Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сыныққа сылтау таба алмай отырған Құнанбай ғой. Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас беруші ме ем? Тіпті берсем де, басым сырықтан арылар ма еді? Кінәласа, құн тілесін енді менен. Бірақ, тек әлі жетсе алып көрсін! -деп, Бөжей бір-ақ томырылды.

Жер ашуы қайнар кезіне жеткен сияқты. Бұл сөздер биылғы жазды не қылса да үлкен лаңның, зор бәленің жазы етуге айналған сөздер еді.

Ызғұтты мен Жақыпты жөнелтісімен, Бөжейлер өздеріне қараған бар ағайынды баталасуға шақырыпты.

Сол күні кеше Құнанбай да өз тараптарымен баталасып, жаулыққа бекініп жатқанда, Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер боп, Бөжей аулында, Саркөл үстінде серт байлау жасасты.

Ел-елдің жайлаудағы өрісіне жеткен кезі емес. Әлі жаздың басы.

Шыңғыстан жаңа ғана асып қонысқаны осы еді.

Енді екі жағы да тез-тез көшіп, Бақанас, Байқошқар, Қазбала, Жәнібек сияқты кең қоныстарға, алыс өрістерге жіті жетіп алмақ. Ендігі жаз күндері, барлық жайлау күндері, майдандасқан шептер мен жұлысқан топтардың күні, түні болатын сияқты түрі бар.

Жалпы Тобықты қауырт, асыға көшіп келеді. Жігіт атаулы сойыл шоқпарын сайлап, жаз мінетін аттарын жиі-жиі таң асырып, асыға жаратып жүр.

Қызу өсіп, күн санап өрбіп келеді. Көршілес ауылдарда күн сайын тыныштығы кеткен мазасыз айғай дырду көбейіп, кәрі-жас та, қатын-қалаш та:

«кеп қалды!» «тиіп кетті», «алды, жұлды!» деген, суық хабарларды күтіп, елеңдеп ұйықтайтын болып еді.

Зеренің аулы осы дегбірсіздік, мазасыздық үстінде үдере көшіп отырып Бақанасқа жетті. Қонғаны кеше ғана еді. Маңында он ауыл емес, қазірде отыз-қырық ауыл оралып қапты. Ертеңді-кеш қалың жиын, қарулы азамат Ұлжан, Айғыз үйлерін күндіз-түні басып жататын болды. Құнанбай Бақанасқа жеткенше осы аулынан кеткен жоқ. Топырдың бәрін осында жиып, ұлықтық әмір бұйрықтарын да осы арадан атқарады. Барлық атшабар, старшын, илер де бүгіндер Бақанас бойында. Бұл атраптағы отыз-қырық ауыл тегіс, ендігі бір өзгеше жиынның ордасы сияқты боп алды. Сияз емес, сайлау емес, ас беріп, ат шаптырған емес. Не құдалық береке де жоқ. Сылтаусыз болса да жиын айықпайтын бір шоқы боп алды.

Абай әкесінің ендігі сырын білмейді. Үлкен кісілер кеп, әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат өліп, үй ішін, аналар көңлін уайым басқаннан бері Абай әке қарекетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалғанды.

Бақанасқа бұл ауылдар жеткен күннің ертеңінде көршілес Жәнібекке, Тезектің Қарашоқысына, Қазбалаға Жігітек, Бөкенші, Көтібақ та жетсе керек еді. Бірақ әлденеден олар келмепті. Сұрастырғанда: кейіндеп, Ақтомар, Қаршығалы, Шақпақ тұстарында қапты деген хабар келді. Егескенде, иінтіресе, таласа көшетін әдет болушы еді. Бастапқы екпін сондай-ақ еді. Не болды екен?

Немене есеппен бұғып қалды екен?.. Осыны үлкенді-кішінің әрқайсысы: «Бұл қалай? Неліктен?» десіп сұрасып жүргенде, түс кезінде Бақанас бойына бір өзгеше хабар шұғыл кеп қалды.

Ызғұттының аулына түсіп, сусын ішіп аттанған Бөкеншінің үш жолаушысы айтыпты: «Бес күннен бері Бөжей науқас еді. Соңғы күнде сол науқастың беті бұзылған тәрізді. Бөжей өзі шоши ма? Болмаса, сақтықта қорлық жок дей ме? Әйтеуір кеше кешке бар жанкүйер ағайынын шақырып, арыздасып жатыр дегенді есіттік» - депті.

Бұл жүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді.

Бақанастың суық бетке әзірленіп жүрген елінің бүгін күні бойғы аузындағы сөзі осы болды. «Арыздасып жатыр дейді! Байсал, Байдалы, Түсіптер жыласып арыздасыпты дейді!», «Науқасының бетінен ағайын шошиды деді!», «Жазым боп кете ме қайтеді?» - деседі. Далада малшы атаулы бір-біріне кездессе, қосақ басында қатындар кездессе, ат үстінде азамат кездессе, ас үстінде үй іштері -абысын-ажын күңкілдессе, тегіс сөйлейтін сөз осы болды.

Осы күннің ертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс болды деген хабар да жетті. Өткен түні, ел жатар кезде жантәслім қыпты.

Бұл хабарды Жұмабай ат үстінде естіп Ұлжан үйіне келгенде, ол үй таңертеңгі шайын ішіп отыр екен. Үйде Құнанбай, Зере, Ұлжан бар. Балалардан Абай, Оспан, Тәкежан отыр еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий