Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

...ұсталардың қызғаншақ құдайы Венера мен Марсты шырмап тастаған... (м и ф.) — Аңызға сәйкес, ұсталық шеберлік құдайы Вулкан алмастан жасалған тормен әйелі Венера мен оның ойнасы Марсты шырмап байлап тастаған.

Эклога — Сервантес заманындағы пасторальдық жанр түрлерінің жалпы атауы.

Гарсиласо — испан ақыны Гарсиласо де ла Вега.

Камоэнс — Португалияның аса көрнекті ақыны (1254 - 1580).

Актеон, Диана (м и ф.) — Диананы шомылып жатқан кезінде көргені үшін жазаға тартылған Актеон бұғыға айналдырып жіберіледі де, соңынан оны өзінің иттері талап жейді.

Мен ешқандай бұқадан қорықпаймын, тіпті Харама өзені жағалауында жайылған бұқалардың ең шектен шыққан жабайыларынан да! — Сол тұста қалыптасқан ұғым бойынша, Харама өзені жағалауындағы шалғындықтың онда жайылған бұқаларға айрықша күш-қуат қосатын қасиеті болған.

L І Х т а р а у

Дон Кихоттың Дульсинея Тобосскаядан жерініп қалатыны... — “Дон Кихоттың” жалған екінші бөлімінің авторы Авельянеда вариантында Дульсинеяның жадысын қайтарудан үміті үзілген кейіпкер одан жерінеді де, “Махаббатсыз Рыцарь” деген лақап есімді иеленеді.

L Х т а р а у

Корольдерді таққа отырғызатын да, тақтан құлататын да мен емес... — ежелгі бір романс негіз болған мәтел; бұл романста испан королі Қатыгез Педроның (1350 - 1369) өз інісі Энрикемен күреске шығып, оңбай жығылатыны айтылады. Энрике француз әскербасы Бертран Клакенді (Дюгекленді), — сайыс соның шатырында өткен, — көмекке шақырады, сонда анау: “Мен корольдерді тақтан да құлатпаймын, таққа да отырғызбаймын, мен тек мырзама адал қызметші ретінде ғана көмек көрсетем”, депті.

Донья Санчаның қас дұшпаны... — ежелгі романстан алынған жолдар.

...Барселонаға да жақындап қалдық... — Ол заманда Барселона мен оның маңайындағы елді мекендер қарақшылар шабуылынан көз ашпайтын. Феодалдық қатынас жойылғанымен, жаңа жағдайға мойын ұсынғысы келмеген каталондық ірі жер иеленушілер шаруаларды феодалдық кіріптарлықта ұстауға тырысып бақты. Феодалдық қанауға қарсы шыққан шаруалармен күрес жүргізу үшін каталондық вице-корольдің жарлығы бойынша 1602 ж. “Одақ” аталатын милиция құрылды, оның негізгі міндеті аталмыш қарақшылармен күресу болатын. Бұл шын мәніндегі азамат соғысына алып келді, өйткені халық өкілдерінен жасақталған милиция көп ретте сеньорлардың өзіне қарсы шайқасқа шығатын. Кеңінен өріс алған азамат соғысы кезінде бірі “ниерралар”, екіншілері “каделлдер” деп аталды. Осындай жасақтардың бірін романда аталған, қара шаруадан шыққан Роке Гинарт басқарды.

Озирис (м и ф.) — Египеттік құдай, Роке Гинарт оны сицилиялық атышулы тиран Бузириспен шатастырып тұр.

L X І т а р а у

... бұл адам құлағының құрышын қандыра қоймағанымен... — Бейнелі сөйлемше. Мұның негізінде Аврораның Троя соғысы кезінде Ахиллес өлтірген ұлы Мемнон жайындағы аңыз жатыр. Мемнон жөніндегі бұл аңыз кейіннен Фивы қаласы маңайындағы, жер сілкінуі салдарынан құлап қалған орасан үлкен мүсінге жанастырылды. Күннің алғашқы сәулесі түскен шақта мүсін сынықтарынан музыка аспабының үзіліп кеткен ішегінің дыбысына ұқсас дыбыстар естілетін болған, осыған байланысты Мемнон ана мейіріміне жауап қайтарып жатыр деген аңыз шыққан.

... арагондық жуырда жарыққа шығарған... — “Дон Кихоттың” жалған екінші бөлімінің авторы Авельянеда өзін Арагондағы Тордесильяста туып-өскенмін деп мәлім еткен-ді.

L X І І т а р а у

Эскотильо — алаяқ астролог.

Шығыршық ілу ат сайысы кезінде көсілте шауып келе жатқан салт атты найзасын лентаға ілінген шығыршықтан өткізуге тиіс болатын.

“Адал бақташы” — итальян ақыны Гваринидің (1537 - 1612) испан тіліне Кристобаль Суарес де Фигероа 1602 ж. аударған өлеңмен жазылған пасторальдық трагикомедиясы.

“Аминта” — итальян ақыны Торквато Тассоның (1544 - 1595) пасторалі. Оны Сервантестің досы, ақын әрі суретші Хуан Мартинес де Хауреги 1607 ж. испан тіліне аударған болатын.

Кватрин — көне заманғы итальяндық ұсақ теңге.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий