Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мына да қарлар не дейді?

Жақсыдан жаман көбейді.

Ескінің асыл көзі еді, Ұрлап та көмдің Бөжейді, -

деп, қатты айғайлап, қалт тоқтады.

Екі жақ та: «Айтамыз, жеткіземіз» деген орайлы сөздерін осы әйелдердің ауыздарымен айтысты. Осыдан әрі қайталаған да, өршіген де сөз болған жоқ.

Қос қыздың даусы тағы біраз созылып барып тоқтап еді. Сол кезде Зеренің дәл қасында отырған Ғабитхан молда жүгініп, жөткіріп алды да, бұхар мақамымен тәбәрәкті соза жөнелді. Үй іші тегіс жым-жырт. Сілейіп, қатып мүлгіп қалды.

Құнанбайдың Бөжейге жасаған бата оқырының түрі осы боп еді.

Әйелдерді осы үйге қалдырып, еркектерді бөлек оңаша үйге апарып, қаралы ауыл қонақ етті. Ауыл несі, күтуші болған Байдалы, Түсіптер. Бірақ шай, қымыз үстінде де, ет үстінде де, бата оқыршылар мен ауыл иелерінің арасында шүйіркелескен сөздер болған жоқ. Анда-санда Байдалы мен Құнанбай жауаптасқан уақытта, біріне бірі сыпайы ғана сөйлейді. Байдалы Құнанбайдың шынысын өзі әперіп, шайына сары майды өзі салып, бейіл көрсетіп отыр. Бірақ, барлары сол ғана. Сөйлесейін десе, сырттары сыпайы болысқан болмаса, айтысар жай жоқ сияқты.

Тек бірер кез, мал тойыны туралы, шөптің бұл өңірдегі биылғы шығымы туралы ғана сөздері болды. Тағы бір рет, көршілес Керей мен Найманның осы жаздағы аттаныстарын, бір-бірінен барымта алысып, шабысып қалғанын айтысты.

Құнанбайлар екінті мен ақшам арасында аттанар кезге шейін дәнекер болған осы әңгіме ғана. Бата оқыршылар сол кеште үнсіз, қоңыр тартып, жайлау-жайлауына қайтысты.

Бір қарыздан құтылғанына «уһ» дегендей боп, Күнкені ертіп, Байқошқарға қайтты. Жол бойында бәйбішесіне оның айтқан жалғыз сөзі:

– Күтсең, Сары апаңды күтсеңдерші! - деген ғана байлау еді.

2

Күз келді. Үш күннен бері сілбілеген ақ жауын айықпай тұр. Жайлаудан қайтып, Шыңғыс асып, қыстау-қыстау үстінде аз ғана аял етіп, пішен шапқызып болған ел енді күзекке беттеп келе жатқан. Жидебай, Мұсақұл, Қарауыл, Шүйгін су сияқты пішені шабылып алынған қорықтарда жиі қонып отырған ауылдар көп. Шыңғыстың ұлан-ұзақ, мол қыстаулы бөктерімен Қыдыр, Қызылшоқы, Борлы сияқты балақ таулары да, адыр-қатпарлары да ауыл-ауылға толы еді.

Жұрт жазғы үлкен үйлерді қоймаларға тастап, енді кішілеу-кішілеу қоңырқай үйлер көтеріскен. Жазғы күндей емес, қазір жылы киімдер киюмен бірге, баспананы да от жағып, ішіне киіз тұтып, ықшамды қып отыратын болу керек. Соған ыстан қорықпайтын, киізі бүтін, бірақ кішілеу үйлер қажет. Әлі келгеннің бәрінің істеген шаралары осы.

Қазірде күзеуге қарай ауысқан ауылдардың жаздан бөлек тағы бір өзгешелігі, енді қой сауылмайды. Ересек тартқан қозылар қоралы қоймен бірге жайылады.

Ат үсті мал қарайтын, сөз бағатын еркектер де бір жаңалық табысты. Суық түн, лайсаң күнге арнап, саптама, қалын шекпен, елтірі ішіктер киюмен бірге, меншікті, мінгіш аттарын да ауыстырып келе жатқан. Жаз жайлайтын аттардың бұл кезде еттері ояздап болған. Енді қыс суығына шейін қоң жиып алсын деп, оларды біржола қоя беріп, осы Шыңғыс асысымен күз мінетін, қыс мінетін құр аттарды ұстасқан еді.

Шаруаның шағын үйінен бастап, нелер малды, әлді дегендердің бәр-бәрі осы күндерде қалың майлы құр аттарын салқын-салқын кездерде міне бастады.

Аяңмен жүріп, қызыл май қылмай, жиі-жиі суытып, оқта-текте таң асырып жүрген.

Бұл уақытта біреуден біреу қызыққан аттарының майын сұрап міну, сатып алу, айырбас жасау сияқты істер де көп болатын.

«Күз алды-салдысы кеп мазасыз болар-ау!» десе, не «тосын жүріс, жолаушылар күзі болар» десе, сенімді аттарға қызығу, қолқа салу, әсіресе көп болатын.

Қазір екінті - ақшам арасында, Қызылшоқыдағы Құлыншақ аулына қарай жауыннан ықтай түсіп, жедел бастырып келе жатқан Майбасар мен Құдайберді осындай бір ат жайынан туған сырт шаруамен келеді. Қастарында жорға Жұмабай мен атшабар Жұмағұл бар.

Күздің бұлыңғыр күндегі кеші мезгілді анық болжатпайды. Сондықтан жарықта барайық деп қатты жүріскен еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий