Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ойдағыңыздың бәрін айтыңыз, ақсақал! Жеткіз дегеніңіздің бір ауызын қалдырмай апаруға уәде қылайын. Мен тек екі арадағы сәлемшімін. Дегеніңізді жеткізбей кетсем, я бұрсам, қиянат болмас па еді? Мойнымда қарыз қалдырмаспын!

Байдалы мына сөзге әбден қанағат қылды. Бала көргені - бала емес тәрізді.

– Ендеше жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам, әкеңнің өз көзіне айтқаным! - деп, аз бөгелді де, - «Татуластық, табыстық» деп ек кеше тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек? Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп, би сайлап еді. Өз баласы, өз туысы жоқ емес еді ғой сонда. «Осы болсыншы» деп бермеп пе-еді? Ал, бұл болса, бүгін мінеки, алысқа абыройы асса, айналып кеп Жігітекті жаныштайды. Жақынға жауықса, жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір жібімей кеткені ме үстіп? Шапқа түрте-түрте барып, ақыры бір күн «Өлермен бол да, отқа түс, соныңды көрмей тоқтамаймын!» дегені ғой мұнысы. Қоймас болса сол қолқасын алар. Алмай тынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес, «Жігітек сәлемі» деп айт осыны!

Ал мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тапсын, тағы алсын! - деп, қолын бір-ақ сілікті де тоқтап қалды.

Үй іші жым-жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Әуелде толтыра құйылған іркіт қазір бірер қайнап қалған екен. Кемерінен орта түсіп, шымыр-шымыр қайнайды.

Жаңағы Байдалының ашулы сөздерінің тұсында Абай көзі қазан бетіне түсіп еді.

Қоюланып бара жатқан ыстық құрттың ортасы кей кезде көпіршік атып сақылдап қайнайды. Сол көрініс тап Байдалы ашуындай. Қайнауы жеткен ашу қызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті әр тұстан бұрқ-бұрқ етеді. Ол-дағы осы елдегі әр жерден шаң беріп жатқан Құлыншақ, Сүйіндік, Бөжейлердің ашулары сияқты.

Шынында жаңағы аз ғана сөз талай терең түкпірдің үстін басты. Талай түйінді түртіп өтті. Талайдан теріліп жүрген желісі ұзын дау, себебі мықты кінәлар жатыр.

Абай Байдалы сөзіне орай айтпақшы емес. Бірақ жақсы, жаман деп сыр да берген жоқ Сәлемдерін ұғып болып Байдалыға қош айтпақ болып еді.

Қамшысын ұстап, тымағын киді. Осы кезде Байдалы тағы бір ырғала түсіп:

«Әлі де тыңдап кет!» дегендей белгі етті. Абай тымағын қайта қолына алды.

Қазір Байдалы біржолата өзгерген сияқты: кең, баяу, байсалды үнмен тың әңгіме бастады. Абайға енді күлімсірей қарайды. Бұл пішіні жаңағы Байдалыға тіпті ұқсамайды.

Үлкендердің әралуан кең мінезі, терең сыры болатыны бар ғой. Бірақ тап мынадай, ашуы мен сабырын оңай жұмсап, оңай тежеп, оп-оңай бұрып салып отыратын шын ұстамды адамды Абай осы Байдалыдан ең алғаш рет көріп отыр.

Жаңағы ашумен күйген Байдалы енді майда қоңыр үнге түсіп:

– Осы өздерің көріп жүрген Қаратай бар ма? Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек! Шіркін, тек қана азғантай Көкшеден шықты ғой. Егер Олжайдан туса, өрісін көрер ең! - деп, біраз отырды да... - Тақауда әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар - барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы:« Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқ-ты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза - Құнанбай» - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім!» деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» - деді. Екі бел асты.

Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы - Құнанбай» - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: - «Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» деп, Қаратайға қадала түсіп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий