Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Енді қалай, әрине, шығарғалы жатыр, — деп жауап қатты Самсон, — тек, айтуынша, екінші бөлімді әлі іздеп жүрген көрінеді, оның кімнің қолында сақтаулы тұрғанын да білмейді екен, сондықтан ол жарыққа шыға ма, жоқ па — бұл жағы әлі беймағлұм, онан соң біреулер: “Екінші бөлім ешқашан сәтті шықпайды”, дегенді айтады, ал өңгелері: “Дон Кихот жайында жетерліктей-ақ жазылды ғой”, деседі, осыдан келіп екінші бөлімнің болатынына үлкен күмән туып тұр. Әйткенмен, қабағы ашық, жүзі жарқын жарандар: “Бізге Дон Кихоттың басқа да қызық-шыжықтары керек, Дон Кихот жау іздесін, ал Санчо Панса мылжыңынан жаңылмасын, не жайында айтсаңыздар да еріктеріңіз — бізге бәрі қызықты”, деген өтініш білдіріп жүр.

— Сонда автор не істемекші енді?

— Не істесін, — деп жауап қатты Самсон. — Әлгі хикаяны айрықша ыждағаттылықпен іздестіріп жатыр, табыла қалса сол бойда-ақ басуға ұсынбақ: себебі ол мақтау мен мадақтан гөрі кіріс жайына көбірек көңіл бөледі.

Санчо оған мынадай жауап қайтарды:

— Е-е, авторымыз ақша десе, пайда десе ішкен асын жерге қоятын адам ба еді? Демек, жазуы сәтті шықса, мұны ғайыптан болған ғажайып деп қана атауға болар: себебі оған Пасха таяп келген кездегі тігінші әйел секілді асығыс-үсігіс тепшуге тура келеді ғой, — асығыстықпен жазылған шығарманың қашан да бір қайнауы ішінде болады. Жоға, анау әлгі сеньор мавр, басқадай аты қандай екенін білмеймін, барын салсын, ал біз қожайынымыз екеуіміз шытырман оқиға мен не түрлі тосын жағдай жөнінен аянып қалмаймыз, сондықтан ол тек екінші бөлімді ғана емес, тағы да сондай жүз бөлімді жазып шыға алады. Ол, ақ жүрек байғұс, ойлайтын шығар, бізді мұнда қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ боп жүр деп, қалай үріп ішіп, шайқап төгіп отырғанымызды келіп көрер ме еді, — мұндай ас та төк тіршіліктен тырапай асуың да қиынға соқпайды. Ал әзірше былай демекпін: егер мырзам айтқаныма құлақ асқанда, баяғыда-ақ жазық далада жүрген болар едік, ізгі ниетті кезбе рыцарьлардың машығымен және солардың салт-дәстүріне сай зұлымдықтың тамырына балта шауып, қисық-қыңырды тезге салумен айналысар едік.

Санчо осыны айтып ауыз жауып үлгергенше сырттан Росинанттың кісінегені құлаққа шалынды, бұл кісінеуді жақсы ырымға балаған Дон Кихот үш күннің, әрі кетсе төрт күннің ішінде қайтадан жорыққа шығуға шешім қабылдады; осы ниетін бакалаврға баян еткен ол, қай жаққа бағыт ұстағаны дұрыс болатыны жөнінде кеңес беруін өтінді; бакалавр оған, өз ойынша, Арагон корольдігін, Сарагоса қаласын бетке алғаны жөн болатынын, таяу мезгілде, яғни Георгий күні, сонда айрықша салтанатты сайыс өтуге тиіс екенін, сол сайыста Дон Кихот арагондық барлық рыцарьды тізе бүктіре алатынын, ал мұның өзі әлемдегі барлық рыцарьды тізе бүктірумен бірдей боп шығатынын айтты. Одан соң бакалавр Дон Кихотты аса бір ізгілікті әрі батыл бастамасы үшін мақтады, бірақ басын бәйгеге тікпегені жөн екенін алдын-ала ескертіп қойды, өйткені оның өмірі өзіне тиесілі болудан қалғанын, көмегі мен қамқорлығына мұқтаж күллі қарып-қасерге тиесілі боп отырғанын құлаққағыс етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий