Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сайыс мәселесіне, сеньор Самсон, мен қарсымын, — деп Санчо сөзге араласты, — себебі тәттіқұмар бала бес-алты піскен қауынға қалай құлшына ұмтылса, қожайыным да қарулы жүз адамға солай тап береді. Жә, бос әңгіме не керек, сеньор бакалавр, қай кезде шабуылдап, қай кезде шегінуге болады — бәрінің де өз уақыты бар, ал айқайды салып ұрандап екілене беру деген оңды іс емес. Оның үстіне, жаңылмасам, — сірә, мұны өз қожайынымнан естідім ғой деймін, — ұшқарылықтың екі түрінің: қоян жүрек қорқақтық пен көзсіз батырлықтың екі ортасында жүректілік тұрады, олай болса, алды-артыңа қарамай зыта жөнелудің де, сол сияқты күші басым дұшпанға дүрсе қоя берудің де қажеті жоқ. Ал, ең бастысы, мырзамды мынадай мәселеге байланысты алдын-ала құлақтандырып қойғым келеді: егер мені өзімен бірге ала кеткісі келсе, онда өз тарапымнан қоятын және міндетті түрде орындалуға тиіс шартым: айқасқа тек оның өзі ғана түсуі керек, ал маған артылатын міндет — оның таза киініп жүруі мен қарнының тоқ болуы ғана, — бұл істі жанымды сала атқаратын болам, — ал енді әлдебір дәу түгілі жол торыған қарақшының өзіне болсын қару жұмсау дегенге ешқашан аттап баспаймын. Мен, сеньор Самсон, жүрек жұтқан жауынгер ретінде атақ жиғым келмейді, кезбе рыцарьға бұрын-соңды қызмет еткен ең жақсы және ең адал атқосшы атансам деймін. Ал егер қожайыным Дон Кихот ұшан-теңіз және аса маңызды қызметім үшін маған, мархабатты мырзамның өз аузынан естігенімдей, осы өңірде жетіп артылатын сансыз көп аралдың бірін сыйлауға рақымшылық жасаса, онда мұнысы өзіме жасаған жақсылығы емес, аса бір татымды тартуы боп шығар еді, өйткені мен де, әйтеуір, жарық дүниеге бірдеңе бітіру үшін келдім емес пе; олай дейтінім, қай адам болмасын басқа ешкімге емес, тек жалғыз құдайға ғана үміт артуы керек, оның үстіне губернаторлықсыз табылған нанның да өзі өте дәмді, айта берсең, тіпті губернатор нанынан да дәмдірек боп шығуы әбден мүмкін ғой; ол өз алдына: әлгі аталмыш аралдарда сүрініп құлап, топырақ қабуым үшін шайтан өзімді аңдаусызда аяқтан шалуға әзірленіп жатыр ма, оны қайдан білем. Санчо боп жүрмін, Санчо боп өлем де, алайда өз басымды онша үлкен қауіп-қатерге де ұшыратпай, әуре-сарсаңға да түсірмей, ана жақтан ба әлде мына жақтан ба, әйтеуір аяқ асты әлденендей бір арал немесе соған пара-пар бірдеңе қолыма тие қалса, онда бұдан бас тарта қоятын ақымағың мен емес, “Баспақ берген екен, дереу бас жібін байла” жә болмаса: “Олжаға кенелсең, үйіңе қарай жөнел” деген мақалдар тегіннен тегін шықты деймісің.

— Сен, Санчо бауырым, — деді Карраско, — тура профессорша сөйледің, алайда, қалай болғанда да, құдайға және сеньор Дон Кихотқа үміт қыл, сөйтсең сеньор Дон Кихот саған әншейін бір аралды ғана емес, тұтас корольдікті тарту етеді.

— Жартысын берсе де жаман болмас еді, — деп құлаққағыс етті Санчо, —осы сөзіме сеніңіз, сеньор Карраско, қожайыным өзіме тарту ететін корольдік ештеңеден кемдік көрмейді: тамырымның дүрсілін тыңдап көрдім, корольдіктер мен аралдарды басқаруға денсаушылығым әбден жетеді, — бұл жайында қожайыныма да талай мәрте айтқанмын.

— Байқа, Санчо, — деді Самсон, — қызмет адамның мінез-құлқын өзгертіп жібереді; губернатор боп алғаннан кейін туған анаңды да танымай кетуің мүмкін.

— Бұл тек мұсылманға ғана тән қасиет, — деді Санчо ренжіп, — ал мен кіршіксіз таза христианмын. Жоға, дұрыстап көріп алсаңыздаршы

мені: мен өзі жақсылыққа жамандық жасайтын адамға ұқсай ма екем?

— Ылайым солай болсын, — деп Дон Кихот үн қатты. — Биліктің тізгіні қолына тигенде білерміз қайтетінін, ал маған ондай күн онша алыс еместей көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий