Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Десима — он жолдық шумақ; редондилья — испандық дәстүрлі өлең шумағы — төрт жолдық шумақ, мұнда бірінші жол мен төртінші жол, екінші жол мен үшінші жол ұйқасып отырады.

Ү т а р а у

Марисанча. — Санчо Пансаның әйелінің де, қызының да аты — Мари (бірінші бөлімнің ҮІІ тарауындағы Мари Гутьерресті қараңыз). Мари есімі — халық арасында кеңінен тарап, әйел дегенді аңғартатын жалпы есімге айналып кеткен. Осы себепті, Мари Гутьеррес — жай ғана “Гутьеррес” дегенді, Марисанча — жай ғана “Санча” дегенді білдіреді. Испанияда қалыптасқан дәстүр бойынша, әйелі өз әкесінің әулет есімін (фамилиясын -Ауд.) сақтап қала алады (Санчо Пансаның әйелі өзін Тереса Каскахо деп атайды) немесе күйеуінің әулет есімін қабылдай алады (айталық, Тереса Панса дегендей), жә болмаса күйеуінің есімін әулет есім етіп алуына болады (Тереса Санча). Ал, балалар болса, құрамына әкесінің ныспысы кіретін, ал кейде бұл ныспының қысқартылған түрі немесе аналық түрі кіретін есім ала алады (Марисанча, Санча, Санчика). Санчо Панса әйелінің толық аты-жөні мынадай болатын: Хуанта-Тереса (есім) Гутьеррес (әкесінің есімі) Каскахо (әке жағынан алынған әулет есім).

Уррака — король Фернандо Кастильскийдің қызы (1065 ж. дүние салған). Аңызға қарағанда, әкесі өзін мұрадан құралақан қалдырғанын естіген қыз оған өз тәнін саудаға салатынын, осындай жолмен тапқан ақшасын оның рухын тыныштандыру үшін садақаға беретінін мәлім еткен көрінеді.

ҮІ т а р а у

...күннің сәулесін өзара қалай еншілескен жөн... — яғни күн сәулесі жекпе-жекке шыққандардың көзін қарықтырмау үшін тұрысатын жерлерін көрсету.

Санбенито — алқызыл крест бейнеленген, иыққа байланатын сары түсті мата немесе жамылғы; бұлар инквизиция көпшіліктің алдында тәубеге келуге үкім еткендерге кигізілетін болған.

Оттоман әулеті. — Отман (немесе І Осман) — Түрік (Оттоман) империясының ірге тасын қалаушы және Осмаили (1259 - 1326) әулетінің негізін салушы; аңызға қарағанда, әу баста қарақшылар тобының атаманы болған.

Кастильдік айтулы ақын. — Испанның көрнекті ақыны Гарсиласо де ла Вега (1503 - 1536) жөнінде сөз болып отыр. Сервантес оның бір шонжардың қазасына арналған элегиясынан алынған жолдарды келтірген.

...тор мен мәсуек. — Дворян тұқымынан өрбіген жандарға қолөнердің “масқарашылық” саналмайтын бірнеше түрінен (тор мен мәсуек (тіс тазартқыш) жасау солардың қатарына кіреді) басқасымен айналысу айып саналған.

ҮІІІ т а р а у

...ақынымыздың өлеңі... — Гарсиласо де ла Вега жөнінде сөз боп отыр.

Ротонда — Рим Пантеоны, Юпитер ғибадатханасы. Бұл қазір атақты адамдар мен Италия корольдерін жерлейтін қорымға айналды.

Гораций. — Бұл арада Рим мен Порсена арасындағы соғыста римдіктер отрядымен бірге Тибр өзеніндегі көпірді қорғаған, шайқас кезінде Рим әскерінен қол үзіп қалған Гораций Коклес турасында әңгіме болып отыр.

Муций. — Этруск патшасы Порсена Римді қоршауға алған кезде римдік жас жігіт Кай Муций Порсенаны өлтіру үшін сенаттың рұқсатымен жау ордасына барады, бірақ жаңылысып әскер басыларының бірін өлтіреді. Тұтқынға алынған ол жауап беруден үзілді-кесілді бас тартады. Порсена оны отпен азаптайтынын айтып қоқан-лоқы жасайды, бірақ ержүрек жігіт қолын қызыл шоққа қояды да, даңққа құмар адам азаптан қорықпайды, деп мәлімдейді.

Курций. — Аңыз бойынша, ж.с.д. 362 жылы Римдегі форумның астынан жер қақ жарылады. Абыздар жыра Рим өзінің ең асылын құрбандыққа шалғанда ғана қайта қабысады деп мәлім етеді. Марк Курций есімді жас жігіт бес қаруын сай етіп, атқа мінген қалпында құрдымға секіріп кетеді, оны құрсағына жұтқан құрдым да сол кез қайта қабысады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий