Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

...дөңбекке, яғни көлбақалар патшасына, ұқсас... — Рим мысалшысы Федрдің “Патшаға мұқтаж көлбақалар” аталатын мысалына ишарат; мұнда көлбақалардың патша сұраған өтінішіне орай Юпитер оларға бір дөңбекті лақтырады, бірақ бақалар мұндай патшаға қорсына қарағандықтан, анау бұларға айдаһарды жібереді де, ол бақалардың бәрін жеп қояды.

...жеткізу ақысын төлеп... — Ол заманда хатты жеткізу ақысын хатты алушы төлейтін.

L І І т а р а у

Аюнтамьенто — қалалық немесе селолық кеңес; бұл арада — кеңестің ғимараты.

L І І І т а р а у

Құмырсқа қанаттары — “Қатер төнгенде құмырсқаға да қанат біткен” дейтін мақалға ишарат.

L І Ү т а р а у

...кавьяль деп аталатын, балық жұмыртқаларынан дайындалатын... — Әңгіме қара уылдырық жайында болып отыр.

...бұған әсте налыған жоқ... — Өртеніп жатқан Римге жайбарақат көз салып тұрған Нерон жайындағы романстан алынған, кекесінді сипатта өзгертіліп қолданылған дәйексөз.

...сол бір жарлықтың қандастарымның қалай зәре-құтын алып, үрейін ұшырғаны... — Морискілерді (мәжбүр ету арқылы шоқындырылған маврларды) Испаниядан қуып шығу жайындағы алғашқы жарлық 1609 ж. жарық көрді. Бұл Гранадада, Мурсияда және Андалусияда тұратын маврларға қатысты жарлық болатын. 1610 жылғы 10 шілдедегі екінші жарлық Кастилияны, Эстремадураны және Ламанчаны мекендейтін морискілерге бағышталды. Рикоте алқабын мекен ететін (Санчо Пансаның досы сол өңірден болатын), жергілікті христиандармен некеге тұрған морискілерге Испанияда қалуға рұқсат етілген, бірақ 1613 жылғы 19 қазандағы жарлықпен олар да қуғындалды. Қолдарына ұстап әкете алатын заттарынан басқа мүлкі жоқ морискілер үш күннің ішінде кемеге отырып Африкаға аттануға тиіс болды. Бұйрықты орындамаған жағдайда өлім жазасына кесілетін еді. Дүние-мүліктері тәркіленді; өздерімен бірге бағалы бұйым да, ақша да әкетуге рұқсат етілмеді. Мұндай қуғындауға мұрындық болған шіркеу еді, олар қалың бұқараның діни фанатизмін күшейтуге, сол арқылы жұртшылық назарын ІІІ Филипп пен оның сыбайластарының ел басқарудағы қылмысты қарекеттерінен аударып әкетуге мүдделі болған-ды.

...король жарлығынан қорқып... — 1609 ж. жарлықта Испания шегінен аласталатын мерзімі өткен морискілерге көмек көрсеткен, оларға баспана берген испандардың дүние-мүлкі тәркіленетіні қатаң ескертілген еді.

L Ү т а р а у

Гальяна сарайы. — Толедодағы алуан аңыз-әңгімеге арқау болған ежелгі ғимараттың қиратындысы осылай аталатын. Аңызда бұл сарайды мавр ханшасы Гальянаның әкесі тұрғызғаны айтылады, ханша кейін Ұлы Карлге күйеуге шыққан делінеді.

L Ү І т а р а у

...аты ...фриз тұқымынан... — Фрисландтағы (Голландиядағы) жылқы тұқымы меңзеліп отыр.

L Ү І І т а р а у

Эней қашқын, рақымсыз Бирено... — Вергилий “Энеидасының” кейіпкері Энейдің өзіне ғашық Дидонаны, ал “Қаһарлы Роланд” кейіпкері Ариостоның өз ғашығы Олимпияны тастап кеткеніне ишарат.

Атарфе, Марчена — Испаниядағы қалалар.

“Жүз”, “корольдік”, “кім бірінші” — карта ойынының түрлері.

L Ү І І І т а р а у

Гриф (м и ф.) — басы бүркіт, денесі арыстан тәрізді құбыжық.

Әлдебір Мендоса үстелге тұз шашады, соған қараған бойда жүрегі жабырқап сала береді. — Испанияның жекелеген отбасыларындағы жоқты-барға нанғыштықты келекелейтін мәтел.

Сципион — римдік әскербасы Публий Корнелий Сципион (ж.с.д. 185 - 129 жж.); Карфагенге қарсы соғысып, оны қиратқан болатын (ж.с.д. 146 ж.).

“Әулие Яго, Испанияны құлыпта!” — Испандардың маврлармен шайқастағы Санчо терістеу түсінген ежелгі әскери ұраны: “Santіago, y cіerra Espana!” (“Әулие Иаков бізбен бірге — қырып сал, Испания!”). Шадияр Иаков Испанияның қамқоры саналады (454-ші бетті қараңыз). “Сerrar” сөзінің екі түрлі мағынасы бар: қырып-жою, күйрету және құлыптау, қамау. Санчо соны шатастырып отыр.

Агаряндар — африкан халықтарының сол тұста кеңінен қолданылған жалпы атауы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий