Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ізгі қасиеттер иесі боп табылатын және ізгі мұрат жолында жүрген адам үшін, — деді Дон Кихот бұған жауап ретінде, — өзі жайындағы жақсы лепестің баспа бетінде жарияланған сөздің арқасында көзі тірісінде-ақ неше алуан халықтың тілінде тарап жүргенін білуден асқан қанат бітірер қуаныш бола қоймас. Мен жақсы лепес деп отырмын, керісінше болған жағдайда онымен тіпті өлім де теңдесе алмайды.

— Ал енді жақсы атағыңыз бен жақсы атыңызға келсек, — деп іліп әкетті бакалавр, — сіз, тақсыр, кезбе рыцарь біткеннің бәрін түгел артта қалдырасыз, өйткені батылдығыңызды, қатер төнген шақтағы көзсіз батырлығыңызды, ауыртпалық түскен кездегі шыдамдылығыңызды, қысталаңға тап болған, сондай-ақ жарақат алған сәттердегі төзімділігіңізді, ақыр аяғында, сіздің, мархабатты мырзам, сеньора донья Дульсинея Тобосскаяға деген сырттай ынтызарлық сезіміңіздің тазалығы мен сыпайылығын мавр өз тілінде, христиан өз тілінде небір шырайлы да шұрайлы сөзбен сипаттап берген.

— Сеньора Дульсинеяны донья деп атағанын өмірі естіген емен, — деп сол жерде Санчо сөзге араласты, — оны жай әншейін сеньора Дульсинея Тобосская деп қана атайды, сондықтан бұл арада жазушың жаза басып отыр.

— Бұл қарсылығыңның бәлендей құны жоқ, — деп құлаққағыс етті Карраско.

— Әлбетте, әлбетте, — деп мақұлдай кетті Дон Кихот, — алайда, айтыңызшы маған, сеньор бакалавр: бұл кітапта әсіресе қай ерлігім айрықша дәріптеліпті?

— Бұл тұрғыда әр алуан пікір бар, — деп жауап қатты бакалавр, — өйткені әркімнің талғамы әрқалай: біреулер өзіңіз, тақсыр, Бриарейлер мен алыптар деп ойлаған жел диірмендерімен болған оқиғаны, өңгелер шұға шығаратын шеберханаға қатысты жәйтті, басқалар кейін екі отар қой екені мәлім болған екі қосынның сипаттамасын ұнатады, тағы біреулер Сеговияға жерлеуге алып бара жатқан мәйітке қатысты оқиғаға сүйсініс білдіреді, әлдекімдер — каторгаға кесілгендерді босатуға байланысты хикаядан артығы жоқ десе, тағы біреулер — бенедиктілік екі алыппен және жаужүрек бискайлықпен арада болған шытырман оқиға бәрін жолда қалдырады дегенді айтады.

— Айтыңызшы, сеньор бакалавр, — деп Санчо тағы қыстырылды, — ақ көңіл Росинантымыз мүйіз сұраймын деп құлақтан айырыла жаздаған, анау әлгі янгуастықтармен арада болған шатақ кітапқа еніп пе?

— Данагөй сауыт түбінде сия қалдырмаған, — деп жауап қатты Самсон, — ол барлық жайды қозғаған, барлығын түгел әңгімелеп берген, тіпті Санчоның көрпеде қалай аунағаны жөнінде де айтқан.

— Көрпеде ешқашан аунаған емеспін, — деді Санчо ренжіңкіреп, — әуеде аунағаным бар және, шынымды айтсам, оның тым ұзаққа созылғаны да рас.

— Өз ойымша, — деп сөйлеп кетті Дон Кихот, — зиялы орта өмірі жайындағы, әсіресе рыцарьлар ерлігі жөніндегі хикаяның қай-қайсысы да тақсірет тақырыбын айналып өтпейтін, — өңкей тек сәтімен оңғарылған істерді сипаттай бермейтіні белгілі ғой.

— Қалай болған күнде де, — деді бакалавр, — оқырмандардың кейбірі авторлардың қилы қақтығыс кезінде сеньор Дон Кихоттың басына жаңбырдай жауатын соққылар санын азайтқаны бізге көбірек ұнар еді дегенді айтады.

— Тарих шыншыл болуға тиісті, — деді Санчо.

— Дей тұрғанмен, авторлардың әділдікті арқа тұтып бұл жайында үндемей-ақ қоюына да болатын, — деді Дон Кихот келіспей. — Тарихи шындыққа шәк келтірмегенімен, оны бұрмалай қоймағанымен, кейіпкердің намысына тиюі әбден ықтимал ондай оқиғаларды егжей-тегжейлі жазудың түкке қажеті жоқ. Ақиқатына келсек, Вергилий суреттегендей, Эней соншалықты тақуа, ал Гомер әспеттегендей, Одиссей аса бір айлакер болмаған.

— Рас, — деді Самсон қоштап, — бірақ ақынның жөні бір бөлек те, тарихшының жөні бір бөлек: белгілі бір уақиғаның жайын баян еткен немесе мадақтап жырға қосқан ақын оның шын мәнінде қандай болғанын емес, қандай болуға тиіс екенін бейнелеуге құқылы, ал тарихшыға келсек, ол уақиғаны қандай болуға тиіс деген тұрғыда емес, шын мәнінде қандай болғанын ештеңесін қалыс қалдырмай, өз жанынан ештеңе қоспай қаз-қалпында сипаттауға міндетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий