Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Кінәңді айтшы осы! Атшабарымды сабап отырған өзің емеспісің?

– Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ, бөрте ат еді.

Сұрадың, бере алмайтынымды айттым. Ұқсаң не етуші еді? «Ұстап әпкел!» деп, атшабарыңды, итіңді бөрідей қып, ақ, адал малыма шаптыратын не жөнің бар, Майбасар?

– Атты сұратқан мен емес! Мырза болатын. Мына бала Құдайберді қызығып көңіл қылған соң: «Ат жалын тартып мінгені осы еді Құдайбердінің, Құлыншақ бір еркелікке ренжімес, көтерер» деп, мен жібергенім рас.

– Еркелік! Не еткен еркелік?!

– Кірме, құл-құтанға істейтін зорлықтың атын алдарманға келгенде -«еркелік» қойыпты! - деп, Тұрсынбай, Садырбай екеуі кекетіп қойды.

Бөрте ат жөніндегі дауда екі жақ ұғыспады. Тартыс сөз үзіліп, біраз тоқырасып қалып еді. Аздан соң Майбасар Құлыншақтың бар Торғай руын бастап, Жігітек жағына көшемін дегенін мінеді. Соған шабуыл жасай бастады.

Құдайберді екеуін Құнанбай бүгін жібергенде, тапсырған анық сәлемі осы болатын. Осыдан бес күн бұрын туған бөрте ат жайын, атшабар сабалуын Майбасар әдейі жолдан қосып отыр. Сол қылмыстарын еске салып, ықтырып алам дегені еді. Құлыншақтар ол турада өздерін кінәлы деп санар емес. Тіпті сол жөнде ызалы болғандықтан атшабарды сабап алып, «Енді бізді көшіріп алсын» деген сәлемді Жігітекке шындап салып отыр. Осы өкпенің сыбысы бүгін ертемен Құнанбайға жеткен соң, ол өз қолтығынан Торғайдай жақын руды жіберуді қорлық деп біліп еді.

Бөжей өлген соң жаздан бері екі жақ сыртпен қақтығыспаса да іштен барды салып, ел тартысып, сілкісіп келе жатқан. Екі жағын бірдей қабындырып, кернегі алған араздық, енді болымсыз бір ілікке жете бере, астаң-кестен жарылатын сияқты.

Бөжей барда Тоқпамбеттегі төбелестен ірі жанжал болған емес. Бірақ содан бері мықтап әзірленіп, Құнанбайға қарсы майдан беруді Жігітек, Көтібақ, Бөкенші боп қатты ойлаушы еді. Бөжей өлді де, тартыс сырттан қарағанда азырақ іркілгендей болды. Бірақ ол сырттан ғана солай. Шындап ішке келгенде, Бөжейдің өлімі қайта дерт-жараны тіпті қатты дамытып жіберді. Өлімнің өзімен де Бөжей Құнанбайға жауығатын жұрттың шебін тұтастырып, бұрауын қатайтып, шеңберін ширатқан сияқты.

Әсіресе, Бөжейдің үзеңгі жолдастары Байдалы, Байсал, Қаратай, Түсіп, Сүйіндіктер ерекше сызданып алған.

Сол кезде Құнанбайдың Құлыншақ аулынан атақты «бөрте атты» сұратқаны тап болды. Құлыншақ атты бермеді. Байсал мен Пұшарбайлар Құлыншақты оңашада, құпияда көптен шырғалап тартып, жігін босастырып жүрген. Торғай руына Ырғызбай қандай болса, Көтібақ, Байсалдар да сондай жақын.

Бөрте атты басқа уақыт болса Құнанбайға Құлыншақ берер еді. Бермеске шарасы да болмас еді. Ел таразысын жақсы аңғармайтын Майбасар:

– Бермейді деген не сұмдық? Торғайдан алмасақ, қайратымыз қайсы?

Өкпелеп қайда кетуші еді? Кете алатын күші қайсы? - деп, өз-өзінен шабынып кеп жақында бір содырлық істеді. Жаңағы әңгіме соның арты.

Енді, міне, өкпенің бетін біржолата ашып ап, айқын түзеп алған Торғай, бұлардан кетпегін де айтып отыр.

Майбасар көшуден тоқтатам деп әр түрлі сөз айтты. Құлыншақ көбінше жауап бермей, құр үндемей тартынуға түсіп еді. Жарытымды жауап алмағанына ыза болған Майбасар, енді, Құлыншақтарды бұрынғы кеудеге салып қорқытып, ығырып жібермек болды.

– Уа, Құлыншақ ақсақал, көшпесін деген мырзаңның сәлемін айттым.

Көшпе деп өзім айтып отырмын. Жете айттым, арыла айттым. Енді көшпейім деген сертіңді бер, қысқасы! Соныңды естимін де, жүремін! - дегенде Құлыншақ қатуланып, жалт қарап:

– Ендеше, менің де сөзім қысқа, Майбасар. Тойдым, болдым! Көшемін! -деп, бір-ақ кесті.

Үй іші бұл сөздің тұсында тегіс ажырайысып, аңтарыла қарасып қап еді.

Майбасар қатты ажарға мініп, қамшысының сабымен сырмақты соққылап отырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий