Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шап! Шауып, тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жатқан Жігітек көшін! - деді. Қалың қолын Мұсақұл жаққа қиыс өтіп бара жатқан бір үлкен көшке қарай қаптатып жіберді.

Тұтқиылдан тиіскен қол бұл көш кімнің көші екенін аңғармаған. Құнанбай да ашумен алды-артын ескермепті. «Әйтеуір Жігітек көші болса, болды!» деген.

Көш Жігітектікі екені рас болды. Бірақ соның ішіндегі қаралы көш Бөжей көші боп шықты.

Құнанбай қолды қаптатып жіберіп, өзі артта қалған. Жасанып шапқан қол көштегі еркектерді сойылдап, бықпырт тигендей қып, қашырып тоздырды да, жылқы, сиыр атаулыны тиіп алды. Бірақ дәл көштің өзін ұстап, бұрып әкетпек боп келгенде, Бөжей көші екенін танып, қолдың алдыңғы жағында келе жатқан Ызғұтты мен Жақып тайқып кетті. Өзге жігіттерін де тигізбеді. Тұл атты жетектеген қос қыз мізбақпай дауыс айтып тарта берді. Бөжейдің бәйбішесі ғана атының басын іркін, түйелерін тоқтатып тұрып:

– Уай, қара бет! Көрінде өкір шетіңнен, қаралы көшке шапқан қара бет! -деді.

Бөжей көші екенін Құнанбай білісімен:

– Ендеше көшті шаппаңдар! Бірақ сол тұрған жерге қонсын, ілгері баспасын! - деді.

Бөжей көші іркіліп иірілді де, Мұсақұлға қонып қалды. Құнанбай қолы қайта серпілді.

«Бөжейдің қаралы көшіне шауыпты! Өлі аруақты да қорлапты!» деген хабар осы күні ана жақтың барлық ауылдарына тарады. Көштен бастап, түн бойы барлық еркек кіндікті аспап сайлап, атқа қонды. Жасақтың жиылатын ортасы Мұсақұл, дәл сол Бөжей аулының үсті, Құнанбайға қарсы белдесуге шыдап, қол жиғызып отырған Байдалы, Байсал болды.

Осы түнде Құнанбай қолы да дамылсыз ағылып кеп, Жидебайға жиылып жатты. Мұсақұл, Жидебай арасы үш-ақ шақырым. Осы екі қорық үлкен майданның орны болуға айналды. Құнанбай жақын маңдағы рулардан басқа, Қыдыр мен Шұнай, Доғалаң сияқты тауларды мекен еткен Тоғалақ, Әнет, Бәкенді де шақыртып, қос-қос атпен шапқыншылар ұшыртқан.

Байдалы, Байсал болса: Жігітек, Көтібақ, Бөкеншіні түгел атқа мінгізумен қабат, Қаратайдың елі Көкшеге де, одан арғы бір қалың ру - Мырза, Мамайға кісі шаптырған. Жасағына бұл шақырғаны Тобықты ішінде алыстап барып туысатын ағайын. Тобықтыдан бірер ата бері «Қоңыр» деген шеше ұранын шақырғанда барып, мыналармен туысушы еді.

Байдалының бір қамы осы болса, екінші үлкен ісі дәл осы түнде Түсіпті Қарқаралыға жөнелту болды. Қасына бес жігіт қосып, қалталарына қалыңдап ақша салды. Қос-қосардан сәйгүліктер жетектеп, әсіресе өз руларының мөр иесі адамдарына мөрлерін бастырып, отыздан аса «пірғауар» жасатып, Құнанбай үстінен мықты шағым сайлатып берді.

Осының бәрін тығыз әзірлетіп, Құнанбайды: «Ел бүлдірді, қаралы көшті шапты. Тобықтыны қалың соғыс қырғынға салып отыр!» дегізіп кезеп берді де, Түсіпті жедел жөнелтті.

Байдалы міндеті енді не де болса, қайыспай қасарысу, қайтпай соғысу.

Таң атысымен Құнанбайдың Жидебайға жиылған қалың қолы атой беріп, жүйткіп жосып, шандата шапты. Бұл қолдың молдығы ерсі екен.

Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де аттарына лезде мініп, өз қолдарына ұран салды.

Бұл жақ та қамсыз емес. Ат белдеуде, сойыл, шоқпар әзір болатын.

Құнанбай қолына қарсы бұлар да жасқанбай, таймай шапты.

Екі жақ шаңдатып шулап, сойыл, найзаларын зор айдынмен көтерісіп, бетпе-бет шабысып келді де, жапыр-жұпыр бір-бір араласып, шарт-шұрт ұрысып өтті.

«Мұсақұл соғысы» деп ат алып, кейін Тобықтының талай заман есінен кетпейтін осы соғыс екі жақтан ең кемінде мың-мыңнан әскер шығарды. Кісіге ден болмаған Құнанбай жағы талай рет қаптаса да тойтарылып қайта қайтып тұр. Әрбір шабуылдаған қақтығыста оннан, бестен құлап түскен жаралыларды екі жақ жиып әкетіседі.

Алғашқы күн көп қаржасса да, жеңісе алмаған қолдар кешке жақын кейін-кейін шегіністі.

Келесі күні, тағы осындай, бірін-бірі қашыра алмаған, жеңісе алмаған шарпысумен өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий