот өзіңе уәде еткен аралға губернатор болам-ау деп шамадан тыс аңқаулыққа салынғаныңды да айтып жүр.

— Оған уақыт бар әлі, — деп ескертті Дон Кихот. — Жасына жас қосылған сайын, жылдар өтіп тәжірибесі толыса түскен сайын Санчо нағыз қабілетті де іскер губернаторға айналады.

— Құдай ақы, сеньор, — деді Санчо, — осы жасыма шейін аралға губернаторлық етіп көрмеген едім, Мафусаил жасында да онда губернаторлық ете қоймаспын. Әңгіме аралды басқаруға епсектілігімнің жетпеуінде емес, әлгі аралдың өзінің із-түзсіз жоғалып кетуінде болып тұр ғой.

— Бәрін де құдайға тапсыр, Санчо, — деп жуаси үн қатты Дон Кихот, — сонда бәрі жақсы болады, бәлкім тіпті өзің күткеннен де жақсы боп шығуы ғажап емес, өйткені құдай алғыс бермесе ағаштағы жапырақ та қыбыр ете алмайды.

— Даусыз ақиқат, — деп тұжырды Самсон. — Егер құдай хош көрсе, Санчоның қол астына бір емес, мың аралдың қарауы ықтимал.

— Бұл губернатор дегендеріңнің талайын көрдім ғой, — деді Санчо, — байқауымша, олар менің ширегіме де келмейтін секілді, бірақ оларды жоғары мәртебелі деп әспеттейді және олар күміс ыдыс-аяқтан ас ішеді.

— Олар арал губернаторы емес, одан гөрі қарапайымдау иелігі бар жандар, — деді Самсон келісе қоймай, — арал губернаторлары құрығанда грамматика мен арифметиканы білуге міндетті.

— Арық дегеннің жайынан хабарым бар-ау, — деді Санчо, — бірақ метика деген не пәле — бұл тіпті үш ұйқтасам да түсіме кіре қоймас, білмеймін оның не екенін. Жә, аралдар тағдырын құдайдың құзырына тапсырайық, жаратқан ием мені пайдам көбірек тиетін жерге жібере көрсін. Ал, енді сізге мынаны айтайын, сеньор бакалавр Самсон Карраско, әлгі хикая авторының бастан кешкен жағдайларымды әңгімелеген кезде өзім жайында көңілге ауыр тиетін бірдеңені бықсытпағанына әбден ризамын, өйткені егер ол өзім секілді айрықша таза қанды христианның табиғатына жат әлденені көйіткен болса, онда ащы дауысымды тіпті тас кереңнің өзі де естір еді.

— Бұл нағыз ғажайыптың өзі болар еді, — дей салды Самсон.

— Ғажайып па, емес пе, — деп шорт қайырды Санчо, — бірақ анық білетін бір нәрсем, кім болса да пресондар жайында не айтатыны немесе жазатыны турасында жақсылап ойланғаны жөн, аузына не келсе соны оттай бермеуге тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий