Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кандайя — Үндіқытай, Коморин мүйісі — Үндістанның оңтүстік шалғайындағы мүйіс.

Жек көретін бір сұлу... — кезінде көпшіліктің арасында үлкен құрметке ие болған суырып салма итальян ақыны Серафино Аквиланоның (1466 - 1500) өлеңі.

Ажал! Сол сәтті иек қағатын... — испан ақыны Эскрибтің өлеңі (ХҮ ғ. соңы -— ХҮІ ғ. басы).

Кесірткелер аралы — адам тұрмайтын аралдарды испан халқы осылай атаған. Кесірткелер аралына жер аудару — қазақтың “итжеккенге айдау” деген сөзімен мағыналас.

Ариаднаның тәжі ( м и ф. ) — Дионис Ариаднаға тарту еткен, асыл тастармен безендірілген алтын тәж. Аңызға қарағанда, Ариадна берген арқаудың көмегімен Крит шытырманынан аман-сау құтылып шыққан Тезей кейін опасыздық жасап, Ариаднаны Наксос аралында қалдырып кетеді, Дионис оны осы жерден жолықтырып, мәңгі өлмес зайыбына айналдырады.

Күннің сәйгүліктері ( м и ф. ) — Фебтің (Күннің) күймесіне жегілген сәйгүліктер.

Тибар. — Тибар арабша “алтын” дегенді білдіреді. Сервантестің заманында Африкадағы Алтын Жағалауды осылай атаған.

Панкайя бальзамы. — П а н к а й я — хош иісті өсімдіктерімен аты шыққан, Африкадағы аңыздан жаратылған ел: аңызда ол, сондай-ақ, феникстің отаны делінеді.

Альгуасил — полиция қызметкері.

Х L т а р а у

Потоси — Боливиядағы бір қала.

Беллерофонт ( м и ф. ) — Коринф патшасы Главкінің ұлы; ол қанатты тұлпар Пегастың көмегімен жалын құсатын үш басты құбыжық — Химераны жеңген еді. Беллерофонт Пегасқа мініп аспанға көтерілмек болғанда Пегас оны аударып тастайды да, өзі жалғыз ұшып кетеді, кейін шоқ жұлдызға айналдырылады.

Боотос, Перифой ( м и ф. ) — Б о о т о с — Волопас шоқ жұлдызының грекше атауы. П е р и ф о й — Тезейдің досы, Прозерпинаны алып қашу үшін онымен бірге жер асты патшалығына түскен. Бұл арада Күннің төрт сәйгүлігінің екеуі — Пирей мен Эо деудің орнына Боотос пен Перифой деп жаңсақ аталып кеткен.

X L І т а р а у

Троялық Палладиум ( м и ф.) — Әйел құдай Палладаның Трояға түскен, қала дербестігінің кепілі саналған бейнесі.

Перальвильо — Ламанчадағы, Сьюдад Реаль қалашығы маңайындағы Қасиетті ағайындық қылмыскерлерді өлім жазасына кескен орын.

Өжет жігіт ( м и ф.) — әкесі Фебтің күймесін айдауға тәуекел еткен, сол үшін ажал тапқан Фаэтон мегзеліп отыр.

...Әуенің бұршақ пен қар туындайтын екінші қатпарына... — Өз пайымдауларына Дон Кихот Птоломейдің әлемдік жүйесін негіз етеді. Бұл жүйеге сәйкес, барлық ауыр элементтер әлемнің орталық бөлегіне қарай лықсып, соның төңірегіне шоғырланады да, Жердің шар тектес массасын құрайды. Су, ауа, от секілді жеңілдеу элементтер бірінің үстіне бірі қатпарланып орналасады. Көзге көрінетін әлемнен (жер, су, ауа, от) басқа, бесінші элемент — кемеліне келген эфир бар, аспан шамшырақтары содан құралады.

...лиценциат Торральба... әйгілі шабуыл мен қырғынға куә болды... — Ү Карл ландскнехттерінің 1527 ж. мамырда Римді талан-таражға салғаны жайында әңгіме болып отыр. Солдаттар үй-үйді қоршауға алып, онда тығылып жатқандардың барлығын флейталар сазының “сүйемелдеуімен” қан-жоса ғып қырып салды. Ү Карл әскер басыларының бірі герцог Бурбонский осы қаланы қоршау кезінде өлтірілді. Ү Карлдың солдаттары басына епископ митрасын киіп, иығына мантия жамылып, папаның қашырларына мініп қалада серуендеп жүрді, Ватиканда өткізілген сайқымазақ конклавқа (Рим папасын сайлайтын кардиналдар кеңесі - Ауд.) жиналды, осындай жиынның бірінде папа ҮІІ Климентий орнынан тайдырылды. Осы бассыздықтар жайында құлағдар болған дәрігер Эухеньо Торральба мұны жұртқа жария ете бастады, сол үшін инквизицияның тырнағына ілікті; оған сиқыршы деген айып тағылып, тірідей отқа өртеуге үкім шығарылды.

...жеті ешкінің жанынан... — Торпақ шоқ жұлдызындағы жеті жұлдыз мегзеліп отыр.

X L І І І т а р а у

“Ізгі ниетпен үндемесең, атанасың Санчо сен” — испанның “Аузына ие бола білген адам Санчо атанады” дейтін мәтеліне ишарат (“санто” — әулие және Санчо сөздерінің үндестігіне орай).

X L І Ү т а р а у

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий