Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шыққанда жұрттың бәрінің артында қалған Оспан болды.

Ол биешілердің «Жуас тай мін» дегеніне көнбестен, бүгін ғана үйретілген қысырдың асау тайы - ақ тайды таңдаған.

Ақ тай соңғы үш-төрт күннен бері Оспанның есінен кетпейтін құмары.

Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай - қысырдың тайы. Енесі - асау көк бие. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған. Биыл арда емеді. Шу асаудың өзі. Соған жақында көзі түскен Оспан жас биеші Масақбайға жабысып жүріп, бүгін таңертең биенің бас сауымының тұсында бұғалықтатып, шыңғыртып ұстатып алған.

Масақбай осы жылқыдағы асау атаулының албастысы. Оспанның жалынғаны еріксіз көндіріп, Масақбай таңертеңнен бері сол тайды үйреткен-ді.

Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөңкіп, біресе шыңғыра тулап кетіп, Масақбайды да екі рет жыққан. Бірақ өзге асаудан көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған Масақбай, ақ тайға қатты ызаланып алған. Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды өлердей жазалаған. Үстіне үлкен жабу салып, оны басқұрмен шандып-шандып, қарғып мініп алған. Басқа-көзге төпелеп, шапқылатып, қан сорпа қып кеп, бағана желі басына байлап тастамақ болған.

Бірақ Масақбайдың өнеріне қызығып, өзі де қызып алған Оспан, тай әлсіреп келген кезде, жұрттың: «Тоқта!» дегеніне болмастан қарғып мініп алған-ды. Екі езуі қан боп жыртылып қалған тай әлі де өлердей қияңқы екен.

Оспан мінген жерде тағы да қайтадан шапшып секіріп, кәп қияңқылық етті.

Өзі жеңіл балаға оңай көнгісі келмей, қанша қырсық жасаса да Оспан жығылмай қойған. Оның бағана Смағұлға мақтанғаны да сол. Қазір желі басында қалғанда, Оспанды бөгеген сол ақ тай болатын.

Тай ежелгі асаулыққа салып, тағы мөңкіді. Бірақ Оспан жығылып, қорқудың орнына, құшырланып сабай береді де, езу тартып күліп қояды.

Баланы жыға алмаған тай, ақыр аяғы ала қашып, шаба жөнелген. Оспанның тілегені сол. Ол өзі ағызып келе жатқан тайды онан сайын борбайлап, басқа-көзге төпеп:

– Аруақ! Аруақ! - деп ұран салып, жосытып отырып Абайларды қуып жетті.

Ақ тай Оспанның ырқына әлі көніп болған жоқ екен. Ағызған күйінде сыңар езулеп, мойнын бұрып, қырындай шауып кеп, бар денесімен Тәкежанның құла бестісін қойып кетті.

Жұрттың бәрі де ығысып, бөгелеңдеп қалды. Оспан тайын бұрып, көптен сытыла бергенде, ақ тай тұра қалып, мойнын ішіне алып, шыңғырып жіберіп жаман мөңкіді.

Абай Оспанды аяп: «Мерт бола ма?» деп қорықты. Жалғыз-ақ Оспанның пішініне көзі түскенде қайран болды. Баланың үлкен көздері от шашып, өрттей жанып алыпты. Асаумен алысқан арпалысты жаны сүйгендей. Қорқыныштан биттей елес жоқ. Қайта: «Тулай түс» деп, қызыққан сияқты. Тай бұдан құтылмақ боп, нелер қиястық жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан қолма-қол тәсіл жасайды.

Бұл кезде Оспанның балалық жындылығы, ұрдажықтығы бір жолата жоғалғандай. Ол Абай көзінде - алыс-жұлыстың бір балуаны сияқтанды.

Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ таймен Оспанның арпалыс майданына қарады.

Тәкежан да таңдайын қағып, Оспанды боқтай түсіп, сүйсініп тұр.

Тайдың мөңкігенінен сескеніп, Оспанға болысайық деген ересек балалар болып еді.

Оспан асығып айғайлап, шолақ бұйрық етіп: - Тиме! Аулақ! - деді.

Осы кезде ақ тай мойнын ішіне алып, басынан асырмақ боп ортқып мөңкіді.

Оспан екі аяғын тайдың қос қолтығына тығып ап, шалқалап жатып алды.

Түсіре алмаған тай лезде екі артқы аяғын аспанға сермеп тепкіленді. Онда Оспан тағы да тақымын жазбастан еңкейіп ап, тайдың мойнын құшақтап жатып алды.

Тағы бір сәтте ақ тай оқыс шапшып қап, таласқан иттей қос аяқтап шаншылып еді. Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті білем. Екі беті қып-қызыл боп, қайратты шаштары үдірейіп, жалт етіп Абайларға қарап сақ-сақ күліп жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий