Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сырттап бара жатқан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен.

Атқа отырысының өзінде де бір нәзік-еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап ерілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады. Сонау сағынышты көктемде көңіл өртеген, одан бері де көзін жұмса әрдайым құлағына шылдырлай түсіп, былдыр етіп: «Есіңде бармын ба!» деп кететін осы шолпының осы үні.

Өзгеше көрініс, лезде бұлт сөгіліп, сұлу айды жарқ еткізгендей болды.

Абайды естен тандыра биледі де, өзгеше бір нұр шұғласына бас идіргендей боп кетті. Бірақ бұл сезім бір ғана сәт еді. Осымен қабат жас жігіт көңіліне тағы талай алай-түлей ұйтқып кеп, бір өзгеше жүрек құйынын соқтырғандай болды.

Жылаған Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш, иесіз, тұл кетіп бара жатқан анау қаралы киім, тұл ат - баршасы осы барлық қауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең түсіндірді. Жаназаға шақырмай, Құнанбай қылмысын кешпей, жылау зарына араластырмай келе жатқан осыншалық мол қауым. Ортасында Тоғжандай гауһары бар қауым Абайларға «Былай тұр!

Көрме! Саған рұхсат жоқ!» дегендей суық, қатал. Бірақ, әділ үкім айтып бара жатқан сияқты. Абай жүрегіне бұл серпу өзгеше өкініш, өксік әкелгендей.

Жылаған ғашығы, жылаған жақын бауыр, қауым ел, өліп кеткен кешегі Бөжей - баршасы да Абайдың өз басын да жазалағандай. «Мен жазықты ма едім!» дегендей болса да, налытып тұрып кіналағандай. Бұл әсіресе ауыр толқын. Абай үнсіз мүлгіп, зарлы жоқтауды бар жанымен тыңдап тұрып, өзін-өзі де, бар дүниені де ұмытып кетіпті. Бір сәтте қасында тұрған біреу түртіп қап:

«Жүрейік» дегендей болды. Абай жаңа оянғандай, алаң етіп жалт қарады.

Тәкежан екен. Ол Абайдың түсін көрді де, тыжырынып, кекете күліп:

– Өй, неменеге сораңды ағызып тұрсың, - деп, тіпті зекігендей.

Абай қабағын қатты түйіп, селт етіп, бетін сипады. Жыладым деп ойлаған жоқ-ты. Көзінен үнсіз ауыр, ыстық тамшылар ағып кеткенін байқамаған екен.

Үлкен көш өтіп кетіпті. Артқы көштермен екі арасында ұзақтау алаң пайда болған екен. Тәкежанмен бірге барлық топ қозғала берді.

Бағанадан бері тайының жалын құшып тұрған Оспан ыржақтап күлуден әлі басылмаған. Енді басын көтеріп ала сала, қасындағы бір баланың тымағын жұлып алып, теріс киіп жіберіп, сақылдап күліп, ақ тайды тебініп кеп қалды.

Қалжақ пен тентектікке есі-дерті кетіп қалған Оспан ақ тайдың асау екенін ұмытып кетсе керек. Жайбарақат еркін отырып, тақымын да қыспастан тебініп қалғанда, ақ тай секіріп мөңкіп кеп кетті. Оспан тізгінін де қымти алмай қалып еді. Байқаусызда тулаған тай тентек баланы оп-оңай ытқытып, топ ете түсірді.

Бірақ Оспан жығылса да, есінен жаңылған жоқ. Тайының шылбыр-тізгінінен айырылмай, жабыса түрегелді. Түк көрмегендей ыржақтап күліп, екі беті нарттай жанып тұр. Ақ тайға ес жиғызбастан қайта қарғып мініп алды да, борбайлай қамшылап, құйғыта жөнелді.

Өзге балалар да шаба жөнелісті. Тәкежан мен Абай жай аяңдап қозғалды.

Тәкежан інісіне жаңағының үстіне тағы да бір үлкендік көрсетпек болды.

– Баламысың, жоқ қатынбысың? Сен ненің ақысы деп жыладың осы? - деді.

Абай Тәкежанға енді ыза болды. Кінәлай сөйлеп, қарсы ұрысты.

– Сенің үлкен боп, ес білгенің со ма? Бауыр емес пе еді? Бөжекеңе өзің неге жыламайсың?

– Е, жыласатын не қалып еді? Жаназасына да шақырмай қойған жоқ па?

Соны да ұқпаймысың?

Ұққан екенсің, қарқ қыпсың! Шақырмаған тірілер! Сол үшін өлі Бөжей жазықты ма?

– Бөжей әкеңмен араз болғандықтан шақыртпады!

– Бәсе араздық... сол араздыққа кім кінәлі? Кім жаулықты көп етті? Соның бәрінің ақ-қарасын сен айырып, танып болған шығарсың?

– Болайын, болмайын, мен әкемнің жағындамын!

– Бәсе, одан да соныңды айтсаңшы! «Үлкенмін, ақылым бар, кісіге де ақыл айтам» дейсің! Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ереді дейсің ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий