Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жә, бірің бастап, бірің қостамай! Басалқа, басу айтады десе, о несі? -деді.

Ұлжанға Айғыздай зекірген жоқ, кінәлай сөйледі Үй ішінің наразы үнін осылай баспақ. Бірақ онысына Зере болған жоқ.

–Қорқытпа келіндерімді!.. О несі? - деп қатты зекіп қап, ілгері жылжып кеп, екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне аса суық қарады. Абай өз әжесінің мұндай қайратты ашуын бұрын көрмеген сияқты.

Зере Құнанбайға әлі де қадала қарап, түйіліп отыр. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Көзі де шеше көзінен тайқып кетті.

– Айында, аптасында бір көреді. Арыз мұңын саған айтпай кімге айтады?

Қатты болсаң қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің?

«Жер тәңірісі сенсің» деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойныңдағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Айтам ғой, «жер тәңірісімін» десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ. Сен де бенденің ұлысың, анадан туғансың. Менмін сені тапқан. Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп, күңрентіп отырсыңдар, сендер, бізді. Тап енді емін, тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетімегімді! - деп, қатты бұйрық етіп тоқтады.

Үй іші үнсіз еді. Құнанбай тез жауап айта алмай, буылып қалды. Талайдан естімеген үнін есітті; анасының үні - ардың үні боп, қатты қадалып тұр.

– Қайтейін?.. Мен қайтейін?.. Кеше исі Арғынның игі жақсысы бұйырды! -деп, шешесіне арыз шағып бір тоқтады.

Абайдың аса теріс көргені сол бұйрықтың өзі.

– Рақым, мейірбандық жоқ, не деген жаны ашымас, қатыбас байлау сол байлаудың өзі? Тату етер байлау да емес. Көңілге қату бітіретін байлау ғой және Кәмшаттан зорлықпен айырған Жігітекті мұндағы ана, бауыр қайтіп жақын көре алады? Мал алмай, мазасыз масыл жас баланы алғанға олар қайтіп ырза болады? Олардың рақымсыз, надан, топастарына салсаңыз. Кәмшаттың барлығынан да бес байталды артық көрсе қайтесіз? Ендеше, ортамыздағы ең әлсіз, ең пұшайман бір ғарыпты қайда тастап отырмыз? Ит жемеге тастап отырғамыз жоқ па?..

Әкесіне Абай сөзі ұтықты көрінді. Өзі тіпті ойға келмеген соны сөз. Бірақ бұл баласы бір бетке кетіп отыр. Қазақ жолы, ел салты емес, өзге бір сүрлеуге түсіп кетті.

– Әй, шалағай балам-ай, көңілің түзу болғанмен, жолдан тыс жайылып отырсың ғой!

Бағанағыдай емес, енді мынау үйдің ішін күйзелткен жайды бірге ойласқандай. Абайды «шалағай» десе де, ақыл кеңесіне алған сияқты. Және бұған жылы жауап айтқаны Ұлжан, Айғызға да жалына бастағаны тәрізді. Анық соның белгісі. Тағы біраз үндемей отырып барып:

– Ағайын жолы бұлай ма? Араз елді жамастырам деп, қалыңға қыз да беріседі. Күң есепті, қатып есепті береді. Біз, берсек, етбауыр бала қыл деп беріппіз. Қорлыққа бердік пе? Тек сын Бөжей басында ғой. Біле білсе, менің балам оның баласы болмайтын несі бар еді? Жат деп, жау ұрпағы деп, дұспан көріп кірпідей жиырылса, қарыз оның мойнында емес пе? Тіпті жазықты болсам, мен жазықты шығармын. Бесіктен шығарып, адам ұлы деп, соның баурына берген балам жазықты ма еді? Қатын-қалаш, ауыл аймағына тым құрыса соны ұғындыра алмаса Бөжейдің аяқтағы суға ағып өлгені ғой! - деді.

Бұл сөзінде Бөжейді жеңер дәлелі бар еді. Абайдың өзі де өмірінде алғаш рет Бөжейден түңілгендей боп қайтқан. «Қатыны ант ұрған болса, ең болмаса жөнге салса нетті?» - деп ойлаған. Бұл ойын бағана жолшыбай Ғабитханға айтқан-ды.

Ұлжан мен Жұмабай және Айғыз боп Бөжейдің қатынын кінәлады. Ол жақтан жаңғыз аяқтап кеп жатқан суық қатал сөздердің бірталайын айтысып етті. Айғыз тұп-тура аямай: «Дұспандық етіп жүрген Бөжейдің қатыны» деп байлады.

Осының ертеңінде Құнанбайдың сәлемімен Бөжей аулына Жұмабай барып қайтты.

Көршілес, қартаң қатынның бірін Айғыз да Бөжейдің бәйбішесіне жіберген.

Оған:

– Балама өгейлік қып отыр. Ақылы болса, ары болса, бүйтер ме еді?

Күтімсіздікпен дертті қыпты, - деген кінәлар айтқызды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий