Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөжейдің өлімін есіткенде, үй іші тегіс аңтарылып, селт етті. Бірталай уақыт жым-жырт отырып, үн қата алмай қалған үлкендер, мынау тосын хабарды енді-енді, әркім әр түрде сезіне бастап еді.

Құнанбай қатты сұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы көк адырға қадалып отырып, ернін жыбырлатты да, баяу ғана бата қылды.

Зере жалын атып, зор күйінішпен күрсініп қойып, кесек-кесек жас ыршытты.

Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты соғып кетті.

Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті. Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, жаназаға шақырар деп еді.

Әншейінде қаншалық қиян-кескі араз боп жүрсе де, «Торқалы той, топырақты өлім» дегенге келгенде, араздық ұмытыла тұратын. Әсіресе, Бөжейдей кісінің өлімінде жыласпаған, қойыспаған ағайын болу мүмкін емес.

Құнанбай да, Зере, Ұлжан да осы сәскеге дейін хабаршы келмегенін түсіне алмай, аса дағдарған еді.

Жаназаға деп саба, сойыс, үй қамдап, өз жолымен барудың жайын да шолақ-шолақ сөйлескен болатын. Бірақ кешке шейін тосса да хабаршы келмеді.

Сұмдық көрінсе де, көнбестеріне шара жоқ. Бөжейдің өліміне Құнанбайды шақырмапты. Әдейі алалап тастапты.

Бұл не Бөжейдің өлердегі өсиетінен немесе артына ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен. Қайсысы болса да осал соққы емес. Кеудесіне араздықтың қаны қатқан ағайын, енді міне, өлім екеш өлімімен де оқ атып кеткендей! Аталас жақын Олжай іші былай тұрсын, тіпті қалың Тобықты ішінде, алыс аталардың арасында да дәл мынадай алалау, кеудеге түрту болған емес.

Құнанбай қатты қипалып, ақыр аяғы ызаға кетті. Кешпес қатал ызаға кетті.

Өліге шара жоқ Әсіресе исі Тобықтыдан бері істелмеген қатыбас, жат сұмдықты шығарып отырған Байдалы, Байсалдарға кінәсі көп.

Бірақ сонымен қатар енді бүгінге шейін келген әзірлік, жаулыққа, жұлысуға беттеген әзірлік өзгеретін, іркілетін болды. Оны Құнанбай анық түйді.

Сондықтан Бақанастағы ауылдардың басшы кісілеріне және Ұлжан үйіне:

– Жай, шаруаларыңды бағып, тек тыныш тұра беріңдер! - деді де, өзі Жұмабайды ертіп, Байқошқар суының басына кеп қонған Күнкенің аулына кетті.

Майдан болғалы тұрған ауылдардың үстінде енді майдан болмайды деген сөз. «Аласапран болар, әлек-алқын жазы болар» деген бұл жаз, енді, тіпті басқаша болатын тәрізденді. Қандай болар? Онысы анық мәлім емес. Бірақ қалайда мынандай өлім үстінде ат мініп, аспап асынып жұлқысу жоқ болатын шығар.

Жаназаға, Бөжейдің жаназасына шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі боп қалған еді. Бірақ істер шара жоқ. Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын үйлерінде отырып төкті.

Бөжейге арналған құрандарын, «тие берсінін» өз үйлерінде, өз балаларына, Абай мен Ғабитхандарға оқытты. Шелпектерін пісіртіп, дастарқандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты.

Бұл күндерде Қаршығалыдай кең қонысқа жайыла қонған Жігітек, Бөкенші, Көтібақ атаулының сансыз көп ауылдарының үсті қалың нөпір, қара нор еді.

Ол өлкеге Бөжейді жоқтап, ертеңді-кеш, күндіз-түні «бауырымдап» аңыраған, аңдыздап, ат қойып, ағылып кеп, төгіліп түсіп, жыласып жатқан әйел-еркек, жас-кәрінің ұшы-қиыры жоқ.

Алыс-жақындағы Бөжейдің бастас, тілеулес ағайындары бөлек-бөлек, үлкен-үлкен үйлері мен сойыстарын, сабаларын, күтуші еркек, әйелдерін түгел алып келіскен. Өлімді күтудің ерекше бір көптен бері болмаған салтанаты туып еді.

Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай қалды. Ең болмаса Бөжейдің жетісіне шейін, немесе тіпті қырқына шейін «жыласатын ағайынды», «бата оқырды» осы кең қоныс – шалқарда тоспақ болды.

Бөжей өлген күннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, ертемен байласқан байлау осы еді. Сол жаңағы адамдарға бейім ауыл-аймақтар тегіс бір-ақ күн ішінде осы Қаршығалыға кеп Бөжейдің ауылдарын айнала қоршал, ортаға алып қонысқан-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий