Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

...дара және жалғамалы хикаяттар... — яғни, роман мәтініне енген, бірақ оқиғаның негізгі арқауына тікелей қатысы жоқ (мысалға, “Пәруайсыз әуестік жайындағы хикаят”), сондай-ақ негізгі арқауға жанама ғана байланысы бар (мысалға, Хризостомо мен Марсела жайындағы, т.б.) хикаяттар.

Кордовалық ұлы ақын — испан ақыны Хуан де Мена (1411 - 1456).

...жаңадан пайда болған Эней... — Вергилийдің “Энеидасындағы” басты кейіпкерге ишарат; ол өзіне ғашық Дидонаны күтпеген жерден тастап кеткен болатын.

Хака — Испаниядағы тау қыраттары.

Арланса, Писуэрга, Мансанарес, Тахо, Энарес пен Харама — Испаниядағы өзендер.

Тарпей жартасынан... — Ежелгі Римде өлім жазасына кесілген қылмыскерлер Тарпей жартасынан жерге лақтырылатын. Аңыздың айтуынша, өртке оранған Римді Нерон осы жартастан тамашалап тұрған.

X L Ү т а р а у

...антиподтар... — жер шарының диаметральды қарама-қарсы екі бетінің тұрғындары.

...антиподтар шолғыншысы... сүйкімді құмыра айналдырғыш... Тимбрий... Феб... біреулер үшін — мерген, екіншілер үшін — дәрігер... — жарықтың, көріпкелдіктің, медицина мен поэзияның құдайы Фебтің (Аполлонның) лақап аты. “Антиподтар шолғыншысы” — Фебтің бұл лақап есімі Жердің қозғалмайтыны турасындағы сол заманда қалыптасқан түсінікке байланысты туған; бұл түсінікке сәйкес Жерді айналып жүретін Күн “төменде”, яғни жоғарыдағы адамдардың аяғының астында тұратындарға да жарығын төгеді деп саналған. Ал, Фебтің “құмыра айналдырғыш” атануының себебі, күн сәулесінің қызуы адамдардың аңқасын кептіріп, оларды салқындатқыш сусын ішуге мәжбүр етеді, ал мұндай сусын қар толтырылған сауыттарға салып, шыр айналдыру арқылы салқындатылатын мыс құмыраларда дайындалады.

Баратария — испанның barato сөзінен жасалған атау, яғни арзан.

...губернатор жезліндегі крест... — жезлдің жоғарғы жағы крест түрінде жасалған еді, сот кезінде ол ант қабылдау үшін пайдаланылатын.

X L Ү І т а р а у

Виола — скрипкаға ұқсайтын музыкалық аспап, алайда ішектері жуандау және дыбысы да жуандау шығады.

Апарис майы — түрлі дәрмек қосылған зәйтүн майы. Бұл дәрінің керемет қымбат болғаны сонша, “Апарис майы секілді аса қымбат” дейтін мәтелге де кірді.

X L Ү І І т а р а у

Тиртеафуэра — Толедо провинциясындағы елді мекен. “Тиртеафуэра” (дәлірегі: tіratefura) деген сөздің тура мағынасы: “қараңды батыр”.

X L Ү І І І т а р а у

. ...өзінің оң қолын сүйіп алды... — айтылған сөзге адалдықты айғақтайтын белгі.

Альмалафа — ер адам мен әйел адам киетін араб сырт киімі.

...себебі ол тау тұрғыны болатын... — Испанияның солтүстік таулы аймақтарының тұрғындары реконкистаны (арабтар ҮІІІ ғ. басып алған өңірлерді қайта жаулап алуды) өздері тұңғыш боп бастағанын мақтан тұтатын және осы себептен өздерін ақсүйек адам санайтын.

Фонтанель — денедегі “арам сөлдің” сыртқа шығуы үшін аяққа жасалатын жасанды жарақат; Сервантестің заманында осының көмегі арқылы науқас адамға ем-дом жасалатын.

Жалаң аяқ ағайындар — Францискандық орденнің монахтары, оларға шәркейден басқа аяқ киім киюге тиым салынған-ды.

X L І Х т а р а у

Андрадилья — зерттеушілердің ойынша, бұл сол тұстағы атақты шулердің есімі болса керек.

L т а р а у

...аранхуэстік фонтандары... — А р а н х у э с — Испаниядағы қала — Мадридтен 49 шақырым жерде, Тахо өзенінің сол жақ жағалауына орналасқан; фонтандарымен даңқы шыққан. Мәтінде — сөз ойыны: фонтанель және фонтан.

...“Құдай ананы” оқитын керемет көркем маржан, “Әкемізді” оқуға арналған — алтыннан құйылған моншақтар... — Герцогиняның берген сыйлығы таспиық еді, оны алқа ретінде мойынға тағып жүруге де болатын.

Ұзын балақты шалбар — дәулетті адамдар ғана қысқа шаровардың орнына ұзын балақты шалбар киіп жүреді дегенге ишарат.

Жол-сапар бетпердесі — саяхат кезінде суық пен шаңнан қорғану үшін киілетін, көзге арналған ойығы бар, шұғадан жасалған бетперде.

L І т а р а у

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий