Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Севильялық әйел-дәу Хиральда. — Х и р а л ь д а — 1184 және 1196 жж. аралығында маврлар тұрғызған Севилья соборының мұнарасы, араб архитектурасының тамаша ескерткіші. 1568 ж. мұнараға кең жайылған ту (флюгер) ұстап тұрған, төрт метрлік Сенім атты әйел мүсіні орнатылды.

Гисандо бұқалары — Гисандо (Авила қаласының маңайы) төңірегінде жатқан, түр-тұрпаты анық кескінделмеген төрт дығал мүсін.

Кабра құрдымы — Кабра елді мекені (Кордова провинциясы) маңайындағы терең шыңырау, жоққа сенгіш адамдар оны тозаққа бастап баратын бір есікке балап келген.

Жеңіліс тапқан дәріпті болса неғұрлым... — Алонсо де Эрсильяның “Араукана” дастанының бастапқы жолдары (“Дон Кихоттың” бірінші бөлімінің ҮІ тарауына берілген түсініктемені қараңыз.)

...екі фунт балауыз — шырақ жасауға арналған балауыз; діни ағайындықтар мүшелеріне жарғыны бұзғаны үшін берілетін жаза.

ХҮІ т а р а у

Глосса — бірнеше шумақтан тұратын өлең; бұл шумақтардың ең соңғы жолдары өлеңнің негізгі айтар ойын бейнелейтін өз алдына бөлек шумақ құрап, кей ретте өлеңнің бас жағына орналастырылады.

Понт аралдарына жер аударылу — император Август Қара теңіз (ол кезде бұл Понт Эвксинский (Меймандос теңіз) аталған еді) жағалауына жер аударып жіберген римдік ақын Овидий Назонды (ж.с.д. 43 - ж.с. 17) мегзеу.

ХҮІІ т а р а у

Арыстан жүректі дон Мануэль — Перес де Итаның “Гранададағы азаматтық соғыстар” романындағы ғашығы арыстандар жатқан торға қолғабын байқаусыз түсіріп алған кезде торға тайлықпай кіріп барған рыцарь. Осы сюжетке Шиллер “Қолғап” деген баллада жазған.

ХҮІІІ т а р а у

...беу, шырын қазына... — Гарсиласо де ла Веганың Х-шы сонетінен алынған жолдар.

...итбалық терісінен жасалған таңғыш (Дон Кихот... бүйрек ауруынан тақсірет тартыпты)... — Сервантестің заманында итбалық терісінен жасалған таңғыш бүйрек ауруынан сақтайды деген түсінік болған.

Дистрибутивті құқ пен коммутативті құқ — ортағасырлық құқ терминдері. Дистрибутивті (үлестіруші) — белгілі бір адамның іс-әрекетіне сай берілетін игіліктер мен жазаларды үлестіру деген мағына береді; коммутативті (ауыстырушы) — бір жазаны екіншісімен (әдетте, жеңілдеуімен) ауыстыру дегенді білдіреді.

Діни ілімдік және кардиналдық барлық ізгі қасиеттер — діни ілім терминдері. Сенім, үміт және қайырымдылық секілді ізгі қасиеттер діни ілімдік деп аталған; ал, басқа ізгі қасиеттердің бәрі бастау алатын: парасаттылық, қуат, ұстамдылық және әділдік секілді негізгі ізгі қасиеттер кардиналдық деп аталған.

Николао-балық — аңызға айналған итальян жүзгіші, жартылай адам -жартылай балық.

...картезиандық құтханадағыдай, тым-тырыс тыныштық... — Картезиандық орденнің монахтары тіл қатыспау жөнінде серт берген.

...бір ақын айтқандай... — Сервантес заманындағы танымал суырып салма ақын Хуан Баутиста де Вивар мегзеліп отыр.

ХІХ т а р а у

...киген киімдеріне қарап діни қызметшілер ме әлде студенттер ме деп ойлап қалуға болатын екі адам... — Ол кезде студенттер мен священниктердің киген киімдері бір текті болған.

...сайягездікті толедолықша сөйлеуге мәжбүр етудің мәні жоқ... — Сайягездіктердің, яғни Сайяго өңірінде туып-өскендердің, тілі шатпырақ саналған; Толедо тұрғындарының тілі, керісінше, көркем деп бағаланған.

Дубильни — Толедоның шет жағы; Сокодовер — сол қаладағы ұры-қарылар бас қосатын орынға айналған алаң; собор ауласы — Толедо қауымындағы “игі-жақсылар” серуендейтін орын.

Махалаонда — Мадрид маңындағы, мәдени өмірден жұрдай меңіреу жердің синониміне айналған шағын елді мекен.

ХХ т а р а у

Арроба — салмақ өлшемі (11,5 келі).

Амур (“Купидон” деп те аталады) — Ежелгі Рим аңыз-ертегілеріндегі махаббат құдайы; әдетте қолына садақ пен жебе ұстаған қанаты бар балақай кейпінде бейнеленеді.

“Сөйлесе жүретін” би — бимен және әнмен сүйемелденетін пантомима.

ХХІ т а р а у

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий