Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сүңгі, сүңгі! Тағы сүңгі! Солай! - деп бұйырып келе жатып, бір сәтте, жолындағы Смағұлдың арқасына секіріп мініп алды. Смағұл мұны лақтырып, түсіріп тастаймын деп бұлқынып еді.

– Иә, жығарсың? Сен түгіл қысырдың асау тайы - ақ тай да жыға алмаған Оспанды. Қанша мөңкісең де түспеймін! - деп, Смағұлдың мойнын құшақтап қысып ап, екі аяғымен тепеңдеп тебініп қояды.

Смағұл Оспанның зорлығына еріксіз көніп, жүгіріп жортып, Абай қасына келді де суға Оспанмен бірге шолп етіп құлай кетті.

Абай Оспанның тентектігінен мезі болатын. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. Тіпті ыза қыла берсе, зекіп ұрсып, қуып жіберетін.

Қазірде де Оспандар шулап келгенде, Абай жақтырмай, тайқып шықты.

Киіне бастады.

Оспан Абайдың тұнжырлығын елеген жоқ.

– Абайша сүңгимін! - деп, саяз жерге етпетінен жата қалады да, артын тоңқитып, мөңкіген тайдай, екі аяғын шапшыта береді.

Абай асықпай киініп боп, енді үйге қайтпаққа артына бұрылып еді. Жар жағасына Тәкежан кеп тұр екен. Сұлу киінген әдемі бозбала Тәкежан ат үстінде, қолында қаршығасы бар. Астындағы жирен жал құла дөнені қатты терлепті.

Күміс жүгеннің ауыздығын тістеп, әрлі-берлі көлбектеп, ет қызуын баса алмай тұр.

Тәкежанның қанжығасында бір сары ала қаз, екі үйрек бар екен. Барлық бала соны көре сала:

– Ей, аға!..

– Әй, ағатай, маған!..

– Маған!.. Маған берші! - деп, судан ырши-ырши жүгірісті.

Тәкежан құс салып қайтқанда, осындай алдынан шығып жүгірген балаларға, кейде, аң олжасын беретін. Бірақ, балаларды шетінен зар қақтырып, жалындырып, көп-көп сұратып барып қана береді.

Тез бермейтінін біліп, балалар да талмай сұраушы еді.

Тәкежан Абайға қарап мақтана күлді. Өзінің жігіт болып қаршығаға құс ілдіретінін Абайға әрқашан бұлдаушы еді. Оны әлі өзінің шерігіне де татымайтын бос, болбыр бала көретін. Өйткені Тәкежан осы жазда қайнына да барып келді. Өзінің жігіт-желең жолдастары да бар. Қазірде түн сайын қыз аңдып, ауыл-ауылды шулатып та жүреді. Абай ондайдың біріне жараған жоқ.

Оспан мен Смағұл Тәкежан қасына қатар жалынып, жүгіріп барып еді.

Тәкежан ол екеуіне үлкен кісіше зіл тастап, әуелі боқтап алды. Абайдан бөлек, бір үлкендік белгісі тағы осындайында. Ол аса боқтампаз. Құнанбайдың алдында мысықтай үндемей отырып, былай шыға бере, бала-шаға, малшы-жалшыны сықпыртып боқтап жүру оның дағдысы болған.

Оспан мен Смағұлды жалындырып алды да, екі үйректі қанжығасынан шешіп беріп жатып:

– Жаман енеңді... қос қара! Ертеңді-кеш суды лайлағанша, тым құрыса, бүлдірген терсеңдерші! - деді.

– Бүлдірген?

– Қай бүлдірген?

– Бүлдірген қайда?

– Ей, ағатай, айтшы! - деп, Оспан мен Смағұл тағы жалынды.

Бала атаулының, жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Бірақ, Бақанастың өз өңірінде ол өспейді. Өзге қай жерде бар? Пісті ме, жоқ па?

Онысынан да әлі хабар алысқан жоқ-ты.

Бүлдірген дегенде Абай да елең етіп, сұрастыра бастады. Тәкежан жаңа ат үстінде жүріп естіпті. Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар. Соның анау қара адырының ар жағында, Шыңғысқа қараған бас жағында бүлдірген тұнып тұр деп естіпті.

Бүгін-ертең ол араға Жігітек, Бөкенші көшіп келеді. Ел келсе, мыналар тере алмай қалады. Ендеше асығыс барып, теріп қайту керек.

Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала алағызып:

– Жүр ендеше барайық!

– Барып теріп қайтайық!

– Жүріңдер!

– Ал, ат ұстаңдар!

– Иә, сәт бүлдірген, бүлдірген! - десіп, бар бала ойнақ салды.

Бүлдіргенге баруға Тәкежанның өзі де әзір екен. Ол Абайға да: «Жүр!» -деді. Абай ойланып, баяулап тұрды да, ақырында тым құрыса атқа мініп сергіп келмек боп қоса көнді.

Сонымен, бір шай қайнатым арасында Абай, Тәкежан бастаған барлық ұсақ бала тай-құнандарына мініп-мініп ап, желе шауып, шыға келісті.

Араларындағы үлкендері Абай мен Тәкежан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий