Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен?» - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уәй тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе?

Жалғыз-ақ «ие қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» деді. Сөз ұғатын бала сияқтысын ғой! - деп, Байдалы осы тұста Абайға сығырая қарап отырып, - дәл осы сөзді сенің әкең естімеген болар. Осыны да айта баршы.

Кешірімі, мейірімі жоқ екенін Көкше неше жерде көрді, білмеймін. Бірақ Жігітек соның жоғын күнде кереді. «Кештім» дегенін бірде-бір көрмей-ақ кеттік қой! - деді.

Жол бойында ешбір жерде Абайдың аялдағысы келмеді. Оңай емес, әлдеқалай емес, бүгін естігені ерекше. Байдалының аулынан ұзаңқырап шығысымен Қарабасқа:

– Жүр, жарысайық! - деп тебіне жөнелді. Қарабас жарысты оншалық жақсы көрмеуші еді. Бірақ Қарашоқыға күн барда жету үшін қатты жүрмесе болмайды.

Және бұның астындағы - ақтабан қара бедеу, қасқыр соққан жүйрік бие болатын. Аймаңдай аттан күйі де төмен емес.

– Ал жүре ғой! - деп, о да жөнелді.

Екі жолаушы ұзақ шапты. Аймаңдай ат пен қара бедеу кезек озысып, қатты желісіп келеді. Өзі озған кезде, Қарабас: «Тоқтайық!» деп іркіле берсе, Абай қуып жете беріп:

– Тоқтама, жөнел! Жөнеле бер! - деп, атына қамшы баса береді. Қарабас өз ішінен:

«Мына балаға Байдалы сөзі дөп тиді-ау! Ширығып келе жатқаны сол-ау!» деп ойлаған.

Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып Қарашоқыға жетті.

Ауыл сыртында кішкене тастақ төбе бар еді. Құнанбай Майбасар екеуі сонда отыр екен. Абай аттан түсе бере, шылбырын Қарабасқа тастады да аял қылмастан әкесіне қарай тартты. Құнанбай ауылдан қашық отырса да, бұлардың қатты жүріп келгенін аттарының сонау алыстағы ажарынан байқап еді. Қара бие ауыздығын шайнап, тыныштық ала алмай кермені сүзе тартып тұр.

Құнанбай көзіндей, мал сырын бұлжытпай білетін көреген көзге сол белгінің өзі де жеткілікті.

Бірақ ол жайға Құнанбай онша шіміркенген жоқ-ты. Тегінде, балаға ат қинайсың, шаруа күйзелтесің! - деп ұсақ мазасыздық жасамайтын. Сондықтан баланың біреуі аттың аяғын көтеріп немесе зорықтырып өлтіріп қойса да ұрыспаушы еді. Абайға мұндай дүниелік жайында ешуақытта тарлық еткен емес-ті. Қазіргі де қатты жүрістерін жай балалық, желік жарыс қой деп білген.

Бірақ ол өз бетіне. Ал мынау Абай үйге кірмей, асыға басып дөң басына келеді. Жақындап келген уақытта әкесі қадағалап қарап еді. Баласының екі көзі от шашып, беті қызғылттанып, танауы да желбірей түседі. Барлық жас ажарында бал-бұл жанған бір құбылыс бар. Әншейіндегі салмақты, қоңыр баяу Абай емес.

Баласы тақап келгенде, Құнанбай:

– Немене, балам? Неден ширықтың, жөніңді айтшы! - деді.

Абай әкесінің төменгі жағына отыра беріп, өз ішіндегі көңіл күйін дәл тапқанына қайран қалды.

Отырысымен көп күттірген жоқ. Бүгін Байдалыдан есіткен сөздерді бұлжытпастан, жалғыз түйірін қалдырмастан түгел айтып шықты.

Әкесінен көз алмай қарап отырып сөйледі. Құнанбай басында мұны аса салқын тыңдады. Тек «Жігітекті жаныштаудан тоқтамады ғой!», «босаспады ғой!» деген сияқты Байдалы дауына жеткен жерде ғана қабағын лезде қатты түйіп ап, Абайға тіксіне қарады. Баласының өзін барлап: «Осының өзі қандай?» дегендей.

Абай әке көзінен жасқанған жоқ. Байдалының дауын соншалық зілді, ұтымды күйде айтумен қатар, мына бала өз сұрағын да осы араға қосып отырған сияқты. Әке мен бала ең алғаш рет шындасып бет ашысатын белге келгендей еді.

Бірақ Құнанбай өз баласы туралы екі ұшты болуын тез жойып, Байдалы сөзінің салмағына сөз салып кетті. Есітті, ұқты. Жалғыз-ақ түк шіміріккен жоқ.

Ашумен демігіп, ернін шығарды. Өз байлауы өз ішінде. Жауап айтқан жоқ.

Абай әкесіне осы сәлемді әкелгенде, тым құрса бір шешілер, бір сөйлесер деп еді. Ол болмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий