Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөжей ұзақ ауырған жоқ Жиыны бір-ақ жұма ауырды. Бірақ қатты жығылған бетінен бері қарай алмады. Алғаш төсек тартып жатысымен-ақ денесін жер тарта бергендей болды да, бетін суыққа салды. Науқасының үшінші күнінде тыныштық, тақат таба алмай, тынысы бітіп, жанталасып, өне бойы оттай күйіп жатты.

Өлімді көп көрген Байсал Бөжейдің тамырын ұстап, үнсіз, ауыр күдіктің үстінде отыр еді. Қастарында Байдалы, Түсіп, Сүйіндіктер бар болатын.

Азғана достарынан басқа бөтен жан жоқ Бөжей осы сәтте айтып қалғысы келді ме? Әйтеуір бір орайда Байсал отырып:

– Науқасы соқпа ғой! Соқпаның осындай қатқыл келетіні болушы еді, со ғой! Бір тер шықса, қалың тер шықса, айығар еді! Буып тұрған тер ғой! -дегенде, Бөжей қабағын түйіп, тістеніп, бар қайратын жинап алғандай болды.

Қаны қашқан, сарғылт, жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді. Әр сөзін бөліп, бірде қатты, бірде сыбырмен айтып, қылғынып, демігіп отырып:

– Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы ма? Әйтеуір...

келді ғой толайым. Құнанбайдың жері кеңір!.. Мен кешермін бұл дүниеден!..

Кетермін! Бөгет болмай кетермін!.. Бірақ... күндерің не болар? - деді.

Мынау отырған төрт досының ішінде сыр беріп жылаған - жалғыз Сүйіндік.

Анау үшеуі үн қатқан жоқ. Тастай түйіліп сазарысты да, жым-жырт қалды.

Бөжейдің арыздасқаны да, тіл қатып сөйлегені де сол. Осыдан кейін бір жанға бір ауыз сөз айтқан жоқ Арада тағы төрт күн еткен соң қайтыс болған.

Құнанбайға хабар бергізбеген Байдалы мен Байсал. Ел жатар кезде Бөжейдің тынысы бітті де, түн ортасына дейін естерінен айрылғандай боп, барлық қатын-қалаш, бала-шағамен бірге жаңағы үлкендер де өкіріп, өксіп жыласып отырды. Байсал бір рет қалын жиын жылап кеп, жағалай көріскен кезде, түрегеп тұрған қалпынан тәлтіректеп, жығылып та кетті. Сүйеніп тұрған таяқ та тіреу болмады. Талып кеткен уақты еді. Осыны көрген соң Байдалы Түсіп пен Сүйіндікті ертіп, Байсалды жиыннан, жылаған шудан оңаша алып шығып, оқшау барып отырып:

– Жылағанмен жақсы Бөжей қайта ма? Тірілер болса, күңіренген дүние, төгілген жас аз ба? Әнеки, - деді. Түн аспанын қақ жара шулап, боздап, зарлап жатқан қыз-қатын, ер-азамат жаққа қол нұсқады.

Жалын атып, аһ ұрып, күрсініп алып:

– Есті жи, Байсал! Белді бекем бу, түге! - деп өзгелерге де әмір, бұйрық сияқты сөз тастап, - ақыл қосыңдар одан да! Хабаршы жөнелтейік. Қамға кірісейік! - деді.

Қалған жай бәріне де мәлім еді.

Бұл үлкендер осы түнде қырық-елудей жігіт-желеңді және бірер ақылшы кәріні қастарына алып, өліктің артын күтетін қамға кірісті.

Хабарды кімге беріп, кімге бермеуді Байдалы өзі атаған. Сол ретте Құнанбай ауылдарын қатардан әдейі шығартып тастаған-ды.

Отыз-қырық кісідей шапқыншы түн ортасы ауа бергенде қос-қос атпен әзір болды. Жарау ат, айғырды мініп, қалың Тобықтымен көршілес Керейдің, Матайдың, сонау тіпті Қарқаралы жағындағы Шор мен Бошанның басты-басты жерлеріне де жат, суық хабарды алып, шашырай шауып жөнелген-ді.

Түн бойы ұйықтамаған Байдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдің өз үйінің жанына, осы өлкедегі ең үлкен үй Сүйіндіктің сегіз қанат аппақ үйін әкеліп тіккізген. Үй тігіліп болысымен, ішіне бөтен жасау-жабдық кіргізбей, тек есіктен төрге дейін кілем ғана жайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кіргізді.

Үстін көмкерумен қара кілеммен тегістеп болып, сол төсекке Бөжейдің сүйегін әкеп салғызды. Жаназасын шығарғанша өлік осында болмақ.

Бөжейдің өлігін өз үйінен шығарып, мынау үйге әкеп қою қаралы қатындар мен Бөжей қыздарының зарлауын қатты үдетіп еді. Байдалы сүйекті орналастырып болысымен сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий