Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Өй, сен не сандалып келесің осы? Үйдегі алжыған әжеңнің ақылынан басқа ақыл жоқ деп алғансың ғой өзің тіпті.

– Ал, сен болсаң, сол өзің қостаған әкеден де түк ұғып, түк ақыл алмайсың!

– Е, мені бір жайын өскен жабайы деп пе ең өзің? Енеңді...

– Бар «өстім» дегенде, тапқаның осы боқтығың ғой! Малшы-жалшыны жазықсыз боқтап, мардымсығаннан басқа түк үлкендігіңді көрсемші!

– Бәлем, тұра тұр, осыныңның бәрін де әкеме айтам!

– Айтсаң айта ғой! Мен де сенің жаңағы «алжыған» деген сөзіңді әжеме айтайын! - деп, Абай Тәкежанға қайсарлана қарады.

Тәкежан бұл жерге келгенде ерегістен амалсыз тайқып кетті. Тегінде, үлкен жанжалға тауаны жоқ, бұдырсыз болатын. Әкеге шағым жеткізу алыс та қиын. Айтқанын мақұл көре қоя ма, жоқ па? Онысы тағы екі талай. Ал, мынау Абай сүйенген «әже» деген - әлдеқайда қатер жер.

Тегінде Зере көп ашуланбайды. Ал, бірақ оқта-текте қатуланып түйілсе, әлі күнге аса зәрлі. Осы биылғы көктемнің өзінде Тәкежан көрші үйлердің бір кексе қатынын байқаусыз боқтап алып, жаман бәлеге қалған. Жазықсыз қатын қатты ренжіп, жылап отырып, Зере мен Ұлжанға барғанда, кәрі әже ашу шақырып, күйіп кеп, Тәкежанды алдына дереу шақыртып алып тергеу салған.

Тәкежан әжесінің аяздай суық ашуынан, қатты түйілген көзінен қорқып, өтірік айтпақ, танбақ боп жалтарып көрген. Ақыры тіпті ант ішуге де барып қап еді. Сол арада Ұлжан мен Зере өзгеше ашуланып кетіп, кәрі әже қолындағы ақ таяқпен мұны басқа салып-салып кеткен болатын.

Сол уақиға осы жаңада ғана, Тәкежан: «Жігіт болдым, қайныма барам» деп, әзірленіп жүрген күннің өзі де болған. Осының бәрі жаңағы ерегіс аяғында Тәкежанның есіне түсті де, енді осы бәленің бәрін жуып-шаймақшы болды.

– Өй, кетші әрі енеңді... - деп, шіреніп тұрып бір боқтады да, құла бестіні борбайлап шаба жөнелді.

Абай бұдан құтылғанына ырза боп, кейін қалды. Ақырын аяңдап келе жатыр. Жаңағы сезімдерін, жаңағы Тәкежанмен дау үстіндегі ойларын қайта есіне келтіріп соған тереңдеді.

Дау үстінде, ойда жоқтан тіліне оралса да, «Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді» деген сөз мұның өзіне қазір бір өзгеше мәні бар, өрісті ойдай... көрінді. Жынысының шиырымен шұбыру, жымын басу кімнің қолынан келмейді? Жыртқыш қайуан екеш, о да біледі. Бола алсаң - ол болма, адам бол! Жалғыз келе жатқан Абайды ендігі бағындырған ойы осы. Дәл осы бетте бүгін Абай өз тұқымының бір жанымен дауға түсті. Осынысы өзіне бір ажарлы, басқаша беттің басы тәрізді боп сезілді. Сондайлық салқын сыншы ойлар арасына осы жолда қайта-қайта Тоғжан келбеті келеді. Сәт сайын оралып, гүл жібектей бұралып кеп, мұны жақсы болуға үндейді. Мінсіз таза махаббатқа шақырғандай, жан ашыр рақымға шақырғандай болады. Бар дүние, бар адамзатты қоса сүйгізіп, қоса қымбат санататын аса бір қадірлі игілікке ымдап жетектегендей. Бұл қиялға мүлгігенде Абай Бақанасқа қалай жеткенін байқамай да қалды.

Бөжей ауылдары Жәнібекке көшіп келгенін Абайдан естісімен, сол күні түнде Зере мен Ұлжан Байқошқардағы Құнанбайға кісі шаптырды.

– Дәл қасымызға келіп қонып отыр. Енді аялдасақ ағайынның бетін қайтіп көреміз? Бата оқырын қалай жасасын дейді? Және Байқошқар, Бақанастағы екі ауыл қосыла бара ма? Соны тез шешіп, жөн айтсын! - депті.

Құнанбайдың өзінің күткені де осы кез сияқты екен. Ол дәл осы түннің өзінде қасына Күнкені алып, тағы он шақты қарт-қария, жігіт-желең алып Бақанасқа келді. Сонымен Бақанастағы барлық жиырма шақты ауыл ерте қамданып саба жиып, сойыс әзірледі. Әр ауылдың апаратын шамасына лайық -қой, қозы сойыстары сол таңертеңде сойылып, асылып та қалған.

Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір тай сойыс апарады. Және азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий