Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жалғыз ауыл болмайсыңдар. Неге жалғыз ауыл боласың? Тіпті сол Жидебай, Мұсақұлдағы Көлқайнар, Шүйгінсудағы Ырғызбай, Жуантаяқ, Қарабатырдан кем қойса, он ауыл сендерге ере көшеді. Бәріне де сәлем айтам! -деді.

Жуантаяқ, Қарабатыр дегендері Құнанбай ауылдарын жағалап жүретін, қысы-жазы бірге көшетін момын көршілер еді. Абай оны да мақұл көрді.

Осымен Жидебайға қайтып кетті.

Тоғжанды тағы көру үміті Абайдың Қарашоқыдан алып қайтқан зор олжасы сияқты. Жол бойында бар дүниені ұмытып, бір Тоғжанның елесін көз алдына келтіріп, нелер ыстық қиялға батты.

«Өмірдегі ең бірінші жалғызым, барым» дегендей неше түрлі еркелеткен нәзік сөздер өз-өзінен сан рет айтылып келеді.. Жас жүрегі соғып қана қоймайды, қазіргі Аймаңдай аттың асығыс дүсіріндей дүбір шығады. Бұл шақтағы барлық сезімі құр ғана жас тіршілік белгісі емес, кеуде тола лаулап жанған жалындай.

Қарашоқыдан Жидебайға шейін қатты жортып жүріп еді. Екі аулының арасында дәл осы күндей шапшаң жеткен күні жоқ. Қалайша оп-оңай келіп қалғанын өзі де байқамады.

Жидебайдағы ауыл да киіз үйге тегіс шығып алған екен. Биыл Қарауыл суы мол боп тасып, Жидебай, Мұсақұл үстіндегі кең қорық көк жайқын қалың шалғын боп келе жатыр еді. Көп үйлі ауыл кеш мезгілінде біртүрлі бейілді, қоналқаға көңілдене шақырып тұр. Ауыл айналасы қалың қой. Қозы жамырап, иттер үріп даңғаза боп жатыр екен.

Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып болған соң көші-қон жайын айтты. Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай, көктемдік қоныстарға барушы еді. Ұлжан солай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен.

Жайлау биыл ерте көктеді. Шыңғыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға асығып отыр. Сондықтан бұл ауыл да дүрмектен қала алмайды.

Ол жағын Ұлжан ұқты. Бірақ, баласы ойлағандай тез көше алмайтынын білдірді. Үй ішін жеңілейту, теңдер буғызу, жатақшының жазғы күнін бейқам ету, баршасы да бұл ауылды не қылса да бес-алты күн бөгемекке керек.

Абай өз ішінен: «Сүйіндік аулы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді-ау» деп тынышсызданып еді. Шынында сыйлас ауылмен немесе достас жандары бар ауылмен қатар көшкен қандай қызық. Ертелі-кеш бірге көшіп, бірге қонып отырса, күндіз-түн көрісе жүрудің сылтауы көп. Бірақ шешесінің байлауы жаңағыдай шаруа жағына келгенде, бұзылмайтын байлау болады.

Ондайда Ұлжан Құнанбайдың айтқанын да орындамай, өз билігімен кететін.

Көңіл қаншалық қиял құшып, аласұрса да, Абай амалсыз көнді.

Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтты.

Естігенінің ешбірін қалдырмай, қатты айтты. Жыласа да, күйзелсе де, шешелерді аяймын деп Кәмшат жайын бүркеу мүмкін емес.

Зере күрсініп, күңіреніп кеп, Құнанбайды жерледі. Ұлжан үнсіз, жым-жырт, қиналып отырып-отырып Абайға:

– Осы естігеніңнің бірде-бірін Айғызға айтпай тұра тұр. Онсыз да қан жүрегі қақ жарылып жүр ғой. Бүгін таңертең: «Түс көрдім, Кәмшат жер ошаққа жығылып қалып, үсті-басы лаулап жанып барады екен» - деді. Сүйіндіктің қатыны аналық мейірімі бар кісі. Бәрінен де соның айтқаны тек емес қой.

Шыңғысқа жетейік. Сонан соң өзің қасыңа бір ересек кісіні ерт те, тура Шырақтың аулына барып, Кәмшатты өз көзіңмен көріп, бар жайын біліп кел.

Айғызға содан кейін айтып, әкеңмен шындап сөйлесейік, - деді.

Байлау осы болды.

Сол кештен он шақты күн өткен шамада Құнанбайдың үлкен аулы Ақбайтал асуынан асып барып, Шыңғыстың сыртындағы Жігітек, Бөкенші жайлауы болған Қопаның аузына қонды. Құнанбайдың айтқанындай он шақты ауыл боп көшіп келіп еді. Дәл бүгін осы қонысқа жеткенше бұл ауылдар өзге Шыңғыс бөктерінен көшкен Бөкенші, Жігітекті қуып жете алмаған. Ең шабан көшкен ауылдар болған-ды.

«Алғаш үлкен ауылдың ерулігі» деген табақ-табақ еттер, саба-саба қымыздар, көп-көп қыдырушы қатындармен ілесе келіп-келіп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий