Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мәселенің мәнісі мынада, — деді Карраско, — басылып шыққан шығарма асықпай оқылады, сондықтан оның кемшілігін табу да оңай, оған қоса шығармашының даңқы неғұрлым дүрілдеп тұрса, туындылары да соғұрлым мұқият зерттеледі. Дарын-қабілеті дүйім жұртқа мәлім адамдарға, ұлы ақындар мен әйгілі тарихшыларға қашан да немесе көбіне-көп өздері бірде бір дүниені жарыққа шығармаған, бірақ басқалардың туындыларына үкім айтуға айрықша құштарлықпен және ынтызарлықпен кірісетін жандар қызғаныш білдіреді.

— Бұған таңғалатын дәнеңе жоқ, — деді Дон Кихот, — уағызшы болуға жарамсыз қыруар діни қайраткер бар, бірақ есесіне олар әлде бір уағызда ненің жетпей қалғанын, ненің артық болғанын тап басып айтып бере алады.

— Бұның солай екені солай, сеньор Дон Кихот, — деді Карраско келісіңкіремей, — әйтсе де, мұндай қазылардың көбірек қамқоршыл және азырақ қазымыр болғанын, сондай-ақ өздері жамандап отырған шығарма туындатқан жарқыраған күннің бетіндегі дақтарды санамағанын қалар едім, өйткені егер alіquando bonus dormіtat Homerus6 болса, онда әлгілер шуақты шығармасына көлеңкенің барынша аз түсуі үшін автордың қаншама уақыт сергек болуына тура келгенін ой елегінен өткізсе нетті, оның үстіне әлгілер ұнатпаған дақтар адам кескініне кереметтей көрік беріп тұратын табиғи мең боп та шығуы мүмкін ғой. Қысқасын айтқанда, шығармасын баспаға берген жан орасан үлкен қатерге басын тігеді, өйткені жұрттың бәріне бірдей ұнайтын кітап жазу мүлдем мүмкін емес нәрсе.

— Мен жайында жазылған кітап аз ғана топты алдарқататын шығар, — деп сөз қыстырды Дон Кихот.

— Тіптен керісінше: өйткені stultorum іnfіnіtus est numerus7, сондықтан бастан кешкендеріңіз сансыз көп оқырманның көңілінен шықты; дегенмен, біреулердің ойынша, автордың қапері осал да босаң секілді, өйткені Санчоның сұр жорғасын кім ұрлағанын хабарлауды ұмыт қалдырған: ұрының кім екені айтылмаған, бізге тек есектің қолды болғаны ғана мәлім, ал арада аз уақыт өткенде Санчоның қайтадан сол баяғы есегінде қонжиып отырғанын көреміз, ал оның қайдан пайда болғанын бір құдайдың өзі біледі. Бұған қоса, автор Сьерра Моренадағы шамаданнан табылған жүз эскудоны Санчоның қалай жаратқанын да хабарлауды ұмытып кетіпті десіп жүр: автор бұл жайында жұмған аузын ашпайды, ал шынтуайтына келгенде, Санчоның оны қалай жаратқанын және қандай қажетіне жұмсағанын білгісі келетіндер аз емес, — міне, кітапқа осындай елемеске болмайтын нақтылық жетіспейді-ақ.

Санчо бұған былай деп жауап қайтарды:

— Сеньор Самсон, дәл қазір менің қандай да бір есеп-қисаппен айналысарлық мұғдарым жоқ, — қарнымның шұрқырап тұрғаны сонша, егер сергектік үшін күшті шараптан бір сіміріп алмасам жаңқаға ұқсап солып қаларым кәміл. Үйімде шарап бар, қадірменді қосағым екі көзі төрт боп тосып отыр, тамақтанып алам да қайтам, сосын сіздің де, тілеуіңіз болғыр, есектің жоғалуы мен жүз эскудоны қайда жібергенім жайында білгісі келетін басқа біреулердің де тілегін толығымен қанағаттандыратын болам.

Жауап тоспастан және басқа бір ауыз сөз айтпастан Санчо үйіне кетіп қалды. Дон Кихот бакалаврдан қала тұруын, бұйырған астан өзімен бірге дәм татуын қиыла өтінді. Бакалавр шақыруды қабыл алып, қалып қойды; қосымша сыбаға ретінде екі көгершін әкелінді; дастарқан басында рыцарьлық жайында әңгіме қозғалды; Карраско үй иесінің сөзіне бас шұлғумен болды; осымен отырыс аяқталып, бәрі көз шырымын алуға жатты. Санчо қайтып оралған соң үзілген әңгіме қайта жалғасты.

ІҮ тарау

Мұнда Санчо Панса бакалавр Самсон Каррасконың таңырқаулы сұрақтарына жауап қайтарады, сондай-ақ хабардар болуға және айтып беруге татырлық оқиғалар орын алады

Дон Кихоттың үйіне қайтып оралған Санчо үзілген әңгімені қайта жалғап, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий