Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Байдалының алғашқы сөзін естіртіп бір тоқтаған еді. Одан тың сөз тумаған соң Абай аз отырып, Байдалының соңғы әңгімесін айтты. Бұл Абайдың, әсіресе, «жауап айтар, не айтар екен?» деп асығып күткен жайы еді.

Құнанбай баласының осы көңілін анық таныды білем. Қаратай мен Байдалы үшін болмаса да, өз баласы мен өз туысы үшін бір жауап керек. Ол тіпті аналардың орайын беру үшін, әсіресе, керек.

– Қаратай жүйрік қой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бірақ өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанам. Жақсылық - кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар! - деп, үндемей түнеріп отырып қалды. Дау айтқан кісі жоқ.

Абай әкесінің жауабын ғана білмек еді. Ойландыратын жауап естіді.

Құнанбай аздан соң ғана барып, әлгіден де жуасыңқырай түсіп:

– Адам бенде ғой! Бенденің жоқ-жіті толған ба? - деді.

Қияласа да өз мойнына кінә алып отыр.

Бұл кезде Абайға әкесі жадағай көрінбеді. Кінәға, дауға жүйрік Байдалы сияқты емес. Ол шешендіктен көрі басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес. Қабат-қабат шың сияқты.

Құнанбай өз ойымен кетсе, Абай өз көңіліндегі түйінін аяқтата алмаған, өз дағдарысымен кетіп еді.

3

Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. Құнанбай үлкен аулына тез көшсін деп бұйрық берді. Бірақ биылғы көш жолы жылдағыдай емес. Бұрын Құнанбайға қараған ауылдар осы Қарашоқы тұсына жиылып ап жайлауға қарай жөнелгенде, Шыңғыс тауынан Бөкенші асуын басып асушы еді.

– Қазір бұл тұсқа келмей, Қарауыл өзенін өрлеп барып, Ақбайтал асуынан асыңдар! - деді. Және жазғы жайлау сол асудың тұсымен баратын Бақанас суы болды.

Бақанас, Байқошқар - бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. Шыңғыс сыртындағы мол жайлаудың ең арғы шеті сол екі су. Бірақ Құнанбай ауылдары бұрын Байқошқарды қоныс ететін де, Бақанас өзені Көкшеге тиісті еді.

Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенің жайлауына ортақ болғысы келгендей.

Бұның аржағында бірталай есеп бар. Осы жазда Жігітек, Бөкенші, Көкше боп тағы да қайтадан бас құрасатын сияқты. Кешегі Байдалы айтқан сәлем тегін емес. Астыртын шеп біріктіріп жатқан елдің дақпырты тәрізді. Ендеше солардың әралуан шиырын, сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін Құнанбай өзіне қараған елдің біразын, дәл сол елдің арасына таман кірістіріп жіберу керек.

Жайлау аралас болса, қыдырыс-жүріс аралас болады. Сыбаға, қонақасы аралас болады. Сүйтіп мал басы түйісіп отырса, ел тарту оңай. Ал, мұндай есепке Зере отырған үлкен үйдің барғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең бейіл, мырза.

Оның асы мен көлігі, ең шырайы адамды дос етеді, тарта біледі. Ішіне қан қатқан, сонау қатты жаулық болмаса, ет пен терінің арасында жүретін уақ-түйек өкпені жуып-шайып отырады. Осының бәрі Құнанбайға ел әпереді.

«Ақбайталды басып, Бақанасқа қарай көшіңдер! Бөкенші, Көкшеменен қоныстас болыңдар!» - дегендегі Құнанбайдың ішкі есебі осы болатын.

Абай әке есебін білген жоқ. Тек өз аулының жекеленіп көшкенін лайықсыздау көрсе де, іштен аса құпия түрде бір қуаныш сезді. Қарауылды өрлеп көшу, Бақанасқа шейін бару жаз бойы Сүйіндік ауылына жақын жүру деген сөз. «Өмірі қосылмас-ау, жуықтамас-ау!» - деген өмір соқпағы енді мұны күтпеген кезде Тоғжан ұясына жақын апарды.

Соңғы күндердегі барлық жеңіл, ауыр сезімдердің баршасының қатарында Тоғжан бейнесі жас жігіттің көз алдынан кеткен емес-ті. Абай толқыған қуанышын жасыра алмады. Әкесіне белгісіз себептен қып-қызыл боп өзгеріп кетті. Құнанбай бұл өзгерісті байқаса да себебін сұрамады. Әрине, Ақбайталға қарай көшуге Абай қарсы болған жоқ. Жалғыз-ақ өз топтарынан бөлегірек жайлайтын болған соң, жалғыз ауыл кету тағы қолайсыз. Соны ғана ескеріп еді.

Құнанбай бұл жағын да топшылап қойған екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий